Мазмұндамалар жинағы 3 сыныптарға арналған
Көмек
Қыстың ашық күнінде Ернар, Айдын, Талғат үшеуі ауыл шетіндегі кішкентай көлшіктің жанына ойынға шықты. Олар қардан аққала жасап, бір-бірімен қар лақтырысып ойнады. Одан кейін үшеуі қатып жатырған көлшікке сырғанақ тебе бастады. Кенеттен көлдің мұзы жарылып, Айдын суға күмп ете түсті. Ол қорыққанынан айқайлап жіберді. Осы кезде Ернар мен Талғат жүгіріп келіп, оған қолдарын созып , судан шығарып алды. Бұл жағдайды естіген Айдынның анасы достарына рахмет айтып, « Міне, нағыз достық осындай болады!»- деді.
Сұрақтары:
1. Жылдың қай мезгілі ?
2. Балалар қайда ойынға шықты?
3. Олар қандай ойындар ойнады?
4. Айдын қандай жағдайға тап болды?
5. Достары оған қандай көмек көрсетті?
6. Айдынның анасы достарына ризашылығын қалай білдірді?
Қайырымдылық
Қыстың аязды күні. Бірінші сынып оқушылары, ағайынды Алдияр мен Әли жылы киініп, үйлерінен сабаққа беттеді. Олар әңгімелесіп келе жатырды. Олардың алдында аяғын жайлап басып, қолында таяғы бар қарт әже келе жатырған болатын. Кенет қарт әжейдің аяғы тайып,, құлап түсті. Мұны көрген Алдияр мен Әли сөзге келместен жүгіріп келіп, әжейді екеулеп тұрғызып, қолына таяғын ұстатты. Қарт әжей екеуіне риза болып, « Рахмет, айналайындар. Қайырымды екенсіңдер, » -деп бастарынан сипады.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: кенеттен, сөзге келместен
Сұрақтары:
1. Алдияр мен Әли қайда келе жатырды?
2. Олардың алдында кім келе жатырды?
3. Әжейге не болды?
4. Алдияр мен Әли не істеді?
5. Әжей оларға қалай алғыс білдірді?
Туған күн
Бүгін Аяулым үшін ерекше күн. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның туған күніне арнап үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп «7» деген жазу жазды. Әкесі оған сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған күн көңілді өтті.
Сұрақтары:
1. Аяулым неге қуанышты?
2. Анасы Аяулымның туған күніне арнап не пісірді?
3. Оған қандай жазу жазды?
4. Әкесі Аяулымға қандай сыйлық жасады?
5. Туған күніне тағы кімдер келді?
6. Туған күн қалай өтті?
Қамқорлық
Күз мезгілі болатын. Күн бұлтты, жаңбыр жауып тұр.Түс мезгілінде оқитын Ажар мен Ақжол мектептен шығып, үйлеріне келе жатты. Олар біраз жүргеннен кейін жол бойында бүрісіп тұрған кіщкентай күшікті көздері шалып қалды.Екеуі күшікті аяп, үйлеріне алып кетпек болып келісті. Олар күшікті үйлеріне алып келіп, алдына сүт, тамақ қойды. Кішкентай күшік жылы жерде тамаққа тойып алып, бұйығып, ұйқыға кетті. Екі бала өз істеріне риза болып, бір-біріне жымыңдай қарады.
Түсіндірілетін сөздер: бүрісіп, бұйығып, жымыңдап
Сұрақтары:
1. Ауа райы қандай?
2. Ажар мен Ақжол қайдан келе жатырды?
3. Олар жолда нені көріп қалды?
4. Олар күшікке қандай қамқорлық көрсетті?
Күз
Күз келді. Күн бұлттанып, әлсін –әлі ақ жауын бүркіп жауады. Күзгі қатты жел соғып тұр. Желмен бірге қызыл- сары жапырақтар жерге түсіп жатыр. Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Құстардың соңғы легі жылы жаққа ұшып барады. Ауыл адамдары еккен егіндерін жинап алып жатыр.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: бүркіп, күн ұзарып, түн қысқарады, соңғы легі
Сұрақтары:
1. Жылдың қай мезгілі басталды?
2. Ауа райы қандай?
3. Күзде жапырақтарда қандай өзгеріс болады?
4. Күзде күн мен түн қалай ауысады?
5. Күзде ауыл адамдары қандай еңбекпен айналысады?
Су.
Су- табиғатта ең көп таралған, негізгі тіршілік көзі. Су барлық тірі ағзаның құрамында болады. Су болмаса адамдар өмір сүріп, өсімдіктер өсіп, жан-жануарлар тіршілік ете алмас еді. Таза суды көп ішетін адамның өңі жасарып, күш- қуаты артып отырады. Су адамның күнделікті тірлігі үшін де маңызы өте зор. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тіршілік көзі
Сұрақтары:
1. Су табиғатта қалай таралған?
2. Су нелердің құрамында болады?
3. Судың адамдар тіршілігі үшін маңызы қандай?
Торғай
Қыстың күні болатын. Үйдің сыртқы терезесінің алдына бір торғай ұшып келді. Бұны сыртта ойнап жүрген Бауыржан мен Алмас көрді. Олар аяушылық танытып, терезені ашып, торғайды үйге кіргізді. Торғай жылы жерге ұшып кірді. Бауыржан оның алдына нанның қиқымдарын тастады. Аш торғай нанның қиқымдарын жылдам –жылдам шоқып жей бастады. Балалар келесі күні ағаштың басына ұя жасап ілді. Оған күнде жем салып тұрды. Балалар енді торғайды күнде көретін болды.
Сұрақтары:
1. Жылдың қай мезгілі?
2. Үйдің терезесінің алдына не ұшып келді?
3. Торғайды кімдер көріп қалды?
4. Бауыржан мен Алмас торғайға қандай қамқорлық жасады?
5. Аш торғай не істеді?
6. Балалар торғайға арнап не жасады?
Ақтөс
Қанаттың Ақтөс атты иті бар еді. Ол үнемі Қанаттың қасынан қалмайтын. Қанатта иті көрінбей қалса іздей бастайды. Бір күні Қанат көлге шомылуға барды. Көлдің айналасы тыныш, ешкім жоқ. Қанат суға жүгіріп түсіп кетті. Кенет Қанат дем ала алмай суға батып бара жатырды. Осы кезде қайдан келгені белгісіз, Ақтөс жүгіріп келіп, Қанатты іш киімінен сүйреп жағаға шығарды. Есін жинаған Қанат итіне рахмет айтқандай мойнынан құшақтады. Осыдан кейін Қанат итін бұрынғыдан да жақсы көретін болды.
Сұрақтары
1. Қанаттың итінің аты не?
2. Қанат итімен екеуі қандай дос еді?
3. Қанат қайда барды?
4. Қанат қандай жағдайға тап болды?
5. Иті қандай көмек көрсетті?
6. Қанат итіне алғысын қалай білдірді?
Таныстық
Жалғас мектептен келе жатыр. Бүгін сабақта апайлары ертең сыныпқа жаңадан оқушы келетінін айтты. Кенет ол бұрылысқа жақындай бергенде бір кішкентай қыздың айқайлаған даусын естіді. Жалғас жалма-жан дауыс шыққан жерге жүгіріп жетті. Өзімен жасты қыз балаға үлкен ит шаңқылдап үріп, атылғалы тұр екен. Жалғас қорықпастан қолына тас алып, итке лақтырды. Ит шегіншектеп кетіп қалды. Қыз бала « рахмет» деп жүгіріп кетті..
Келесі күні Жалғас сабағына барды. Апайы жаңадан келген оқушыны сыныпқа әкеліп таныстырды. Жалғас кеше өзі қабаған иттен құтқарған қызды бірден таныды. Қыздың аты Әсел екен. Сабақтан соң Жалғас пен Әсел үйлеріне бірге қайтты.
Түсіндірілетін сөздер: бұрылысқа, шегіншектеп, қабаған
Сұрақтары:
1. Жалғас қайдан келе жатыр еді?
2. Апайлары сабақта не айтып еді?
3. Ол кімнің даусын естіді?
4. Ол қызды иттен қалай құтқарды?
5. Жалғас сыныбына келген қыз баланы қалай таныды ?
Аққу
Аққу –киелі құс. Аққулар алыс Африкадан көктемде келіп, күзде үшып кетеді. Қазақ халқы аққуларды атпаған. Оны атқан адамды аққудың киесі ұрады деп есептейді. Аққуды нәзіктіктің, сұлулықтың, адалдықтың белгісі деп санайды. Әдемі, сұлу қыздарын аққуға теңейді. Аққулар екеу болып өмір сүреді және жұптарын жазбайды. Біздің Қазақстанда аққудың екі түрі кездеседі.Аққу табиғаттың қайталанбас, сұлу көрінісі.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: киелі, киесі ұрады
Сұрақтары:
1. Аққу қандай құс?
2. Аққулар елімізге қай кезде оралады?
3. Қазақ халқы аққуларды неге атпаған?
4. Сұлу қыздарын не үшін аққуға теңеген?
5. Аққулар қалай өмір сүреді?
6. Қазақстанда аққудың неше түрі кездеседі?
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру.
-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту.
-мейірімділікке тәрбиелеу.
Аналық жүрек.
Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.
Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай, еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек,үлпілдек, мамықтай,
жатсынбай, еміренген.
Мазмұндама жоспары:
1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.
2.Үйге алып келуі.
3. «Мамықтың» бауырына салуы.
4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: -жоспар бойынша мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру, мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.
Бұлақ басындағы оқиға.
Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық.Бір күні папам, сіңілім Жанар үшеуіміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық.Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз.Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.
Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ, бір лақ бақпаққа батып, тұра алмай талпынып жатыр.Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық.Біз Жанар екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:қой тоғытуға, көк майса, батпаққа батып,
талпынып жатыр,ұйықтан шығарып алдық.
Мазмұндама жоспары:
1.Жайлауға бару.
2.Қой тоғыту.
3.Ешкінің бақылдаған дауысы.
4.Бақпаққа батқан ешкі.
5.Лақты ұйықтан шығару.
6.Қатты қуану.