Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы



бет1/2
Дата10.03.2017
өлшемі143,46 Kb.
#11290
түріАнализ
  1   2

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы


«№26 Т.Өстеміров атындағы жалпы орта мектеп»

коммуналды мемлекеттік мекемесінің биология

пәнінің мұғалімі Смаилова Марал Шабазқызы.

9- сынып биология

Сабақтың тақырыбы:Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі

Сабақтың мақсаты: Оқушылар бейімделгіштік- адаптация туралы ақпарат ала отырып, тірі ағзалардың қорек талғау, бейімделу,климаттық бейімделу, қорғаныш реңдер туралы білу және  тірі ағзалардағы қорғаныш реңдердің үш типтерін ажырат алу. Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіну.

Күтілетін нәтиже :

Білу

Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы біледі

Түсіну

Бейімделгіштің түрлерін оқып, түсінеді

Қолдану

Алған білімдерін қолдана отырып,берілген тапсырмаларға қорытынды жасай алады.

Анализ

Алған білімдері негізінде бейімделушіліктің түрлеріне сараптама жасай алады.

Синтез

Қорғаныш реңдердің үш типтерін берілген ағзалардан ажырата алады

Бағалау

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жаза алады.


Сабақтың құрылымы :

І. Ақпарат блогы

ІІ.Логикалық тапсырмалар блогы

ІІІ. Жаттықтыру жіне білімді есепке алу блогы

ІҮ. Интеллектуалдық тренинг блогы

Ү. Күтілетін нәтиже блогы



Оқыту әдісі: Диологтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , оқытуда АКТ-ны пайдалану

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Топтық жұмыс,жұптық жұмыс арқылы оқушыларды сабаққа түгел қатыстыру

Танымдық тапсырмалар : интербелсенді тақта, «Организмдердің бейімделгіштігі» кесте, логикалық тапсырмалар.Постер қорғау.

Негізгі ұғымдар мен терминдер : бейімделгіштік, қорек талғауға бейімделу климаттық бейімделу,қорғаныш рең,еліктеу, көрнекілеу реңі

Сабақты бағалау : Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау .Формативті бағалау.

Үй тапсырмасы: Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен? Дәлелді мысал келтір.

Сабақтың барысы:

І. Ақпарат блогы

Тақырып жоспары :



  • 1. Бейімделгіштік- адаптация туралы түсінік беру

  • 2. Бейімделгіштің түрлерімен танысу;

  • 3. Қорғаныш реңдердің үш типтерімен танысу

4.Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы талдау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет