Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруы. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды.Тарихи маңыздылығы жоғары тарихи процестердің бірі Ұлы Жібек жолы екендігі белгілі. Бүгінгі қарастырылып отырған тарихи кезеңнің басқа процестерден айырмашылығын атап көрсетсек:
байланысты мұсылмандық діни орындардың (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер т.б.) салынуы;
-жер жаһанның барлық территориясын белгілі дәрежеде қамтуы;
-әлемдік өркениеттердің осы маршрут барысында бір-бірімен ассимляцияға түсе отырып, саяси-мәдени жаңа өркеиеттердің қалыптасуына өз әсерін тигізді;
Қарастырылып отырылған тақырыптың негізгі маңыздылығы бүкіл аумақты толықтай қамтуында. Ұлы Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле мен Ыстықкөлге жетеді.
Жалпы, Ұлы Жібек жолы сол кезеңде территориямызда мекендеген көшпелі өркениетті қалыптастырушы мемлекеттік бірлестіктердің әлемдік аренада өз дәрежесін тигіздірді.
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з.дейінгі ІІІ-ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |