Тақырыбы: «22 қыркүйек – тілдер мерекесі» Мақсаты



бет1/2
Дата05.07.2023
өлшемі16,94 Kb.
#179328
түріОқулық
  1   2
Байланысты:
Тіл мерекесі ашық сабақ


Тақырыбы: «22 қыркүйек – тілдер мерекесі»
Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақылсөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу;
Көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат,слайдтар, оқулық, нақыл сөздер

Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.


Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.

(Шағын видеоролик)


Өлеңдер:


1-оқушы:Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім,
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,


Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлен – жырмен арайланса, тау күліп,


Ардақтымды жырлап өтем әң қалып.
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.


2-оқушы:Родной язык!
Он с детства мне знаком,
На нем впервые я сказала «Мама»,
На нем клялась я в верности упрямой,
И каждый вздох понятен мне на нем.
Родной язык!
Он дорог мне, он мой.
На нем ветра в предгорьях наших свищут,
На нем впервые довелось услышать
Мне лепет птиц зеленою весной.


3-оқушы: Oh, friend unseen, unborn, unknown,
Student of sweet English tongue,
Read out my words at night alone:
I was a poet, I was young
Since I can never see your fase,
And never shake you by the hand,
I send my soul through time and space
To greet you. You will understand.


4-оқушы: Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,


Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.

Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,


Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет