Такырып: Алматы қаласындағы әлеуметтік жетімдердің әлеуметтену процессі
Зерттеу сұрағы: Алматы қаласындағы әлеуметтік жетімдердің қоғамға бейімделуі және кәсіби білім алуына жасалатын жағдайлар қандай?
Өзектілігі: «Әлеуметтік жетімдік» ұғымы ата-аналар құқығынан айырылу, қабілетсіз, хабар-ошарсыз кету салдарына байланысты баланы қоғамға тапсырады, егер ата- ана баланы тәрбиелеумен айналыспаса, мемлекет оған қамқорлық жасайды.
Әлеуметтік жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ізгілік тұрғысынан көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы. Әлеуметтік жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесі шетелдік, отандық зерттеулерде де актуалды тақырып болып табылады.
Кімді? Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды зерттеймін
Не үшін? Әлеуметтік жетім балалардың қоғамдағы рөлінің қандай екенінін білу үшін зерттеймін.
Қалай? Білікті мамандардың зерттеу жұмысын талдау, интернет желісі, сондай-ақ эскперттік интервью әдісі арқылы зерттеймін.
Мақсаты: Әлеуметтік жетім балалардың тұлғалық қалыптасуын, қоғамға бейімделуін, сондай-ақ мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерін анықтау.
Міндеті: -әлеуметтік жетім балалардың жағдайын анықтау;
-әлеуметтік жетім балалардың екінші реттік әлеуметтену процессін қарастыру;
-эксперттік интервью жүргізу;
- интервьюді талдау арқылы зерттеуге қорытынды жасау.
Зерттеу обьектісі :SOS Алматы ауыл балалар қалашығы
Зерттеу пәні: Әлеуметтік жетім балалардың өзіндік жетілу процессі
Болжам: егер: -әлеуметтік жетім балаларға жүйелі түрде кәсіби білім берілсе;
-баланың психологиясымен дұрыс жұмыс жасалса;
-баланың әлеуметтену процессі дұрыс қалыптастырылса, онда қоғамға, ортаға тез бейімделетін, өзін-өзі құрметтей алатын, жоғары қажеттіліктерін сезіне алатын, яғни өзін-өзі белсендендіретін «Мен» ұғымы қалыптасқан тұлға қалыптасады.
Қорытынды: Әлеуметтік жетімдік өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Осы мәселені зерттеуіміздің басты себебі: біріншіден, жетім балаларды қолдап, кішкене болса да әлеуметтік көмек көрсету болса, екіншіден, осы бағытта зерттеулердің аз жүргізілгендігі болды.
Қорытындылайтын болсақ:
Әлеуметтік жетім бала мен толық отбасыдан шыққан бала арасында айырмашылықтар болады, яғни мінез-құлқында, жүріс-тұрысында, өмірге деген көз қарасында, өмірлік жағдайларында.
Әлеуметтік жетім баланың психологиясында ауытқулар пайда болады. Ол баланың ата- анасына және тағы басқа жағдайларға байланысты ішінде үлкен реніш қалып қояды. Егер бала ол ренішті жеңе алмаса, сол жарақатпен өмір бойы қалады. Ол жарақат баланың кейінгі өміріне көп кедергісін тигізеді. Жалпы балалардың мінезінің қалыптасуы, яғни қатыгез несеме жанашыр болуы, ақылды немесе сараң болуына өмір сүріп жатқан ортасы, алып жатқан тәрбиесі тікелей әсер етеді.
Әлеуметтік жетім бала мен толық отбасыдағы бала арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің бар екендігі анықталды. Мысалы, сұхбат алған респондент бір емханада әлеуметтік жетімдермен де, толық отбасыдағы балалармен де емделген екен. Сонда 2 жақ арасында теңсіздік болғандығын байқаған. Яғни, медбикелердің балалармен қарым- қатынасының әр түрлі болуы және тағы да басқа өмірлік жағдайлар.
Білім жағына келетін болсақ, әлеуметтік жетімдер қарапайым балалар сияқты қаланың мектептеріне барып білім алады. Ал жоғарғы оқу орнында білім алу бойынша Мемлекеттік Білім беру Жинақтау жүйесіне жүгінеді. Бұл балалар мәртебеге ие болған кезде, мемлекеттер оларға белгілі бір ақша аударады. Мысалы, олар 16 жастан бастап ересек болған кезде, олар ақылы негізде білім ала алады. Егер олар грантқа оқитын болса, онда олар осы стипендияны қолдана отырып 2 жоғары білім ала алады.
Яғни бұл балалардың білім алуына үлкен септігін тигізеді.
Егер мекеменің білімі жеткіліксіз болса және олар бір жерде біліксіз болып жатса, арнайы өз ісінің мамандарын ақылы негізде шақырады