Мамандығым мақтанышым!



Дата30.10.2019
өлшемі18,67 Kb.
#50756
Байланысты:
Эссе

Мамандығым - мақтанышым!
(Эссе)

Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігін сездіре алатындай 

қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс» - дейтін қанатты сөзі бар. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай болмақ деген бұлжымыс заңдылық ерте уақыттардың өзінде –ақ белгілі болған. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беделі еліміздің түрлі жыиындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам... Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының,жеткіншек ұрпақтың қоғам мен мемлекет тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. мұғалімге қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екендігі айқындалады:

- алғашқы талап педагогикалық қабілеттіліктің болуы оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен;

- балаларға сүйіспеншіліктен;

- олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа.

Педагогтың тұлғалық сапалары:

- оқушыны тұлға ретінде қабылдауы, оны табысқа жететініне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу,әрі оны нығайтып отыру;

- мәліметтерді қысқаша беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу;
- жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайды қайта құра білу;

- мейірімді, бірақ талап қоя білу;

- оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;

- оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт беріп отыру;



- өз жұмыстарының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылдыру.

Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы; екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі; үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Ұстаз көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет. Ұстаз шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті - әдеп. Әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып,оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығының айнасы болып есептелінеді. Әдепті ұстаз болмай тұрып, шебер ұстаз болу мүмкін емес. Сонымен, ұстаздық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі.Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнгедеген қызығушылығы артпайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан - аяқ өзі талдап, өзі түсіндіріп, оқушының ойлау қабілетін дамытпайды. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді оқушы өзі ізденіп, өз білгенін жолдастарына жүйелі түрде жеткізе білсе, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді. Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезі. Алдымызда отырған шәкірттер – білімді қажет ететін шәкірттер. Олар заман талабына сай қазіргі компьютер тілін жетік біледі, интернеттен хабардар, барлық затты ажырата алатын дәрежеде. Сондықтан олар мұғалімнен көп жаңалықтар күтеді. Мұғалімнің нақты, нық, дұрыс, қысқа да нұсқа түсіндіргенін қажетсінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет