Математика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі2,43 Mb.
#28079
  1   2   3
Математика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Өлеңті орта мектебінің математика және физика пәнінің

мұғалімі Охан Майрагүл

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік

стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру

өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев.

ХХ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Сондықтан да адамзатқа ең бастысы компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қатарынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеруі тиіс. Бұл мектептегі тек ғана информатика пәнінің мұғалімінің ғана міндеті емес. Барлық пән мұғалімдері компьютерлік сауаттылық жағынан жоғары деңгейде болу қажет деп ойлаймын. Әр мұғалім өзінің компьютерлік сауаттылығын жетілдірмегені, замана көшінен қалып бара жатқаны екенін түсіну қажет. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі.

Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды.

Оқу процесіне жаңа информациялық технологияларды еңгізу ісі математикамен де тығыз байланыста өткізіледі, сондықтан математик мұғалімдер компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануы тиіс. Осындай сәттерде математика курсының мазмұнын да қайта қарап, оның компьютерлік сүйемелдеуде пайдалануға болатын бөлімдерін саралап, сабақтары жаңалап өткізу әдістемелерін құрастыру қажет.

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді. Қазіргі заманның ұстазы, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, төл мәдениетін қастерлейтін , сыйлайтын, оны өзгеге сыйлата алатын, дүниежүзілік мәдениетті таныта алатын, рухани дүниесі бай, зияткерлік деңгейі жоғары, білімді білікті болуы қерек.

Дегенімен, әр сабақта ақпаратты технологияны қолданып өткізуге ауыл мұғалімдерінің мүмкіндігі жете бермейді. Себебі ауыл мектептерінде компьютерлер жеткіліксіз. Интерактивті тақталар тек 2-3 кабинетте қана орналасқан. Мұғалімдер өздерінде бар электронды оқулықтарды үнемі қолдана алмайды. Әйтсе де, көп мұғалімдер өздерін дербес компьютермен немесе ноутбукпен, принтер, сканерлермен қамтамасыз еткен.

Математика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі мен маңызын өз іс тәжірбиемде күнделікті сабақтарда, ашық сабақ-тарда қалай қолданып жүргенімді сіздермен бөліспекпін.

Мен сабақта компьютерді мынадай кезеңдерде пайдаланамын:



  • Ұйымдастыру кезеңде –сабаққа қызығушылықты арттыру мақсатымен интерактивті тақта арқылы оқуға шақыру өлең жолдарын жазу, сабақтың ұрандарын жазу;

  • Үй тапсырмасын тексеру барысында;

  • Өзіндік, бақылау жұмыстарын өткізу

  • Тест өткізу

  • Сергіту кезеңі – сөзжұмбақтар, ребустар шешу, дене жаттығуларын жасау;

  • Ойындар өткізу;

  • Бекіту пысықтау кезеңде;

  • Сабақта электронды оқулықты қолдану

5-сыныпта «Аралас сандар» тақырыбын өткен кезде үй тапсырмасын тексеруде, жаңа сабақты түсіндіруде, сергіту сәтінде, үй тапсырмасын беруде мынадай слайдтар қолдану арқылы, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырдым. (слайдтар көрсетіледі)

9-сыныпта "Дұрыс көпбұрыштар» тақырыбын қайталауды өткен кезде есептерді шығару барысын біртіндеп, көрсету арқылы сабақты түрлендіре түстім. (Слайдтар көрсетіледі)



Сонымен қатар 9-сыныпта алгебра пәнінен «Сандар тізбегі» тақырыбын өткен кезде, электронды оқулықты кеңінен қолдандым. Әрбір оқушы электронды оқулықтағы есептері және тест тапсырмаларын ноутбукте орындады.

Осылайша сабақтарымда ақпаратты технологияны қолдану арқылы мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізе алдым:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет