Маман пікірі
Абай ақын «Білім біздің шамшырағымыз»-деп айтқандай,мұғалім білім мен тәрбиенің ұйытқысы.Оның білімділігі,тәрбиелілігі,абырой беделі шәкіртінен көрінеді. «Шәкірті жақсы болмағы ұстазынан»-деп тегін айтылмаған.Сондықтан да біздің мектебіміздің білімді де шығармашыл,ізденімпаз мұғалімдерінің бірі Тлеубаева Алтын Лесбекқызының « Зат есімнің септелуі.» тақырыбында өтілген ашық сабағын назарларыңызға ұсынып отырмын.
Оқу ісінің меңгерушісі:Розметова Феруза
Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) 4 сынып
Қазақ тілі .
Тақырыбы: Зат есімнің септелуі.
Сабақтың мақсаты:Зат есімнің септелуі жайлы түсінік беру.Оқшылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: « Шаттық шеңбері», «Көшіңді сына» әдісі, «Көбелектерді өз гүліне қондыр» ойыны, сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары.
Ресурстар: Зат есімнің септелуі жазылған плакат, маркер, стикер, плакат, дәптер, қаламсап, МАН
Күтілетін нәтиже: Зат есімнің септелуі жайлы түсінік беру.Оқшылардың ой-өрісін дамытады,сөздік қорын жетілдіреді.
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
4мин
8мин
4мин
25мин
4мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі: « Шаттық шеңбері», сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Көшіңді сына» әдісі.
1. 4-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2. Зат есім дегеніміз не?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү Жаңа материалмен жұмыс: оқулықпен жұмыс
7-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Сұрақтардың ретіне қарай зат есім жалғауларының өзгеретініне назар аудару.
8- жаттығу. Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жазу.Ақбөкен сөзіне жалғанған жалғаулардың астын сызу. Олардың өзгерістерін байқау.
Ережені талқылау және ұғындыру.
Зат есімнің септелуі.
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды.
Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс,табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді.
9- жаттығу. Зат есім септіктерінің атын,сұрақтарын және жалғауларын көшіріп жазып,есте сақта.
11- жаттығу. Өлеңді түсініп оқу.Септеулі зат есімдерді тауып жазу. Өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Білімнің қажеттігі туралы әңгімелеуге дағдылану.
Сабақты пысықтау барысында 12- жаттығу. «Көбелектерді өз гүліне қондыр» ойынын ойнату.
ІҮСабақты қорытындылау.
Ү.Үйге тапсырма. 10-жаттығу.
|
Оқушылар сабаққа даярлы ғын айтады Мұғаліммен бірге жақсы тілекті айтады.
Үй жұмысын тексереді.
Сабақтың мақсатын жауап тақырыбын хабарлап,таныс
тыру
Сұрақ жауап арқыл білімін
тексеру.
Жаңа материалмен жұмыс
Оқушыларды сандармен
топқа бөлінеді.
Әр топқа тапсырманы беріп
оқушылар орындайды.
Бағалап үйге тапсырма беру
|
Рефлексия:
1
|
Не жоспарланды?
|
Зат есімнің септелуі жайлы түсінік беру.Оқшылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын жетілдіру.
|
2
|
Неге қол жеткіздік?
|
(Тапсырманы орындау барысында қандай жетістікке жеттіңіз? Қандай сезімде болдыңыз? )
Зат есімнің септелуі жайлы түсінік қалыптасты..Оқшылардың ой-өрісі дами түсіп, сөздік қоры жетілді.
|
3
|
Қандай қиындыққа тап болдық?
|
(Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Қандай сезімде болдыңыз? ) 11-жаттығуды орындау барысында өлеңді түсініп оқи отырып, септеулі зат есімдерді тауып жазу кезінде біршама оқушылар өлең жолдарындағы жалғауы жасырын тұрған табыс септігіндегі зат сөздерін (тас[ты] жарып), (үйлер[ді] сала алсам), (дәрі[ні ]таба алсақ ) атау септікте тұр деп шатаса берді.
|
4
|
Нені өзгертер едіңіз?
|
Келесі сабақта жеке тапсырмаларды ұйымдастырғанда үлестірмелі материалдарды сол ажырата алмай жатқан септік жалғаулары жасырын тұрған сөздерді табуға бағыттап кедергіні жою жолын қарастырамын.
|
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,
№20 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Алтын Тлеубаева Лесбековна
Достарыңызбен бөлісу: |