Лекция тақырыбы. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі



бет1/6
Дата23.09.2022
өлшемі169,32 Kb.
#150485
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
слайд 3
psyclin 2013 2 Majzel

3-лекция тақырыбы. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі.
1. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Болашақ педагогтарды инклюзивті білім берудің ерекшеліктерімен және Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесімен таныстыру.

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесіyне назар бөлсек, қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

  • Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесіyне назар бөлсек, қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Xx ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады.
Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет