Барлық оқушылар- оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі- тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар- білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Топқа бөлу
Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар 4 негізгі рөлін жазады.
Жаңа білім (10 минут) түсіндіру
1.Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы. 2. Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы. 3. Саяси жағдайы. 4. Шаруашылығы 5. Кәсібі мен қолөнері.
Мәтінмен жұмыс (2 минут)
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға жаңа сабақ бойынша кітаптағы мәтінмен жұмыс істеу тапсырылады. Ол үшін мәтінмен тереңірек танысып, оқып шығу қажет. Содан кейін өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар беріледі.
Сабақтың ортасы Картамен жұмыс жұптық жұмыс (5 минут)
Оғыз мемлекеті қай елдермен шектесті?
Оғыз мемлекеті қандай мемлекеттермен дипломатиялық қарым - қатынас орнатты және кімдерге қарсы күресті?
Сергіту сәті (2 минут)
«Қара жорға» биі
Сабақтың аяқталуы Сабақты бекіту (7 минут) Сұрақ 1. Оғыз мемлекеті құламағанда, қазір Қазақстанда қандай өзгерістер болар еді деп ойлайсыңдар? 2. Оғыз мемлекетінен қандай үлгі алуға болады деп ойлайсыңдар?