Лимфоэпителиальды жұтқыншақ Пирогов сипаттамасы



Дата07.02.2022
өлшемі13,92 Kb.
#90557
түріҚұрамы
Байланысты:
1тапсырма


Лимфоэпителиальды жұтқыншақ Пирогов сипаттамасы.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шекарасында шырышты қабықшада лимфоидты тіннің үлкен топтамалары орналасады. Жинала келе олар, тыныс алу және ас қорыту жолдарының кіреберісін қоршап жататын, лимфоэпителийлік шеңберді түзейді. Лимфоэпителиальды шеңберді ең алғаш орыс хирургы Пирогов сипатта берген. Сондықтан да кейде Пирогов шеңбері деп те атайды. Шеңбердің құрамына кіретін құрылымдардың ең ірілері бадамша бездер деп аталады. Бадамша - мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысының аралықтарына орналасқан бездер. Бадамша лимфоидты тіндерден құралады, иммундық жүйеге жатады және организмді қоршаған ортаның зиянды микробтарынан қорғайды. Сәбилерде, жасөспірімдерде бадамша жақсы қорғаныс қызметін атқарады. Ересек адамдарда лимфоид тіндерінің бірте-бірте дәнекер тіндеріне айналуына байланысты бадамшаның қорғаушы қасиеттері азаяды. Бадамша таңдай, тіл, жұтқыншақ, түтіктік бадамшалары болып ажыратылады. Таңдай бадамшасы жұп болады, көмейдің (ауыз қуысының жұтқыншаққа өтетін шекарасы) екі бүйірінде, ал тіл бадамшасы сыңар болады, тілдің түбірінде, шырышты қабық астында орналасады. Жұтқыншақ бадамшасы біреу, жұтқыншақтың жоғ. және артқы қабырғаларының аралығында жатады, ал бір жұп түтіктік бадамшалар жұтқыншақтың мұрын бөлігінде және есту түтігінің жұтқыншаққа ашылатын тесігін қоршай орналасады. Осы аталған бадамшаның ішіндегі ең үлкендеріне – түтіктік бадамша бездері мен көмейдің бадамша безі болып саналады. Олардың құрылысына келетін болсақ,әрбір бадамша без шырышты қабықшаның бірнеше қатпарларынан тұрады, қабықшаның меншікті табақшасынан көптеген лимфоидты түйіншелер орын алған. Бадамша бездің беткейінен мүшенің тереңіне 10-20 криптілер кіріп, ол жерде тармақталады да екінші реттік криптілерді қалыптастырады. Шырышты қабықша бадамша көп қабатты жазық мүйізденбейтін эпителиймен қапталған. Көп жерлерде, әсіресе криптілерде эпителий лимфоциттермен және түйіршікті лейкоциттермен қоныстанған. Ол лейкоцитттер эпителийдің үстіне шығады да, ауыз қуысына түсетін микробтарға қарсы жылжып, белсенді түрде фагоциттеледі. Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге ене орналасып, кішіректеу бүртікшелерді түзейді. Бұл қабаттың борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасында көптеген лимфоидты түйіншелер орналасады. Сол түйіншелердің ашықтау аймақтарын- герминативтік орталықтар байқалады. Шырышты қабықшаның бұлшықет табақшасы анық байқалмайды. Лимфоидты түйіншелердің жиынтығының астында шырыш асты негіз орныққан. Ол бадамша бездің айналасындағы капсуланы құрайды. Бадамша асқынғанда жұтыну, тыныс алу қиындайды. Бадамшаның үлкейіп қабынуы баспа ауруына шалдықтырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет