Мақсаты: а Білімділігі Оқушылардың ойы жүйрік, танымдылық деңгейіне жоғары дарынын ашу; ә



Дата31.01.2018
өлшемі79,24 Kb.
#36362
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты:

а) Білімділігі

Оқушылардың ойы жүйрік, танымдылық деңгейіне жоғары дарынын ашу;



ә) Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлау, еске түсіру қабілетін дамыту;



б) Тәрбиелік

Оқушылардың интеллектуалдық дарынын ашуға, адамгершілікке, жауапкершілікке тербиелеу;

Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Біз қазір химия ғасырындамыз.Кәдімгі қасықтан бастап,ұшақ,жер серігіне дейін химия өнімдері.Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе,бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп бірде бір кеме суда жүзе алмаған болар еді.Адам тамақсыз,киімсіз,

қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды.Мінекей,солардың бәрін жасауға

химия қатысады.Сондықтан да «Қайда қарасақ та қайда көз жберсек те көретініміз химия ғажайыптары»деп өте орынды айтылған.Міне осындай таңғажайып сыры

мол химия пәнінен 8-11 Сыныптар арасында өткізгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер! Ендеше бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған оқушыларымызды таныстырып өтейік.

Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар мүшелерімен таныстырып өтейін.

Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныс болайық.

І – бөлім – «Бәйге»

ІІ – бөлім «Полиглот»

ІІІ бөлім – «Ғажайып жетілік»

IV бөлім – «Тікелей сұрақтар»

V бөлім – «Егер мен» тәжірибелік тур

VI бөлім – «Кім жылдам?»

Және әр бөлімде ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.



І – бөлім – «Бәйге»

Бір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады.


1. Сүйекті қаптайтын элемент ---- кальций

2. Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент ---мырыш

3. Ақыл-ой элементі--- фосфор

4. Қан аздығы ауруын тудыратын элемент ----темір

5. Сүйек пен тісте кездесетін металл --- кальций
6. Гемоглобин молекуласының құрамына қандай элемент кіреді ---темір
7. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі қай элементтің азаюынан болады ---күміс
8. Жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысатын элемент --- магний

9. Егер қай элемент жетіспесе бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды ---мыс

10. Сақар деген не? (К2СО3 – калий карбонатының техникалық аты)

11. Қандай қантта қант жоқ? (қорғасын қантында(СН3СОО)2Pb)

12. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар---тұз қышқылы

13. Қандай сүтте сүт жоқ? Сұйық әкте Са (ОН)2

14. Қандай металл адамның қолында балқиды? (Сілтілік металл цезий адам қолында балқиды. Балқу температурасы 28,5 С)

15. Қанда темірдің жетіспеушілігі адамда қандай ауру тудырады? Қаназдық

16. Жануарлардың сауыты, бақалшағы, жұмыртқаның қабығы қандай металл қосылысынан тұрады? Кальций карбонаты

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады

ІІ – бөлім «Полиглот»
Бұл бөлімде сайыскерлер берілген жұмбақтың шешуін тауып, қазақша, орысша, ағылшынша айтады. Толық жауапқа 20 ұпай, жартылау жауапқа 10 ұпай қойылады. Тек қазақ тілінде табылса 5 ұпай


  1. Өзім газбын,менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

(Оттек, кислород,оксиджен)

2... қойнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

(болат, сталь, стиил)



  1. Сыйлап берген ... да тәтті

(су, вода, ота)

  1. Өшпейтін өмір жоқ,

Сынбайтын ... жоқ

(темір, железо, айрон)




  1. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа, воздух, эйа)



  1. Қара таудың басында

Киік кетіп барады,

Қол аяғы бауырына

Тиіп кетіп барады.

(тұман, туман, фог )



  1. Көтеріп теңізден,

Аспанға биік барасың.

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың

(жаңбыр, дождь, рэйн)



  1. Алғаш болды белгілі,

Күйде қандай элемент?

Одан кейін біз оны

Жерден зерттеп тауып ек?

(гелий, гелий, гелиум)



  1. Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,

Қандай металл, құрал жасар одан құйып?

Сынап, ртуть, меркури

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады

ІІІ бөлім – «Ғажайып жетілік»

Бұл сайыста химиядан сұрақтар тақтада цифрлар жазылған торкөзді оқушылар таңдайды. Әр оқушыға дұрыс жауап үшін торкөзддегі сан мөлшерінде ұпай қосылады.



30 30 30

40 40 40

  1. 30 (оң жақ). Александр Македонскийдің Индияға сапары кезінде оның әскерлері іш ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Су саны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған?

Жауабы: Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған, ал күмістің бактерицидтік қасиеті бар.

  1. 30 (ортада). Күнделікті тұрмыста алтыннан жасалған сәндік бұйымдарға қандай зат әсер етеді? Не себепті?

Жауабы: Сынап әсер етеді, өйткені сынап пен алтын амальгама деп аталатын қосылыс түзіп кетеді.

  1. 30 (сол жақ). Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? Оның қандай әсері бар?

Жауабы: Ауадағы NO2, SO2, SO3 газдары жаңбыр жауғанда жерге қышқыл жаңбыр болып түседі.

  1. 40 (оң жақ). «Түссіз көмір», «Сары көмір», «Жасыл көмір», «Көгілдір көмір», «Қызыл көмір», «Көк көмір» деп нені айтады?

Жауабы: «Түссіз көмір» - газ, «сары көмір» - күн энергиясы, «көк көмір» - теңіз суының энергиясы, «көгілдір көмір» - желдің қозғаушы күші, «қызыл көмір» - жанартаудың энергиясы, «Жасыл көмір» - өсімдік отыны.

  1. 40 (ортада). Лавсан деген сөз қандай мағына береді? Лавсан талшығы неліктен осылай аталған.

Жауабы: Лавсан деген сөз «лаборатория высокомолекулярных соединений Академий наук» дегеннен қысқартылып алынған. Себебі осы талшық осы ғылым академиясының жоғары молекулалы қосылыстар зертханасында алынған.

  1. 40 (сол жақ). Қай ғалым сыйлық ретінде 1 грамм металл алған?

Жауабы: 1921 жылы М.Кюриге радийдің 1 граммы сыйлық ретінде берілген.

Ұпайы аз 1 оқушы шығарылады

IV бөлім – «Тікелей сұрақтар»

Әр дұрыс жауапқа 40 ұпай қойылады. Тақтадағы торкөздерден ұпайы аз оқушы өзі қалаған нөмерін таңдайды. Алдын ала дайындалған үнтаспада жазылған сұрақтар қойылады.

  1. ХХ ғ. отызыншы жылдары американдық В.Карозере полиамид талшығын алған. Бұны америкада «найлон» деп атаған. Осы талшық біздің елде қалай аталады?

а) акрил

ә) капрон

б) лавсан

дұрыс жауабы: (капрон)


  1. «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Қай ғалымның сөзі?

а) М.Жұмабаев

ә) Қ. Сатпаев

б) Ә.Марғұлан

(Қ.Сатпаев)



  1. Өздеріңізге белгілі табиғи газ түссіз, иіссіз, ал тұрмыста қолданылатын газдың иісі бар, неліктен?

Жауабы: Табиғи газдың иісі болмайды. Дегенмен тұрмыста газ пайдалануда сақтық шаралары ретінде арнайы иісі бар зат қосады.

  1. Жануар мен адам организмінде мыс қай ағзасында концентрленеді? Бауырда

  2. Кальций қосылыстары көбіне қай салада қолданылады? Құрылыс материалдары

Ұпайы аз 1 оқушы шығарылады

V бөлім – «Егер мен» тәжірибелік тур

50 ұпай


1.Үстелге мал майы, натрий гидроксиді қойылған. Осы заттарды пайдаланып не нәрсе алуға болады және қалай алады?

Жауабы: Сабын алуға болады.

  1. Үстелге піскен жұмыртқа, тұз қышқылы, химиялық стақан қойылған. Жұмыртқаның қабығын сындырмай қалай аршуға болады?

  2. Мүсәтір спирті, тұз қышқылы, екі шыбық берілген. Отсыз түтін қалай алуға болады?

Жауабы:

  1. Берілген ас тұзы ерітіндісі, жіп, қаламұш,екі штатив қойылған. Берілген заттардан жанғанда үзілмейтін жіп қалай алуға болады?

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады

VI бөлім – «Кім жылдам» әр дұрыс жауапқа 5 ұпай .

І. Оқушы


  1. Ең қатты металл? (хром)

  2. Ломоносов «Корпускула» деп нені атаған (молекула)

  3. Ең жеңіл металл (литий)

  4. Қандай қышқылда алтын ериді? (селен қышқылында)

  5. Шикізаттар деген не? (көрсеткіш)

  6. Иіс газы деген не? (СО – көміртек ІІ оксиді)

  7. Алхимия деген не? (Металды алтынға айналдыру)

  8. Алғашқы орыс профессоры, химик? (М.В.Ломоносов)

  9. Бөлінбейтін кішкентай бөлшек? (Атом)

  10. Қанның құрамына кіретін металл? (Темір)

ІІ – оқушы

  1. Ең алғаш белгілі болған элемент (Алтын)

  2. Ең ауыр металл (Осмий)

  3. «Түлкі құйрығы» деп қай газды атаған? (Азот оксиді NO2)

  4. Фосфор деген сөз қандай мағына береді? (Жарық тасушы)

  5. «Экология» деген қандай мағына береді? («Эко» - табиғат, «логос» - ілім)

  6. М.В.Ломоносов неше шет тілін меңгерген? (20 тілді)

  7. Азот тыныс алатын газ (Оттегі)

  8. Селитра деген не? (Тыңайтқыш ретінде қолданылады)

  9. Гидроксоний ионы (Н3О+)

  10. Тотияйынның формуласы (CuSO4 * 5H2O мыс сульфаты кристаллогидраты немесе мыс купоросы)

Осымен бүгінгі интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайысымызды қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

«Жас лингвист» номинациясы бойынша

«Жас тапқыр» номинациясы бойынша

«Жас ойшыл» номинациясы бойынша

«Жас логистик» номинациясы бойынша

«Жас лаборант» номинациясы бойынша



«Жас химик» номинациясы бойынша

Сайысты жеңіп шыққан оқушы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанып, марапатталады. Мұндай интеллектуалды жарыстар оқушылардың танымдық деңгейін көтеріп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Каталог: uploads -> doc -> 0d91
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d91 -> Көкөніс пен жемістер
0d91 -> Сабақ «Балапан» бірінші кіші тобынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: «Данышпан тасбақа»
0d91 -> Сабақтың тақырыбы: §52. Тұрақты магниттердің магнит өрісі §53. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет