- Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың
- балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
- Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін,
- олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің
- жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты
- жақсарту
- бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
- І. Кіріспе бөлім:
-
- Ата-аналар жиналысының тақырыбы:
- «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» деп аталады.
- Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
- Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары
- жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы
- болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
- Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
- Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы
- саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты
- – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
- етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
- жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де толық көңіл бөле алмай отыр.
- Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,
- қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
- іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
- отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар
- баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,
- еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,
- жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын
- тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл
- бөлуді ешқашан естен шығармайық.
- Топтық жұмыс. Постер қорғау
- Бала-ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін» деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Балаға дұрыс тәрбие беруде оны танып-білу, жан дүниесін ұғу маңызды.
- Топтарға 1-тапсырма:
- «Ана»: «Тәрбиелі баланың» сипатын,
- «Бала»: «Тәртіпсіз баланың» сипатын,
- «Әке»: «Балаңыз табысты оқушы болуы үшін не істей аласыз ?» постерге түсіріп, ортада қорғайды.
- (Ойласуға 5 минут, қорғауға 1,5 минут).
Достарыңызбен бөлісу: |