МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Маркетингтің қазіргі рөлін айқындайтын анықтама
Маркетинг – бұл компанияның стратегиясы және тактикасы
Маркетинг – бұл ұйымдардың, адамдардың және территориялардың тауарлар мен қызметтерге деген сұранысын қанағаттандыру
Маркетинг – ол айырбас арқылы тұтыну мен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметі түрі
Маркетинг – ол нарықтық сұранысты зерттеп білуге және тұтынушылардың қажеттілігіне байланысты өнім өндіруге бағытталған фирманың басқару жүйесі
+ Маркетинг – бұл адамдар мен ұйымдар қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір құндылықтары бар тауарлар мен қызметтерді жасау және оларды еркін айырбас арқылы нарыққа ұсынатын әлеуметтік үдеріс.
2. Тауардың өзіндік құны өте жоғары, ал сұраныс ұсыныстан артық болғанда қолданылатын маркетинг тұжырымдамасы
Маркетингтік тұжырымдама
Өткізу немесе сату тұжырымдамасы
Тауарлық тұжырымдама
+Өндірістік тұжырымдама
Әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасы
3. Маркетингтік тұжырымдаманың басты мақсаты
+ Бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру
Өндірілген тауарды сату, өткізу бойынша жоспарды орындау
Тауарды жетілдіру және оның сапасын арттыру
Өнім өндірудің жоғары тиімділігіне жету, бағаларды төмендету
Өндіру және қаражат жағдайын ескере отырып пайда табу
4. Функционалды маркетинг дегеніміз –
+Нарықты саналы, белсенді және жүйелі түрде зерттеп, оған әсер ету қызметімен сипатталады
Компанияның барлық бөлімшелерінің қызметін және делдалдардың іс-әрекеттерін жұмылдыратын іс әрекет
Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыруға бағытталған
Қызмет сатып алушылар мен олардың сатып алу моделдеріне әсер етуші факторлардың жиынтығы
Ол тұтынушылар үшін құндылықты жасау, жылжыту және ұсыну бойынша маркетингтік іс-шаралар жасап, толық біріктірілген маркетингтік бағдарлама құру
5. Маркетингтегі саяси орта факторлары
+Сәйкес нарықтардағы және салалардағы өзгермелі ережелер мен заң актілері
Сатып алушылар мен олардың сатып алу моделдеріне әсер етуші факторлар
Құндылықтар мен мінез-құлық нормалары
Кәсіпорындардың қызметіне әсер ететін табиғи ресурстар мен ауа-райының қолайсыздығы
Нарықта бар заманауи технологиялар
6. Маркетингтегі мәдени орта факторларына жататыны
Сәйкес нарықтардағы және салалардағы өзгермелі ережелер мен заң актілері
Сатып алушылар мен олардың сатып алу әдеттеріне әсер етуші факторлар
+Адамдардың діні, құндылықтары мен мінез-құлық нормалары
Кәсіпорындардың қызметіне әсер ететін табиғи ресурстар мен ауа-райының қолайсыздығы
Тауар сапасына әсер ететін, нарықта бар заманауи технологиялар
7. Маркетингтегі ғылыми-техникалық ортаға келесілер жатады
Сәйкес нарықтардағы және салалардағы өзгермелі ережелер мен заң актілері
Сатып алушылар мен олардың сатып алу моделдеріне әсер етуші факторлар
Құндылықтар мен мінез-құлық нормалары
Кәсіпорындардың қызметіне әсер ететін табиғи ресурстар мен ауа-райының қолайсыздығы
+Өндірісте заманауи технологияларды қолдану
8. Жарнаманың мақсаты - бұл:
Сатып алушының қажеттіліктерін анықтау;
+ Тұтынушыны бірдеңе жасауға және қандай да бір тауарды жиі сатып алуға сендіру;
Сатып алушылардың ойлау бейнесін түсіну;
Жарнамаға адамның санасында қалатындай назар аудару;
Мемлекетпен байланыс.
9. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген компанияның барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмыс істеуі:
+Интегралданған маркетингтік жүйе
Дифференциалданған маркетинг
Корпоративтік маркетингтік жүйе
Тікмаркетингтікжүйе
Көлденең маркетингтік жүйе
10. Тұрақты сатып алушылары мен бизнес серіктеріб олса, компания қолданатын маркетинг тұжырымдамасы
Өндірістік
Тауарлық
Өткізушілік
Маркетингтік
+Өзара әрекеттесу маркетингі
11. Макроортаның экономикалық факторлары немен анықталады?
Елдегі саяси көрсеткішпен
Нарықтағы делдалдар санымен
Елдегі табиғи көрсеткішімен
Нарықтағы жабдықтаушылар санымен
+Тұтынушылардың табыс деңгейімен
12. Ішкі байланыс аудиториялары:
Фирманың делдалдары
Фирманың бәсекелестері
Фирманың маркетинг мамандары
+Фирманың жабдықтаушылары
Бұқаралық ақпарат құралдары
13. Микроорта факторы құрамындағы маркетингтік делдалдар – бұл:
Тұтынушылар қауымдастығы
Мемлекеттік мекемелер
Бұкаралық ақпарат құралдары
+Тауарды жылжытуға маманданған фирмалар
Бәсекелес компаниялар
14. Макроортаның саяси-құқықтық факторларының негізгі көрсеткіштері:
Шектес, бақылауға алынған салалардағы технологиялық өзгерістер қарқыны
+Мемлекеттің саяси шешімдерінің қоғам өміріне тигізетін әсері
Ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне жеке меншік ұйымның әсерлері
Технологиялық жаңартулардың қауіпсіздігіне қатал талаптар қойылуы
Энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы мен болашағы
15. Жарнама – бұл:
+ Тауарларды, қызметтерді жауапкершіліксіз көрсетудің төленген түрі;
Сатушы мен сатып алушы аарсындағы тікелей қатынас;
Тауар, оны өндіруші туралы қолайлы қоғамдық пікірді құру мақсатында мәліметтерді тарату;
Тауарды сатып алуды көтермелеудің қысқа мерзімді түрткі болатын шаралары;
Маркетингтік зерттеулермен байланысты категория.
16. Өндіру мен өткізудің арнайы жағдайларын қажет ететін, ассортименті мен өткізу көлемі үлкен кәсіпорындар үшін қолданылатын маркетингті ұйымдастырудың түрі:
Нарықтық
+Функционалдық
Тауарлық
Географиялық
Матрицалық
17. Тұтынушының мінез-құлқына әсер ететін факторларға жатпайтынын көрсетіңіз:
Маркетингтің айнымалылары
Жеке даралық, өмір стилі
Мотивация, қабылдау, меңгеру
Референтті топтар, жанұя
+Нормативтік көрсеткіштер
18. Тұтынушылар санасының «қара жәшігіне» әсер ететіні:
Ішкі сипаттағы ынталандырулар
Сыртқы сипаттағы ынталандырулар
+Ішкі және сыртқы сипаттағы ынталандырулар
Әлеуметтік сипаттағы факторлар
Экономикалық сипаттағы факторлар
19. Іскерлік нарықтағы тұтынушыларды қалай атайды?
Кәсіпорындар
+Тұтынушы-ұйымдар
Жабдықтаушылар
Ұйымдар
Делдалдар
20. Сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі келесі кезеңдерден тұрады:
Ақпаратты іздеу – ақпаратты бағалау – сатып алу туралы шешім қабылдау – сатып алуға әсер ету
Қажеттілікті мойындау – ақпаратты іздеу – баламаларды бағалау – сатып алу туралы шешім қабылдау
Ақпаратты іздеу – нұсқаларды бағалау – сатып алуға шешім қабылдау – сатып алғаннан кейінгі мінез- құлық
Қажеттілікті мойындау – ақпаратты іздеу – нұсқаларды бағалау
+Қажеттілікті мойындау - ақпаратты іздеу - баламаларды бағалау - сатып алуға шешім қабылдау – сатып алғаннан кейінгі мінез- құлық
21. «Тауарға деген көзқарасы-таңғаларлық, дұрыс, немқұрайды, теріс, қарсы шығу»-белгілері сегменттеудің қағидасы
+Мінез-құлықтық
Психографиялық
Демографиялық
Географиялық
Әлеуметтік
22. Кәсіпорынның болашақ пайдасын қамтамасыз ететін тауарлар келесі тауарлар тобына жатады:
+Стратегиялық тауарлар
Қолдаушы тауарлар
Тактикалық тауарлар
Негізгі өндірілетін тауарлар
Маусымдық тауарлар
23. Нарыққа енуші баға-бұл:
+Нарықты жаппай қамтуға арналған тауарлар немесе қызметтердің төмен бағасы
Сауда-саттық келісімнің нақты бағасы
Тауарлардың нарықтық бағасының негізінде алынған құнның түрі
Сатып алушының тауарды сатып алуға жұмсаған шығындары
Барлық тауарларға бірыңғай жоғары бағаларды белгілеу
24. «Тауарды сату мақсатында бір немесе бірнеше әлеуетті сатып алушылармен ауызша әңгімелесуді қарастыратын тауарлар мен қызметтерді жылжыту»
+Жеке сату
Жарнама
Үгіттеу
Жәрмеңке ұйымдастыру
Сервистік қызмет көрсету
25. «Тауарды өндірушіден экспорттаушы, импорттаушы арқылы, көтерме сатып алушыдан бөлшек саудаға, тұтынушыларға жылжыту үрдісі»-анықтамасы нені түсіндіреді?
+ Тауар қозғалысы
Тауарды өткізуді ынталандыру
Сауда-саттық процесі
Тауар саясатын жүргізу
Тауарды тарату деңгейлерін
26. Тауарлар мен қызметтерді өздерінің жеке тұтынуы үшін сатып алатын үй шаруашылықтары мен жеке тұтынушылар нарықтың келесі түріне жатады
+Тұтынушылар нарығы
Ауыл шаруашылық өнімдері нарығы
Жұмысшы күші нарығы
Тұрғын үйлер нарығы
Тауарлар нарығы
27. Мақсатты нарықты таңдау кезінде нарықты қамтудың стратегиялары
Жіктелетін, жіктелмейтін, шоғырландырылған
Бөлінетін, сараланған, сәйкестендірілген
Сараланбаған, бөлінетін, жіктелетін
Арнайы, шоғырландырылған
+Сараланған, сараланбаған, шоғырландырылған
28. Кім жарнама беруші болып табылады:
Экономикалық орта;
Құқықтық шектеулер;
Тауар;
Қызмет;
+ Өндірушілер.
29. Бір тауарды барлық сатып алушылар үшін өндіріп, оған бірдей сатуды ынталандыруды қарастыратын маркетингтің түрі
+ Жаппай маркетинг
Мақсатты маркетинг
Тауарлық-дифференциалданатын маркетинг
Жіктелмейтін маркетинг
Ремаркетинг
30. Бір ғана таңдап алынған сегмент үшін арнайы өнім өндіріп, маркетинг кешенін жасауды қарастыратын маркетинг
+Мақсатты маркетинг
Жіктелетін маркетинг
Қарсы әрекет етуші маркетинг
Эгомаркетинг
Синхромаркетинг
31. Белгілі бір сегментте тауарды ең алдымен жоғары бағамен сатуды, сонан соң бірте-бірте төмендетуді қарастыратын баға белгілеудің стратегиясы
+ «Қаймағын қалқып алу» стратегиясы
Дифференциалданған бағалар стратегиясы
Бірыңғай бағалар стратегиясы
Болашақтағы бағалар стратегиясы
Бағалық лидер стратегиясы
32. Бір немесе бірнеше сатушы топтары тауарларының бәсекелестерден ерекше болуы үшін белгіленген аты, белгісі, символы, термині немесе олардың үйлесуі:
+Тауар маркасы
Тауарлық белгі
Тауардың эмблемасы
Авторлық құқық
Тауардың маркалық аты
33. Тауарды өндірушіден тұтынушыға қарай жылжыту және өткізуді басқару бойынша жүргізілетін іс-әрекеттер жиынтығы бұл:
+ Тауар қозғалысы
Тауарды тарату арналары
Тауарды өткізу операциялары
Тауарды өткізуді ынталандыру
Инжиниринг
34. Халықаралық маркетингке ... жатпайды:
Экспорт;
Еншілес кісіпорындар құру;
+ Ішкі маркетинг;
Трансұлттық корпорация;
Бірлескен кәсіпорын.
35. Ф.Котлердің ойынша қызмет аясындағы стратегиялық маркетинг шегінде келесідей маркетинг түрлеріне стратегиялық күштер жұмсалуы қажет
+ Ішкі маркетинг, сыртқы маркетинг және интерактивті маркетинг
Ішкі маркетинг және жаппай маркетинг
Сыртқы маркетинг және ішкі маркетинг
Интерактивті маркетинг және креативті маркетинг
Шоғырланған маркетинг
36. Жер меншігіне салынған инвестицияларды маркетингті қарастыратын маркетинг түрі
+Орындар маркетингі
Ұйымдар маркетингі
Идеялар маркетингі
Инвестициялар маркетингі
Жеке тұлғалар маркетингі
37. Тауардың орамасының қабаттары
+ Ішкі, сыртқы, транспорттық
Жұқа, қалың
Қағазбен орау, сонан соң ағаш жәшікке салу
Шыныға салу, қорапқа салу
Барлық жауабы дұрыс
38. Белгілі бір тауарды импорттауға салынатын тыйым:
+Эмбарго
Квота
Кедендік тариф
Баж салығы
Құқық бұзушылық
39. Өнімді өндіруші-фирмадан алып шыққаннан бастап,оны сатып алушыға жеткізудегі орындалатын барлық операциялар-бұл:
+Өткізу операциялары
Тауар қозғалысы операциялары
Тауарды тарату операциялары
Тауарды сату
Өткізуді ынталандыру
40. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатысы – бұл:
Рынок сыйымдылығы;
+ Рынок конъюнктурасы;
Рынокты саралау;
Рынок үлесі;
Рынокты тестілеу.
41. Байланыс бөлімшелері, жеке тапсырылатын материалдар, ақпараттық хаттар, листовкалар арқылы жасалатын жарнама түрі
+Тікелей жарнама
Прессадағы жарнама
Транспорттағы жарнама
Сатылу орындағы жарнама
Басылымдық жарнама
42. Еркін тұратын витриналар мыналарға жатады
+Сыртқы жарнама
Ішкі жарнама
Сатылу орнындағы жарнама
Тікелей жарнама
Көліктегі жарнама
43. Сыртқы жарнамаға жатады
+Кеңістіктегі конструкциялар
Радио хабарландырулары
Газет, журнал материалдары
Сувенирлер
Листовкалар тарату
44. Баспасөз беттеріндегі және анықтамалардағы жарнама
+ Тікелей жарнама
Сыртқы
Ішкі
Баспасөздегі
Экрандық
43. Медициналық препараттар жататын тауар түрі
+Ерекше сұраныс тауарларына
Күнделікті сұраныс тауарларына
Алдын-ала таңдалған тауарларға
Сұранысы төмен тауарларға
Енжар сұранысты тауарларға
44. Ф.Котлер бойынша маркетингте бәсекелестердің түрлерін атаңыз
Монполист бәсекелес
+Тілегі бойынша
Олигополист бәсекелес
Монопсония бәсекелесі
Таза бәсекелес
45. Өндірілуі мен тұтынылуы бірдей уақытта жүзеге асырылатын және сақтауға болмайтын пайдалылықтар-бұл:
+ Қызмет көрсетулер
Өнім өндірісі
Өндірілген тауар
Сатылған тауар
Қосалқы бөлшектер
46. Мемлекетке кіргізуге рұқсат етілген, категориясы анықталған тауарларға қойылатын сандық шектеу:
+ Квота
Эмбарго
Счет-фактура
Кедендік тариф
Марка
47. Сатып алушыға техникалық күрделі бұйымды тұтыну және сатып алу үшін өзіне ең тиімді вариантын таңдауды қамтамасыз ететін жүйені не деп атаймыз?
+Сервис
Инжиниринг
Сатып алуды ынталандыру
Жарнама
Франчайзинг
48. Тұтынушы жауап беруге тиісті бір қатар сұрақтар-бұл:
+Анкета
Интервью
Сұхбаттасу
Пікір алмасу
Барлық жауабы дұрыс
49. Жәрмеңкелер, тауарлық биржалар сауданың мына түріне жатады
+Көтерме сауда
Бөлшек сауда
Бартерлік келісім
Бәсекелі сауда
Франчайзинг
50. Денсаулық сақтау шараларын жүзеге асыру, отбасының жағдайын жақсарту, әйелдер құқығын қорғау маркетингі
+ Идеялар, ойлар маркетингісінде
Халықаралық маркетингте
Саяси маркетингте
Эго-маркетингте
Ішкі маркетингте
51. Бастапқы мәліметтердің ұтымды жақтары:
+Арзан түрде жиналуы
Қолданыста болуы мен байланысты сенімділігі
Кез-келген ортадан алу мүмкіндігі
Жинау әдістемесі белгісіз
Шығынды көп қажет етпеуі
52. Макроортаның мәдени факторларының негізгі көрсеткіштері:
Тұтынушылардың табыс көлемі
+Тұтынушылар бірлестігінің мәдени ерекшеліктері
Тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі
Тұтынушылардың жасы мен мінез-құлығы
Тұтынушылардың тұрғылықты орыны
53. Сатушылардың нарықты сегменттеуді қолдануына байланысты маркетингтің түрлері:
Әлемдік маркетинг
Банктік маркетинг
+Дифференциалды маркетинг
Демаркетинг
Синхромаркетинг
54. Кәсіпорын стратегиясының – бәсекелестік күрестегі көшбасшының негізгі мәні неден тұрады
Жаңа позицияларды қамту (рыноктағы үлесін ұлғайту);
+Қолданылып жүрген жағдайды сақтау;
Бәсекелестерге үздіксіз шабуыл жасау;
Белгілі ұстанымдарға жол беру;
Рыноктың белгілі тауашасындағы жұмыс.
55. Коммерциялық емес маркетингтің ерекшеліктеріне жатпайтынын көрсетіңіз:
+Коммерциялық ұйымдарға қарағанда коммерциялық емес ұйымдар тиімділігі жоғары нарық сегменттерінде қызмет көрсетеді;
Коммерциялық емес маркетингтің мақсаттарын айқындау айтарлықтай қиын болғандықтан, оларды санмен өлшеу мүмкін емес;
Коммерциялыққа қарағанда коммерциялық емес ұйымдардың клиенттері көп болады;
Өндіруші фирмаларға қарағанда, коммерциялық емес ұйымдар көбінесе мемлекеттік органдардың ықпалында болады;
Бұл ұйымдардың, адамдардың және территориялардың тауарлар мен қызметтерге деген сұранысын қанағаттандыру
56. Халықаралық маркетингте сыртқы нарыққа шығу тәсілдері:
Консъюмеризм
+Бірлескен кәсіпкерлік
Франшиза
Маркетинг микс
Импорт
57. Халықаралық нарықта қызмет жасауда басты назарды жарнамаға және өнімді өткізуді ынталандыруға бөлетін кәсіпорынның ұстанатын маркетингтік тұжырымдамасы
Өнім өткізу
Өндірісті жетілдіру
+Әлеуметтік-этикалық маркетинг
Тауарды жетілдіру
Маркетинг
58. Шетел нарықтарын қамтуда өнімге баға тағайындауда ескерілетін факторлардың бірі:
Елдің діні, тілі
Елдің білімі
Елдің аумағы
Елдің мәдениеті
+Бәсекелестер деңгейі
59. Шетелдік нарықта өнімді жылжытудың басты құрамдастарының бірі:
Делдал арқылы сату
+Іскерлік байланыстар
Көтерме сату
Келісім шарттар
Бөлшек сауда
60. Халықаралық маркетингте ескерілетін мәдени фактор:
Ел технологиясы
Ел саясаты
+Елдің тілі, діні
Елдің саяси тұрақтылығы
Табиғи жағдайы
61. Шетелдік нарыққа шығу формаларының бірі:
Тауарды отандық нарықта жарнамалау;
+Бірлескен кәсіпорын ашу
Шетелден тауар әкелу
Тікелей маркетинг
Импорт
62. Халықаралық емес маркетинг:
+Ұлттық маркетинг
Экспорт
Глобальды маркетинг
Әлемдік маркетинг
Импорт
63. Шетелдік сарапшылардың классификациясы бойынша, көп ұлттық нарық концепциясына бағыт-бағдар алған фирмалар мына топқа жатады:
+Полицентристік
Этноцентристік
Региоцентристік
Геоцентристік
Мегацентристік
64. Ұқсас өнімді өндіретін және оны берілген фирма сияқты, сол рыноктарда жылжытатын компаниялар – бұл:
Делдалдар;
Жеткізушілер;
+Бәсекелестер;
Клиентура;
Байланыстық аудитория.
65. Өткізуді ынталандыру ... үйлесімде аса жиі пайдаланылады:
+ Жарнамамен;
Насихаттаумен;
Жеке сатумен;
Салыстырмалы жарнамамен;
Айдарлы жарнамамен.
66. Маркетингтік жоспарды жасау неден басталады:
+Жағдайлық талдаудан
Маркетингтік мақсаттар қоюдан
Маркетингтік стратегияны анықтаудан
Тәжірибеде жүзеге асырудан
маркетинг бюджетін жасаудан
67. Маркетинг ... басталады:
Тауарды әзірлеуден және өндіруден;
Ақпараттық жарнама компаниясынан;
+Рынокты зерделеуден және тұтынушы сұраныстарынан;
Үлестіру каналдарын анықтаудан;
Маркетинг бюджетін жоспарлаудан.
68. Стратегиялық маркетингтің тұжырымдамасы не нәрсеге негізделген
+Бәсекелестердің алдында тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы артықшылықтар іздестіру
Маркетингтің стратегияларын әзірлеу
Тұтынушыларға қажетті тауарлардың өтуін ынталандыру
Нарық үлесін жоғарылату
Кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеу
69. Өмір сүру деңгейінің ең дұрыс көрсеткіші қайсы
Халықтың ақшалай табысы
Инфляция қарқыны
+Адам басына нақты табыс
Жұмыссыздық деңгейі
Макроэкономикалық жағдай
70. Тұтынушылар тек қана жоғары сапалы тауарларды сатып алады деген ойда құрылған маркетингті басқарудың тұжырымдамасы
+Тауарлық
Өткізушілік
Әлеуметтік-этикалық
Өндірістік
Дәстүрлі маркетингтік
71. Маркетинг принциптеріне ... жатпайды:
Саралау;
Бейімдеу;
+Сатып алу;
Жоспарлау;
Бақылау.
72. Маркетинг кешенін әзірлеу – бұл:
+Маркетингтік зерттеулердің бастапқы кезеңі;
Маркетингтік зерттеулердің соңғы кезеңі;
Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі;
Сатудан кейін қызмет көрсету;
Тауарды жылжыту.
73. Фирманың пайдасын, тұтынушылардың қажеттіліктерін және қоғамның мүдделерінің теңдестірілуін талап ететін маркетингті басқарудың тұжырымдамасы
+Әлеуметтік-этикалық тұжырымдама
Тауарларды жетілдіру тұжырымдамасы
Стратегиялық маркетинг тұжырымдамасы
Коммерциялық күштерді қарқындату тұжырымдамасы
Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы
74. Экономикалық көрсеткіштері бойынша тауарлар мен қызметтер нарығы
+Тұтыну және өндірістік нарық
Екінші ретті шикізат нарығы
Ноу-хау нарығы
Аралық сатушылар нарығы
Құралдар нарығы
75. Маркетингті басқарудың соңғы тенденцияларының бірі
Өндірісті жетілдіруден гөрі жаңа тауар әзірлеуге ұмтылу
+Активтерді иеленгеннен гөрі брендті иеленуге ұмтылу
Маркетингті ұйымдастырғаннан гөрі менеджментке басты назар аудару
Тауар саясатынан гөрі баға саясатын басты назарда ұстау
Маркетингтен бұрын жоспарлауға ұмтылу
76. Ішкі маркетинг –
+Қажет маркетингтік қағидаларды ұйымның барлық қызметкерлерінің, әсіресе, жоғары басшылықтың қабылдауын қамтамасыз ету
Ол тұтынушылар үшін құндылықты жасау, жылжыту және ұсыну бойынша маркетингтік іс-шаралар жасап, толық біріктірілген маркетингтік бағдарлама құру
Серіктестермен қажетті қарым-қатынас қалыптастыру
Маркетингтің этикалық, экологиялық, құқықтық және әлеуметтік салдарын түсіну
Өндірісті жетілдіру, өнімнің өзіндік құнын төмендету
77. Сатып алушылар мен бизнес-серіктер арасындағы ұзақ мерзімді өзара қатынастарды орнықтыруды мақсат ететін тұжырымдама
Өндірістік
Тауарлық
Маркетингтік
+Өзара әрекеттесу
Әлеуметтік-этикалық
78. Фирманың маркетингтік микроортасында әрекет жасайтын күштер
+Жабдықтаушылар, фирмалар, бәсекелестер, маркетингтік делдалдар, байланыс аудиториялары
Жоғарғы басшылық, қаржылық, құқықтық, өндіріс
Несие-қаржылық ұйымдар, маркетингтік зерттеулер бөлімі, саудалық делдалдар, тауар қозғалысындағы ұйымдар
Халықаралық нарық, мемлекеттік ұйымдар нарығы, өндірушілер, тұтынушылар, аралық сатушылар нарығы
79. Жаңа тауарды нарыққа шығару үшін бірінші ретті ақпаратты жинаудың әдісі
Эксперимент
Көрме
+Пікір сұрау
Фокус-топ
Бақылау
80. Кәсіпорынды маркетингтік ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі
+Маркетингтік ақпараттық жүйе
Сыртқы ақпарат жүйесі
Бірінші ретті деректер
Ішкі есеп беру жүйесі
Екінші ретті деректер
81. Бiр аймақтағы тұтынушылар қажеттiлiгі басқа бiр аймақтағы тұтынушылар қажеттiлiгінен ерекшеленген жағдайда қолданылатын маркетингті ұйымдастыру принципі
Тауарлық
Нарықтық
Матрицалық
+Географиялық
Функционалдық
82. Тауарды үздіксіз жетілдіру маркетингтің қай тұжырымдамасына сәйкес келеді:
+Тауарлық;
Өндірістік.
Өткізу;
Маркетинг;
Әлеуметтік-этикалық маркетинг.
83. Нақты ұйымның барлық мүшелері арқылы қабылданған және көпшілігі арқылы қолданатын жүріс-тұрыстың жалпы шектеулері мен әртүрлі ұстанымдардың жиынтығы
+Корпоративтік мәдениет
Ұлттық мәдениет
Қасалқы мәдениет
Сыртқы мәдениет
Салт-дәстүр
84. Деректердің қайтарылуының төмен денгейімен сипатталатын тұтынушылармен байланыс жасау тәсілі
+Почта арқылы
Сұхбат алу арқылы
Эксперимент арқылы
Телефон арқылы
Фокус топ арқылы
85. Баға саясаты туралы дұрыс тұжырымды көрсетіңіз
Баға саясаты сұранысқа негізделініп, сапаның төменгі шегін және жоғарғы шегін бейнелеп, бағаларды салыстыруға қолданылып, бісекені ескереді
Сұраныс пен бәсекеге негізделген бағаларды салыстыру үшін, сапаға негізделген бағалардың жоғарғы және төменгі шегін көрсетеді
+Сұранысқа негізделген бағалар сапаның жоғарғы шегін көрсетіп, өзіндік құнға негізделген бағалар сапаның төменгі шегін көрсетеді.
Сұранысқа негізделген тәсілдер сапаның төменгі шегін бейнелеп, бәсекеге негізделген және сапаның жоғарғы шегіне негізделген бағалармен салыстырылады;
Барлық тәсілдер бір нәтижеге әкеледі.
86. Маркетингтік зерттеулер дегеніміз
+Әр түрлі маркетингтік мәселелерді айқындап, шешу үшін мәліметтерді жинау, талдау және жалпылау
«нарықтық зерттеулер дегенмен бірдей»
Маркетингтік ақпаратты жинау, жіктеу, талдау, бағалау мен тарату жүйесі
Маркетинг кешенін зерттеу
Анықтамалық әдебиетті талдау
87. Оны шикізатпен, жабдықтармен, жұмсалатын материалдармен және басқа ресурстармен жабдықтайтын, фирмаға тәуелсіз компаниялар - бұл:
Делдалдар;
+Жеткізушілер;
Бәсекелестер;
Клиентура;
Байланыстық аудитория.
88. Айырбастау арқылы қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған, адам қызметінің түрі – бұл:
Жылжыту;
+Маркетинг;
Жарнама;
Ынталандыру;
Өткізу.
89. Сатып алғанда тұтынушылық сенімге көп дәрежеде ... әсер етеді.
Насихаттау;
+Жеке сату;
Жарнама және өткізуді ынталандыру;
Өткізуді ынталандыру;
Насихаттау және өткізуді ынталандыру.
90. Жылжытудың қай түрі әлеуетті сатып алушыларға сенімді ақпарат береді және олар оны аса объективті қабылдайды:
Жарнама;
Өткізуді ынталандыру
Тауарды бағдарлау;
Паблик рилейшнз;
+Жеке сату.
91. Рынокта тауарды бағыттау – бұл:
+ Тауарға рыноктағы бәсекелік жағдайды қамтамасыз ету және маркетингтің сәйкес кешенін әзірлеу;
Рынокты сатып алушылардың жеке топтарына бөлу;
Рыноктың мақсатты сараланымдарын таңдау;
Рыноктың сол немесе басқа сараланымын таңдауды негіздеу;
Маркетингтік зерттеулермен байланысты категория.
92. Сатып алушыларды қанағаттандыру дәрежесі бойынша рыноктық сұраныс ... болады:
Өсуші;
Сөнуші;
Тұрақты;
+ Қанағаттандырылған, қанағаттандырылмаған, шартты қанағаттандырылған;
Қанағаттандырылмаған.
93. Адамның белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыратын және алмасу үшін тағайындалған, еңбек өнімі – бұл:
+Тауар;
Баға;
Еңбекақы;
Кәсіпкерлік қызмет;
Маркетинг.
94. Ағынды өнімді өндірген кезде фирма маркетингтің қай тұжырымдамасын ұстанады:
+Өндірістік;
Тауарлық;
Маркетингтік;
Қарқындату, коммерциялық күштер;
Әлеуметтік-этикалық.
95. Жаңа өнімді жасау идеяларының қайнар көзі кім?
Ғалымдар;
Тұтынушылар;
Жарнама агенттіктері;
Салалық басылымдар;
+Жоғарыда келтірілген барлығы
96. Қызметті кеңейтудің маркетингтік мақсаты қандай?
Операциялық тапсырмаға;
Стратегиялық міндетке;
+Тактикалық тапсырмаға;
Талдау және бағалау тапсырмасына;
Зерттеу мәселесіне.
97. Маркетинг қызметінің құрылымына әсер ететін фактор:
Кәсіпорынның ауқымы;
Сыртқы орта жағдайлары;
Кәсіпорын мақсаттары;
Ішкі орта жағдайлары;
+Жоғарыда келтірілген барлығы.
98. Сатып алушының қалағанын және белгілі бір уақытта не сатып ала алатынын өндіру ...
Маркетингтік идея
+Маркетингтің мақсаты
Маркетингтік функция
Маркетингтік стратегия
Басқару стратегиясы
99. Маркетинг кешенінің құрамдастарын атаңыз
Өнім саясаты
+Өнім, баға, маркетинг және коммуникация саясаты
Маркетинг саясаты
Коммуникация саясаты
Баға саясаты
100. Бөлу және қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды қамтитын функцияны атаңыз
Ұйымдастырушылық
Басқарушылық
Өндіріс
+Маркетинг
Бақылау
|