Байланысты: Білім беруге қатысты кез келген саланы зерттеуде тақырыпқа қатысты есептер мен мақалаларға сыни тұрғыдан талдау жасай білу аса
Білім беруге қатысты кез келген саланы зерттеуде тақырыпқа қатысты есептер мен мақалаларға сыни тұрғыдан талдау жасай білу аса
маңызды. Қалай болғанда да, зерттеу нәтижелерін біз еш өзгеріссіз,
сол қалпында қабылдай алмаймыз. Кейбір зерттеу жобалары көлемі
шағын әрі қысқа уақыт ішінде жүргізілсе, енді біреулері үшін қомақты қаржы бөлінеді. Сын дегеніміз – мақаланы бастан-аяқ сынап,
оған жағымсыз баға беру емес, зерттеу нәтижелерінің маңызын бағалау үшін зерттеу үдерісін талдау. Әңгіме зерттеудің артықшылығы
мен кемшін тұстарын да есепке алу, зерттеушінің тәсілдемелері мен
ұстанымдарын қабылдау, зерттеу нәтижелерінің қаншалықты деңгейде дәлелденгенін және зерттеу бұл салаға қатысты білім қорына
68 БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР
қаншалықты үлес қоса алады деген мәселелерді анықтауда болып
отыр. Жоғарыда берілген 3.2-сурет зерттеу есептері мен мақалаларын сыни тұрғыдан талдау үшін таптырмас көмек болады.