Тақырыбы: «Сенемін мен ертеңіне елімнің!»
Мақсаты: 1.Отанын қорғауға ,туған еліне мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру,Отанының нағыз патриоты болуына,халықтар достығын құрметтеуге,ана тілін қастерлеуге, ата-баба мұрасын жалғастырушы болуға, қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын сүюге, ер жүректілікке,азаматтыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,слайдтар,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « »
Түрі: концерттік бағдарлама
Барысы:
1 – жүргізуші:
Армысыздар қадірменді ұстаздар мен оқушылар!Бүгін 7б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Сенемін мен ертеңіне елімнің!» атты концерттік бағдарламамызды бастаймыз.
2- жүргізуші:
Отан деген не?
Отан – сенің ата - анаң,
Отан - досың,бауырың.
Отан - өлке,астанаң,
Отан – туған ауылың.
Ән: «Төменарық киелі мекен» Хор.
1- жүргізуші
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
1 - оқушы
Қазақ жері – қонақтай төрлер жері,
Қазақ жері – қос – сақтай ерлер жері.
Елі кедей болмаған – жері байтақ,
Едігедей,Бабырдай шерлер елі.
2-жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет тарихта қазақ халқы тәуелсіздікке қолы жетті.Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140 – тан астам ел таныды.Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды.Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы, елтаңбасы,әнұраны,өз мемлекеттік тіліміз бар.
1 – жүргізуші:Тіл халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін – келбеті,болмысы деуге болады.Халықтың тарихта қалуы тіліне,тілінің сақталуына байланысты.Тәуелсіздіктің ел басты белгісі – оның ана тілі,ұлттық мәдениеті.Өзінің ана тілі,ұлттың мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.
2- жүргізуші:Дұрыс айтасың!Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін,мәдениетін,ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Тілді қастерлеу ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.
2-оқушы.
Қазақ тілі – туын биік ұстаған,
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.
Қазақ тілі - мәртебелі еңселі,
Құрметтеп отыр бүгін ел сені!
1 - жүргізуші:
Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.Себебі,әр ұлттың тілі - оның бақытты,тірегі.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.Сондықтан да әрбір адам ана тілін қадірлеуге міндетті.
3 –оқушы.
Қасиетім! «Ана» атымен аталған,
Сен арқылы аталардан бата алған.
Сенен ұғып өсиетін Абайдың,
«Атамекен», «Туған ел» деп ән салған.
2 – жүргізуші Ән «____________». Орындайтын ____________
4 – оқушы.
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Хормен: Жасай бер,ана тілі - қазақ тілі!
1 – жүргізуші.Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келесі міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Қазақ биі: «____________». Орындайтындар: ____________
5-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
6-оқушы:
Елтаңба – тәуекел,ерліктің белгісі,
Елтаңба – Кемелдік,кеңдіктің белгісі.
Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі,
Елтаңба – егемен елдіктің белгісі.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
7-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
8-оқушы:
Көк аспанда көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық табағы.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
9-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
2 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының әнұраны.
(Әнұран айтылады)
Достарыңызбен бөлісу: |