Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: Логика
Дәріс-презентация №2 Логиканың негізгі заңдары Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы
Ойлау заңы немесе логикалық заң - бұл ойлардың қажетті, мәнді байланысы. Аристотель логиканың үш негізгі заңдарын тұжырымдап берген; 1) Тепе-теңдік заңы 2) Қайшыласпау заңы 3) Үшіншісін жоққа шығару заңы Логиканың төртінші заңы - жеткілікті негіздеу заңы. Оны неміс ойшылы Готфрид Лейбниц тұжырымдап берген.
Логикалық заңдар ойлауға қандай талапнамалар қояды? Олар мыналар: 1. Бірізділік 2. Қайшылықсыздық 3. Анықтылық 4. Негізділік Аристотель (б.д.д 384-322жж.) Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716)
Тепе-теңдік заңы
Аристотель «Метафизика» деген еңбегінде: «бір мәнге ие болмау — бұл дегеніңіз ешқандай мәннің болмауы, егер тіпті сөздің белгілі мәні болмаса, онда бір-бірімізбен, шындығында өз-өзіңмен де пікірлесу, таласудың бар мүмкіншілігі жоғалтаның», — деп жазған. Тепе-теңдік заңы әдетте қысқа формуламен беріледі: Бұл формулалар: «Егер А, онда А» және «А А-ға тепе тең» деп оқылады. Символикалық түрде бұл тепе-теңдік заңның формуласы келесідей жазылады: р→р (егер р, онда р), бұл формулада «р» — қандай да болсын пайымдау, « → » - импликация символы (логикалық байланыс «Егер..., онда...» деген мағынада). Тепе-теңдік формуласына құрылған ақиқаттық кестесі: