Машықтану №13 Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балалар және оларды тәрбиелеу



Дата21.04.2022
өлшемі18,04 Kb.
#140219
Байланысты:
13.Семинар


Машықтану № 13


Тақырыбы:Мүмкіндігі шектеулі балалар және оларды тәрбиелеу.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жасалатын жағдайлар, даму бұзылыстарын түзету мен әлеуметтік бейімдеу жолдары қарастырылған Стандарт бойынша инклюзивті мектептерде оқу процесі іске асырылады. Еске салу қажет, инклюзивті білім беруде жалпыға білім беру мектебінің баланың дамуына немесе дайындық деңгейіне қандай да болмасын талаптар қоюға құқығы жоқ. Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпыға білім беру сыныбында басқалармен қатар, қосымша үздіксіз түзету көмегін алу арқылы оқып, тәрбиелену жағдайында инклюзивті білім беру процесі іске асырылады.


Инклюзивті сыныпта оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау мәселесіне қатысты, Стандартта қолданылатын анықтамалар:
Жұмыс оқу жоспары – оқушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, типтік оқу жоспарының негізінде жалпыға білім беру мекемесі құрастыратын құжат.
Міндетті оқу бағдарламасы – типтік оқу инварианттық компонентіне кіретін, әрбір оқу пәні бойынша білімдер, іскерліктер және дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Вариативтік оқу бағдарламасы – типтік оқу жоспарының вариативтік компонентіне кіретін, оқу курсы бойынша білімдер, іскерліктер, дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады: жекетұлғалық нәтижелер; жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер; пәндік нәтижелер.
Жекетұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелік, әлеуметтену және рухани-адамгершілік, шығармашылық және физикалық даму деңгейлерін психологиялық мониторингі арқылы бақыланып, оның портфолиасына жинақталады.
Жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, шығармашылық оқу жобаларын орындау, сонымен қатар басқа да зерттеу іс-әрекеттері түрлерінен жетістіктерімен анықталады, оның портфолиосына жинақталады. Пәндік нәтижелер білім алушының орта білімнің негізгі мазмұнын меңгеруде көрініс табатын білімділік пен іс-әрекеттік дайындықтарымен анықталады.
Инклюзивті мектепте оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау контекстінде арнайы білім беру тәжірибесін пайдалануға болады: нақтырақ, жаңа түзету педагогикалық технологияларын (А.Т.Баймуратова, В.В.Воронкова, А.М.Змушко, Л.Р.Муминова, Л.И.Солнцева және т.б.) және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды интеграциялау мақсатымен құрастырылған жалпы білім беру кешендерін (Н.Н.Малофеев, Л.М.Шипицина, Т.В.Егорова, Е.В.Резникова, Н.В.Щевцова, М.Л.Баранова және т.б.).
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру нормативтері Стандарт негізінде құрастырылған арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарларында құрастырылған. Оқу жоспарлары мектептерде оқыту мен білімдерді меңгеру процестерін байланыстырады. Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарлары келесі міндеттерді шешеді:
- Стандарт талаптарының деңгейінде мүмкіндігі шектеулі балалардың білімін дамыту, ал интеллект бұзылыстары бар оқушыларға, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай білім беру;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің даму бұзылыстарын түзету немесе орнын толықтыру;
- білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай дамуға жағдай жасау;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығын сақтау және шынықтыру.
Мемлекеттік білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негізгі орта білім алу мерзімі он жылдан кем болмауы тиіс («Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы»). Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарларының құрылымына, мүмкіндігі шектеулі балалардың даму бұзылыстарын жою, алдын алу үшін, «түзету компоненті» енгізілген.
«Түзету компоненті» - арнайы жалпыға білім беру мектептерінің оқу жоспарларының ерекше бөлігі. Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің Типтік оқу жоспарларына, білім алушылардың даму бұзылыстарының ерекшеліктеріне сай, түрлі «түзету компоненттері» қосылады.
Даму бұзылыстары бар оқушылардың психикалық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері оқу жоспарларын модификациялауды, ерекше бағдарламаларды пайдалануды, оқу материалдарының көлемі мен оны өту жылдамдығын өзгертуді талап етеді.
Білім бағдарламаларын бейімдеу жұмыс жалпыға білім беру мектебінің әкмшілігі мен педагогтарының инновациялық іс-әрекеті болып қарастырылады. Сонымен қатар, жаңашылдығы мен күрделігіне қарамастан, бұл жұмыс барлық білім алушылардың құқықтарын теңестіреді. Жалпыға білім беру мектептерінің мұғалімдері даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мазмұнын білулері тиіс, сондықтан арнайы жалпыға білім беру мектептерінің «түзету компоненттеріне» жатқызылатын пәндерді қарастыру керек.
Арнайы жалпыға білім беру мектептері оқушыларына Стандарт талаптарына сай білімдер, іскерліктер мен дағдыларды меңгерту мақсатымен типтік оқу жоспарларында білім беру мерзімі ұзартылған, ал нәтижелі өмірлік бағытталу, әлеуметтенулері үшін еңбектенуге даярлау сағаттары көбейтілген («Технология»). Осыған байланысты мектеп пен педагогтардың негізгі міндеттері болып, балаларды түрлі деңгейлерде оқыту міндеттерін шешу үшін білім беру бағдарламаларын бейімдеу және оларды іске асыру үшін жағдай жасау болып табылады. Типтік оқу жоспарын бейімдеу үшін мұғалім дайындық жұмысын жүргізу керек.
Мақсатқа жету үшін инклюзивті мектептің мұғалімі келесі міндеттерді шешуі керек:
1. Инклюзивтің сыныптың барлық оқушылары білім беру бағдарламасын меңгеруі үшін жағдайлар жасау;
- білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай замануи технологияларды, әдістерді, тәсілдерді, оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлерін қолдану;
- мүмкіндігі шектеулі балаға қажетті оқу материалын бейімдеу;
- түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті оқу және дидактикалық материалдарды бейімдеу немесе құрастыру.
2. Мектеп қоғамына, құрдастары тобында мүмкіндігі шектеулі баланың бейімделуіне жағдай жасау:
- интерактивті тәсілдер көмегімен сабақтар, сыныптан тыс сабақтар мен іс-шаралар ұйымдастыру;
- әр баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі таныту қажеттілігін іске асыруға, мектептің, сыныптың өміріне қатыстыруға бағытталған жұмыс жүргізу;
- балалардың оқу жетістіктерін, оқу және сыныптан тыс іс-әрекет нәтижелерін адекватты бағалау тәсілдерін қолдану.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет