Лекция Тақырыбы: Жеке қорғаныш құралдары



Дата24.10.2023
өлшемі14,65 Kb.
#188020
түріЛекция
Байланысты:
13 Еңбекті қорғау


24.10.2023ж 7-лекция Тақырыбы: Жеке қорғаныш құралдары
1. Жеке қорғаныш құралдарын классификңациялау
2. Тыныс органдарының жеке қорғаныш құралдары
3. Электр тогымен зақымданудан жеке қорғаныш құралдары

Қорғаныс құралдары қолданыс мақсатына қарай жеке бас қорғанысы мен сақтанудың санитарлық жəне кезекші қорғаныс құралдары болып бөлінеді. Жеке бас қорғанысы мен сақтану құралдары — бұл жұмысшыға қауіпті, əрі зиянды өндіріс факторларын жоюға немесе қажетті деңгейге дейін азайтуға арналған құралдар. Бұлар ұжымдық қорғаныс толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын, оларды қолдану техникалық яки экономикалық тұрғыдан мақсат-мүддеге сай емес не болмаса белгілі бір өзгеше жағдайда мүмкіндік жоқ (мысалы, тым үлкен ыдыстарда, құдықтарда, қазандықтарда жəне басқа) кезде қолданылады. Қызметкерлерге жеке бас қорғанысының қажеттілігі белгіленген ережеге сай жұмыс орындарындағы еңбек шартының ахуалын тексеріс нəтижесінің негізінде анықталады жəне типтік нормалар бойынша арнайы киім, аяқкиім жəне басқа да жеке бас қорғаныс құралдары сертификация мен декларациядан өткен жұмысшыларға белгіленген тəртіпке сəйкес тегін беріледі Жұмысшыларға берілетін жеке бас қорғаныс құралдары олардың жынысына, бойына, өлшеміне жəне олар істейтін жұмыстың түрі мен шартына сай болуы керек. Жұмысшылардың іс жүзінде қолдану тəжірибесін қажет ететін жеке бас қорғаныс құралдары берілгенде (респиратор, противогаз, қорғаныш белдіктері, масапана,каска жəне басқа) жұмыс беруші жұмысшыларға жеке бас қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану, олардың жарамдылығын, бұзылмағандығын тексерудің қарапайым тəсілдерін үйретуді қамтамасыз етуге жəне тəжірибелік жаттығулар өткізуге тиіс. Жұмысшылар белгіленген тəртіп бойынша берілген жеке бас қорғаныс құралдарынсыз жəне жарамсыз, бұзылған жəне ластанған жеке бас қорғаныс құралдарынсыз жұмыс басына жіберілмейді. ГОСТ 12.4.011—89 «ССБТ. Жұмысшыларды қорғау құралдары. Жалпы талаптар мен классификация» құжатына сəйкес жеке бас қорғаныс құралдары төмендегідей түрлерге бөлінеді: ■ Арнайы киім (костюм, комбинезон, халат, шолақ тон, алжапқыш, пневмокостюм жəнебасқа); ■ Арнайы аяқ киім (етік, ботинка, туфли жəне басқа); ■ Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары (противогаз, респиратор); ■ Қол қорғау құралдары (қолғап,биялай); ■ Басты қорғау құралдары (каска, шлем, телпек); ■ Бетті қорғау құралдары (бет перде,қалқанша); ■ Көзді қорғау құралдары (көзəйнек); ■ Есту мүшелерін қорғау құралдары (шуға қарсы құлаққап, тығын); ■ Жоғарыдан құлаудан қорғайтын жəне басқа сақтандырғыш құралдар (қорғаныш белдіктері, ди¬электрикалық кілесшелер, тізеқаптар, шынтаққаптар, ма¬нипуляторлар жəне басқа); ■ Теріні қорғау құралдары (жуынатын паст, крем, мазь түрлері);


2. Тыныс органдарының жеке қорғаныш құралдары Тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдары жұмыс орнындағы зиянды ауаның əсерінен ұжымдық қорғаныс қамтамасыз ете алмайтын жағдайда жəне үлкен ыдыстарда, құдықтарда жəне т.б. жерлердегі апат зардабын жою, жөндеу жұмыстарында зиянды газ, бу жəне шаңнан сақтануға арналған. Жеке бас қорғаныс құралдары тыныс алу мүшелерін шаңнан, зиянды газ бен будан жəне адам денесі мен тыныс алу мүшелерін теріден өтіп кететін уытты заттардан қорғайтын түрлерге бөлінеді. Тыныс алу мүшелерін шаң-тозаңнан, зиянды газ бен будан қорғайтын құралдар қатарына респираторлармен противогаздар жатады.
3. Электр тогымен зақымданудан жеке қорғаныш құралдарыЭлектр тогынан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары жұмыс істеп тұрған электр қондырғылармен жұмыс істейтін қызметкерлерді немесе оларды жөндеумен айналысатын адамдарды электр тоғынан қорғауға арналған. Олар қызметі мен міндетіне қарай оқшаулағыш, шектеуіш жəне көмекші түрлерге бөлінеді.Оқшаулағыш құралдар негізгі жəне қосымша болып ажыратылады. Негізгі оқшаулағыш құралдар жұмыс істеп тұрған ток жүретін бөліктерді ұстау қажет болған жұмыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Кернеуі 1000 В қондырғылар үшін қолданылатын негізгі құралдар қатарына: оқшаулағыш штанга мен қысқаш; диэлектрлік қолғап; тұтқасы оқшауланған аспаптар жəне ток өлшегіш қысқаш жатады.
Қосымша оқшаулағыш құралдар негізгі құралдардың тиімділігі олқылық танытқан жағдайда толық сенімділік үшін қолданылады. Диэлектрлік бəтеңке мен галоштан өзге, бұлардың қатарына резеңке кілемше, алаша жəне оқшаулағыш тұғырық жатады. Жұмыс істеп тұрған бөлшектерге тек қосымша құралдар ғана пайдаланып жақындауға болмайды. Қорғаныс құралдарын пайдаланбас бұрын тексеріп алу керек, ал диэлектрлік қолғаптың бүтін екендігін анықтау үшін оның саусақтарын бір жағына бұрау арқылы тесік бар-жоғын тексереді.
Шектеуіш құралдар электр көзі уақытша өшірілген аймақтарда жұмыс істегенде қолданылады. Олардың қатарына уақытша қалқандар, жылжымалы плакаттар мен бір ұшы жерге қосылған сым секілді құралдар жатады. Жерге қосылған қорғаушы сым өшіп тұрған аймаққа кенет кернеу берілген жағдайда жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Көмекші құралдар адамды тікелей электр тогының əсерінен емес, оның көз шағылыстыру, электр доғасынан болатын күйік, биіктен құлау секілді зиянды жəне қауіпті факторларынан қорғауға арналған. Бұл құралдардың қатарына қорғаныш көзəйнегі, қолғап, сақтық белдігі жəне «тырнақ» жатады.
Тапсырмалар
1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Жеке бас қорғаныс құралдары іштей қалай жіктеледі?
2. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын қандай жеке бас қорғаныс құралдарын білесіз?
3. Электр тогынан қорғайтын қандай қорғаныс құралдары негізгілері болып табылады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет