Пән: Өзін-өзі тану Тақырыбы: Шынайы Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері Құндылығы



Дата07.02.2022
өлшемі444,56 Kb.
#89770
Байланысты:
21 казан Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері



Пән: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Шынайы Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері
Құндылығы: адамгершілік және құқықтық нормалар
Сапасы: тәрбиелік, тәртіптілік.
Педагог: Камзина С.Б.

Мақсаты: Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері жайлы толық мәлімет беру
Міндеттері:
Білімділік: қазіргі әлемде өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы мен адамның шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: өзін-өзі тануға деген ұмтылысты барынша толық іске асыруға ықпал ету;
Дамытушылық: рефлексия және өзін-өзі таныстыру дағдыларын қалыптастыру

Ресурстар: Ән, презентация, бейнебаян

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезең
Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге жақсы тілектер айтады.


2. Үй тапсырмасын тексеру.


3.Тыныштық сәтi. 3 мин
Баяу ән қойылады. Оқушылар көздерін жұмып, өздері армандаған, болғысы келетін жерді елестетеді.

Студенттер өз әсерлерімен бөліседі.



Баяу ән


4. Оң пікір (дәйексөз).
«Рух-сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, жанашырлықта, әділеттілікте, шығармашылықта, еркіндікте, борышта т.б көрініс табады »
Н.Бердяев
1. Дәйексөзді оқыту.
2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеcіңдер?
3. Дәйексөзді дәптерге жаздыру.
4. Қорытынды сөз.

Дәптерге жазып алу

5. Олай болса бүгінгі жаңа тақырыбымызға назар аударыңыздар!





6. Ұстаздан сыйлық.
Қызығушылығын ояту.

Абай-ұлттың атасы, рухани әкесі: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп және хак жолы осы деп әділетті»-деген асыл қасиетті қастерлеумен бұл дүниеден өтті. Осы қасиеті оны халқына қамқор, ұлтына жанашыр болуымен қатар, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтеріп, әлемдік сана деңгейіне жетеледі.








7.Шығармашылық іс-әрекет: Абай Құнанбаевтың қандай рухани өсиеттерін білесіздер?






  • 8.Топтық ән айту.

«Достар әні»
https://youtu.be/sHWemluYhGk

Караоке

9.Үй тапсырмасы.


Бүгінгі тақырыпқа қосымша мәлімет іздестіру




10.Соңғы минуттық үнсіздік.
- Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет