Ұлы Жібек жолының дамуы мен тарихы


Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары



бет3/8
Дата06.02.2022
өлшемі27,19 Kb.
#81709
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты

Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.
Егер Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Испиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелге қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Ұлы Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Испиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.Қазақстанның аса ірі қалаалрының бірі Тараз VI ғасырдан бұрын белгілі болған. 568 жылы түрік қағаны Дизабұл Византия императоры Юстинианның стратег Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған. Мұның үстіне ол түркештердің, содан кейін қарлұқтар мен қарахандардың тарих орталығы болған.
Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғасырда хатқа түскен. Жамухаттыңжәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзені маңындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте бетте жатыр, оның үйінділерін қазір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 жылы оның түбінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерже, Талас бойымен төмен, теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Дех Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлігінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Олар күміс кендеріне жуық жерде орналасқан.
Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудің ең ірі қалаларының бір – Наукентке (Қытайша Синчэн) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады. Наукент түрік қағандарының сарай және соғдылардың қаласы болған.Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикент), арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түркештер, қарлұқтар астанасы) Суябқа келеді. Бұл қала туралы қытай, араб саяхатшылары Х ғасырға дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін ХІІІ ғ.бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ ХIV ғ.қайта ойрандалады. Бұл қалалардың тұрған жері қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне – Ақбешім мен Боран.
Х-ХІІ ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Наукенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған.
Іле алқабына басқа жолмен де келе еді екен: Құлан мен Аспарадан немесе Нұзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Шу – Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қаларды қуалай жүрген.
Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қалажұртының атына сақталып, осы күнге дейін жеткен.
Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына кейін, Сарыарқа атымен мәлім болған Шығыс Дешті Қыпшаққа, Ертіс жағалы мен Алтайға, Моңғоияға асып кетеді екен. Осы арамен атты көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады.
Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына, Қимақтар қағанының сарйына барып, одан әрі асып, Енисейдегі қырғыздар еліне тартатын болған.
Жолдың өзге бір желісі Теріскей-Іледегі Шеңгелді маңынан шығып, Көктал мен Бояулы керуен сарайлары арқылы Балқаш өңіріне, сосын Іеден тарайтын Ортасуды жиектеп, сол арадағы Ақтам қала жұртының орнын басып, көлдің түскейінен 8 шақырым бұғаз арқылы теріскейіне шығады. Керуендер бұғазды кешіп өтіп, Тоқырауын өзенінің құярлығына жуық жерден шығады екен дағы, оның бойын қуалап, әрі Ұлытау жоталарына кетеді екен.
Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді батыс жағынан айналып өтіп, Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтар мемлекетінің жеріне жеткен. Тарбатайда, Ертіс жағалауында Қимақтың Банджар, Ханауыш. Астүр, Сисан секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қақпалары темірмен құрсалған орасан зор қал – «қағандар астанасы» орнасқан еді. Қимақтың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңғолиядағы ұйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның аймақтарымен байланысып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет