Байланысты: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты
VI ғ. мен XI ғ. бірінші жартысындағы қалалар мен мекендер Қазақстаннның ұланбайтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи-мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болады. Оңтүстік Қазақстан яғни Сырдария өңіріндегі географиялық уәлаят солтүстігінде — Орталық Қазақстан даласымен , оңтүстігінде – Талас Алатауымен, Шығысында – Жуалы қыраттарымен, батысында – Қызылқұммен шектеседі.
Көшпелілер мен егіншілердің –ра қатынасы үнемі дұрыс болып отырмаған. Көшпелілердің барған жерін жерін құлазытып кететін шапқыншылықтары мен басқыншылықтары тарихи фактілер бар, сонымен бірге отырықшы халықтар билеушілерінің көшпелілерге жасаған қатігездігі жортуыл – жорықтары жөніндегі мәліметтер де аз емес.
Бірқатар зерттеушілер Жетісу жерінде егіншілік мәдениеті соғдыларды отарлауы арқасында пайда болған деп есптейді. Жетісу қала мәдениетінің шығуының қарама-қарсы, автох тонды – осы жердің өзінде пайда болды деген модельде бар, бұл пікір бойынша, оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы ешқашанда Соғдының объектісі болмаған, ол Орта Азия халықтарының тарихи және экономикалық тағдырында елеулі рөл атқарған, өзіндік экономикасы мен мәдениеті бар дербес аймақ болған.
Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғғ. қатпарындағы қала жұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға саяды. Олардығ бірсыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкест, Отырар (Фараб), Шавғар. Бұл қалалардан бірден көзге түсетіні: арқ (қамалсарай), шахристан (ішкі қала) және рабад (қала маңы).Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың оңтүстік – батысындағы қала мәдениетінің дамуының ерекшеліктері бүкіл облыстың тұтас өзіне және оның аудандарының әрқайсысына, қала жұрттарының топографиясына, қала тұрғын жайларына, оның керамикасына, идеологиясына өзіндік өрнек белгілірін қалдырған.