Қалыптасытрушы бағалауды қолдану үрдісінде оқушылардың оқу мотивациясын көтеру. «Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің негіз ол оқушылардың дамуын нақты бағалай алу қабілеті»



бет1/2
Дата05.03.2023
өлшемі48 Kb.
#171167
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Баяндама Қалыптасытрушы бағалауды қолдану үрдісінде оқушылардың оқу мотивациясын көтеру .
1 практика Болат М

Қалыптасытрушы бағалауды қолдану үрдісінде оқушылардың оқу мотивациясын көтеру.


«Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің негіз-
ол оқушылардың дамуын нақты бағалай алу қабілеті»
Майкл Барбер

Неліктен сөзімді М.Барбердің сөзімен бастадым? Себебі, бір жыл көлемінде жаңартылған білім аясында жұмыс жасап келіп, қалыптастырушы бағалау үдерісін өз тәжірибемнен өткізе отырып, әріптестерімді бұл бағалау түрін сабақ барысында қолданудың тиімді тұстарымен таныстырғым келді. Оқушылардың оқу жетістігін нақты бағалай білу кемшілік тұстарын көре білу де оқытудың маңызды бір бөлігі.


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады.
Мемлекет болашағы - біздің оқушылар. Оқушылардың білім әлеуеті алынған білімнің оның барлық кәсіби не арнайы бағыттарының сапасы және дәрежесімен анықталады.
Ал білім дәрежесі оқушылардың үлгерімі арқылы анықталады. Мектепте оқушылардың білімдерінің үлгеріміне көптеген факторлар әсер етеді. Осы факторлардың ішінен оқушылардың оқу үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы. Мектептегі оқушылардың оқу мотивациясы жоғары болу үшін түрлі әдіс тәсілдерді, тренингтер, жаттығуларды қолданған жөн. Оқушылардың оқу мотиваңиясын жоғарылатудың бірден-бір әдісі ол қалыптастырушы бағалау десем артық айтпаспын.
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.


ҚБ принциптері:

  • оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);

  • барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда -пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);

  • бағалау белгіленбейді;

  • оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;

  • әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;

ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады
Қалыптастырушы бағалау немесе оқу үшін бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп тұрады. Оқу үшін бағалауда –мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Бүгінде қолданылып келген бес балдық бағалау жүйесі бағалауға қойылатын талаптарды толық қанағаттандырмай отыр. Оған дәлел, қоғам бүгінгі оқушының оқудағы жетістігінің динамикасының объективтілігіне күдікпен қарауда. Екінші жағынан, бағалаудың нәтижесі оқушының мұғаліммен, ата-анасымен қарым-қатынасының төмендеуіне, өзіне деген сенімсіздігінің пайда болуына әкелуде.
Ал қалыптастырушы бағалауда барлығы оқушы, мұғалім, ата-ана үшін де айқын әрі түсінікті .Себебі,Қалыптастырушы бағалау нақты оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі
Қалыптастырушы бағалаудың түрлері – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау,мұғалімнің бағалауы ,кері байланыс.
Тәжірибеде жиі қолданыстағы өзін-өзі бағалау , өзара бағалау, мұғалімнің бағалау техникаларына сипаттама беруді жөн санадым.
«Бағдаршам» әдісінде
«Басбармақ» әдісі.
«Жетістік баспалдағы»,
«Желкенді кеме»,
«Көңіл күй аралы» сияқты түрлі бағалау формаларын қолдануға болады.
Бағалауды жұптық,топтық, жекелей жұмыс кезінде де жүргізуге болады.
Әр баланың біліміндегі кемшіліктерінен гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқу керектігімен қалай оқу керектігін көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалуы, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі маңызды. Осы әрекеттер арқылы оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызады. Аталған әрекеттердің барлығы қалыптастырушы бағалау барысында жүзеге асады.
Қорыта келе, егер мен алғашқы уақыттарда қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктерін шектеулі мөлшерде қолдансам, уақыт өте келе бұл бағалау түрін сабақтың әр кезеңінде қолданамын.Қалыптастырушы бағалаудың тиімді тұстарын атап өтер болсам:
-Сыныптағы әрбір оқушының жетістігін күнделікті сабақта бақылап отыруға болады.
-Оқушыларға өз жұмыстарына талдау жасауға мүмкіндік береді.
- Белсенді қызмет атқаруды талап ете отырып, оқушылардың оқу мотивациясының жоғарылауына септігін тигізеді.
-Оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынасты қалыптастырады.
- Бағалаудың қорытындысын ескере отырып ,мұғалімді білім беруге түзету енгізуге жетелейді.
Қалыптастырушы бағалау үдерісін қолданғаннан білім сапасы жүз пайызыды көрсетті деп айта алмаймын, бірақ менің оқушылармының білімге теген құмарлықтары артып, қызығушылықтары жоғарылай түскені анық.Мұның өзі мұғалім үшін бір жетістік емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет