Сабақ , Шағын-жоба Тақырыбы: Адамның өмір барысындағы әлеуметтену: институттары мен үдерістері



Дата26.03.2022
өлшемі4,04 Mb.
#136875
түріСабақ
Байланысты:
Шағын-жоба -2


Тәжірибелік сабақ 5, Шағын-жоба -2
Тақырыбы: Адамның өмір барысындағы әлеуметтену: институттары мен үдерістері.
Орындаған: СИ-21-3 тобы студенті
Садуакасов Нуржан
Тексерген: Абиева А
Ақтау 2021
Жоба жоспары
1. Қоғам мен индивид арасындағы қарым-қатынас.
2. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі.
3. Гендерлік әлеуметтену.
4. Бірегейлік және тұлға.
5. Рөлдер және мәртебелер. 
Қоғам мен индивид арасындағы қарым-қатынас.

- Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Тұлға-әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады.


- Адам деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
- «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам.
Индивидуалдық- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
- Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін оның идеалды типтен қандай айырмашылығы, ерекшелігі барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырады:
Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену

- Бірінші реттік әлеуметтену- бала үшін өте маңызды, өйткені бұл әлеуметтену процесінің қалған бөлігі үшін негіз болып табылады. Бастапқы әлеуметтенуде бала қоғам туралы, оның құндылықтары мен нормалары туралы идеяларды алатын отбасы өте маңызды рөл атқарады.


- Екінші реттік әлеуметтену.- бұл үйден тыс жерде болады. Оның негізі-балалар жаңа ережелерге сәйкес және жаңа жағдайда әрекет етуі керек мектеп. Процесінде адам енді шағын топқа емес, орташа топқа қосылады.
- Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн.
Гендерлік әлеуметтану
Бірегейлік және тұлға

- Бірегейлік және тұлға Бірегейлік мәселесі ғылымдағы, тұлғаның ішкі дүниесіндегі өзегі-»Мен» болады деп болжамдайтын, «Мен» - тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Бұл жердегі «Мен» - сана –сезім түсінігіне көбірек жанасатын, адамның өзі туралы, басқалар туралы ұғымдарынан туындайтын құбылыс.Бірегейліктің екі деңгейін бөліп көрсэтуге болады. Біріншісі – тұлғалық-психологиялық – адамның «Мен кіммін?» денег сұрақтарға жауап іздеуі. Ол тұлғаның, түрлі әлеуметтік топтарға қатысуынан туындайды. Бірегейліктің бұл деңгейі адамның қандай да бір топ пен байланысын, өзінің осы топқа қатысын бағалауынан туындайды.Екінші деңгей әлеуметтік-психологиялық, тұлғаның әлеуметтік топтарға қатысын білдіреді. Адам өз тобин басқа да топтармен салыстыра отыра, оны бағалап, сол топтың мүддесі үшін қызмет етеді. Әлеуметтік – психологиялық бірегейліктің бір түрі ретінде ұлттық-әлеуметтік бірегейлік қарастырылады. Мұнда тұлға, өзінің белгілі бір ұлтқа тән екендігін сезінеді.


Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс – қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді.
Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді.Мысалы отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, оған белгілі бір талап – тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.
Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға өзіндік рөлдік мінез – құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез – құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез – құлық.
Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез – құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез – құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компонеттері сатылы жүйе ретінде құралады.
Рөлдер және мәртебелер
Рөлдер және мәртебелер
Пайдаланылған әдебиеттер
https://melimde.com/deris-tairibi-eleumettenu-jene-biregejlik-deviaciya-jene-eleum.html?page=9
НАЗАРЛАРЫНЫЗГА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет