Сабақ жоспары 5 сынып Тақырыбы: Менің телефоным. Смс жазамын Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту



Дата20.06.2018
өлшемі23,5 Kb.
#43438
түріСабақ
Ашық сабақ жоспары

5 сынып

Тақырыбы: Менің телефоным. СМС жазамын

Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың барысы:

  1. Сабақтың тақырыбын оқушыларға мәтінмен жұмыс жасау арқылы анықтату. Берілген мәтінмен танысып, не туралы екенін айтқызу. Асты сызылған сөздерден сабақтың тақырыбын анықтау.

Менің отбасым үлкен емес. Қазір үйде әкем, анам, кішкентай інім бар. Әрқайсысы өз ісімен айналысып жатыр. Анам телефон арқылы әжеммен сөйлесіп жатыр. Әкем теледидардан хабарлама қарап отыр. Інім бөлмеде ойыншықтарымен ойнап отыр. Ал мен қазір қазақ тілінен шығарма жазамын.

  1. Сабақтың мақсатын оқушыларға тірек сұрақтар арқылы құрату.

Не туралы әңгімелеуге үйренеміз?

Не жазуға үйренеміз?

  1. Мәтінмен жұмыс жасау.

  • Мәтінмен танысу

  • Мәтінде асты сызылған сөздерді сөздік дәптеріне көшіріп жазу.

  • Телефон туралы ауызша сұрақтарға жауап алу:

  1. Сенің телефоның бар ма?

  2. Саған телефонды кім сыйлады?

  3. Сенің телефоның қандай?

  • Тұйық етістікті қайталау. Ұялы телефонның қызметерін мәтінннен тауып анықтау, тұйық етістік формасында жазу:

Ұялы телефонның қызметтері:

1) суретке түсіру,

2)....

3)....


Менің ұялы телефоным бар. Ұялы телефонды маған әкем сыйлады. Менің телефоным кішкентай, қолдануға ыңғайлы. Телефоным ақ түсті.

Телефонның атқаратын қызметі көп. Телефонмен суретке түсіремін, бейнекамераға жазамын, ғаламторды пайдаланамын. Ғаламторда қазақша-орысша, орысша-қазақша, қазақша-ағылшынша, орысша-ағылшынша аударма сөздіктер бар. Ғаламтордағы аударма сөздіктерді қазақ және ағылшын тілдерінен сөздерді аударамын. Ғаламторда көп отырмаймын. Ол уақытты алады.

Ұялы телефонмен достарыммен сөйлесемін. Қажет болғанда хабарлама жазамын. Телефонда калькулятор бар. Бірақ математика сабағында калькуляторды пайдалануға болмайды. Кейде ойындар ойнаймын, кейде телефоннан музыка тыңдаймын.


  1. Ұялы телефонның СМС жазу қызметі туралы әңгімелеу.

  1. Мәтінмен танысу

  2. Таныс емес сөздерді анақтау:

Теру – набирать

Сәлемдесу – поздороваться, поприветсвовать

Түсінеді - понимают

Таныстарым – мои знакомые

Хабарлама мәтіні – текст сообщения


  1. «Керек» сөзін қолдануды қайталау.Мәтінннен СМС жазу ережесін құрау, «керек» сөзін қолданып жазу. Не істеу керек? сұрағына жауап жазу:

  1. ....

  2. ....

  1. «Болады» және «болмайды» сөздерін қолдануды қайталау. Не істеуге болады? сұрағына жауап жазу.СМС жазу мүмкіндіктері:

  1. ...

  2. ...

Ұялы телефонның хабарлама жазатын қызметі бар. Мен кейде достарыма хабарлама жазамын. Алдымен телефон нөмірін теремін. Сәлемдесемін, сосын хабарлама мәтінін жазамын. Кейде СМС-пен үй тапсырмасын сұраймын. Мейрамдарда таныстарыма СМС жазып құттықтаймын. СМС жазған ыңғайлы. Көп уақыт кетпейді. Хабарламада сыпайы сөздерді қолданамын. Ұялы телефондағы смайликтерді пайдаланамын. Смайликтерге аударма қажет емес. Смайликтерді әлемдегі барлық адамдар түсінеді. Смайликтер адамның түрлі көңіл күйін немесе барлық адамдар түсінетін затты білдіреді.


  1. Сабақты қорытындылау

Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Әр топ өзінің берілген тапсырмасы бойынша жұмыс жасайды, 3-4 сөйлем құрайды.

1-топ «Қызылдар»: ұялы телефонның пайдасы туралы жазады

2-топ «Қаралар»: ұялы телефонның зияны туралы жазады

3-топ «Ақтар»: ұялы телефонмен қалай пайдалану керек туралы жазады.



Рефлексия. Оқушылар мұғалімге сабақ жайында СМС жазады. 1-3 сөйлем. Смайлик қояды.

Үй тапсырмасын түсіндіру. Досыңа хабарлама жаз.

Оқушылардың жауаптарын бағалау. Оқушылар өз жауаптары үшін геометрикалық фигуралар алып отырады. Сабақтың соңында орташа бағасын шығару.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет