Жүрек жылуы
Бүкіл дүниенің тұтқасы адамдардың сыйластығында ғана сыйып тұр десек артық айтқандық емес.Көрші екеш көршімен жақсы болмасаң арадағы береке кетеді. Оны айтасыз бір отбасының ынтымағы болмаса,бүкіл шаңырақ шайқалып кетпей ме?
Адамдарға адамдар жақындауға асығып жүрсе, қандай жарасып тұрады.Айтыңдаршы өмірде Сіз деп бір- біріңді іздеп жүргеннен,адамға қуаныш сыйлағаннан артық бақыт бар ма?
Өмірдің мәні өзіміздің айналамыздағы жандарға жақсылық істегенде ғана біліне бастайды.Әсіресе біздің қолдауымызға ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар зәру.Бұл балаларға қолдау көрсету және жүрек пен жан-жылуын бөліп беру мақсатында «Қамқоршы күні» қарсаңында дәстүрлі Сыр сұхбат клубымыздың кезекті қонағы,мектебіміздің аспазшысы үш бірдей баланы тәрбиелеймін деп балалардың құжаттарын дайындап қолына алып,өз бауырына басып отырған Ибраева Гүлнар Әміржанқызын ортаға Иван,Евгений,Виктория деген есімді балаларымен бірге шақырдық.
Махаббат қайда деме жүрегіңде,
Шапағат қайда деме тілегіңде.
Берекем қайда деме отбасында.
Мерекем қайда деме отбасында.
Ай,күнім қайда деме аспаныңда.
Байлығым қайда деме бас жағыңда.
Қайғы мұң қайда деме қас қағымда.
Тірлігім қайда деме таң атқанда .
Ырзығым қайда деме, Жаратқанда,-деп өлеңде айтылғандай Жаратқанның қолдауымен,бір Алланың бергенімен жүретін Гүлнар апайымыз бар күшін жинап, отбасымен келісіп отырып осындай бүлдіршін балаларды бауырына басам деп біраз тер төкті.Әрине бұл оңай және тез болатын дүние емес.Гүлнар Әміржанқызы биылғы жылдың сәуір айынан бастап ұлты орыс үш жасөспірімді өз тәрбиесіне алған болатын.Қазіргі уақытта осы балалар қазақ тілінде білім алып,тілді жетік меңгеруде.Балалар мектеп өміріне жақсы бейімделіп,оқушылармен тез тіл табысты,қоғамдық жұмыстарға белсене араласып,қазақша би билеп,ән айтуды ұнатады.Осындай игі бастаманы 2013 жылы Фазыловтар отбасы бастаған,бұл отбасында да үш бала тәрбиеленіп биылғы жылы олардың үлкені Красный-яр селосындағы №1 агротехникалық колледждің І курс студенті болды.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға назар аударып,қайырымдылық қолын созу-аса қасиетті іс.Оларға бақыт сыйлайтын адамдар қашанда табылады.Бұл балалардың да өз жолдарын тауып, аяқтарынан нық тұрып,қоғамға пайдасы тиетін азаматтар болып шығатынына сенімдіміз.Осындай игі істі бастаған ауылымыздағы Фазыловтар және Ибраевтар отбасына береке бірлік,татулық және шыдамдылық тілейміз.
Әрине пенде болған соң жақсыны да, жаманды да бастан өткересің,өзіңше ой түйесің,болған істі қорытындылайсың.Кейде түзу дегенің қисық,қисық дегенің түзу болып шығады.Бұлтарыс қалтарыстары өткелдері,көктемдері,күздері,іздері көп өмір ғой бұл.
Сондықтан да осы қысы мен жазы,көктемі мен күзі,шаттығы мен қайғысы, жоқтығы мен барлығы кездесетін өмірде бір- бірімізді сыйлап,қадірлеп, еңбегімізді бағалап өтуге тырысуымыз керек.
Ей,перзентім ата- анаңды ешқашан ренжітушы болма.Олардың көңіл күйіне қаяу салып қапаландырма.
Сені жан- тәнімен жақсы көріп,тәрбиелеп жүрген ата- анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң сен ешқашан да жақсылыққа лайықты жан емессің,өйткені кімде- кім ата- ананың жақсылығын білмесе,басқа біреудің де жақсылығын білмейді.
Перзент дегеніміз яғни бала ол жеміске,ал ата- ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы күтсең,жемісі де дәмді,жақсы болады.
Баратай негізгі мектебі
Тәрбие ісінің меңгерушісі:Какенова Ж.К.
Тәлімгер: Айтбаева Қ.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |