Шахманова Самал Зиядовна мен Альжанова Жұпар Нұртасовнаның 1-4 сыныптарға арналған «Өлкетану» арнайы курсының бағдарламасына пікір ұсынылып отырған жұмыста 1-4 сыныптарға арналған «Өлкетану» атты арнайы курс бағдарламасы



Дата18.05.2017
өлшемі353.93 Kb.
түріБағдарламасы
«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

36 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




«Өлкетану»

(1-4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)



Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімдері

Шахманова С.З.

Альжанова Ж.Н


2016-2017 оқу жылы

Екібастұз қаласы 2016 жыл

Павлодар облысы

№ 36 мектеп-лицейінің

Бастауыш сынып мұғалімдері

Шахманова Самал Зиядовна мен Альжанова Жұпар Нұртасовнаның

1-4 сыныптарға арналған

«Өлкетану»

арнайы курсының бағдарламасына

ПІКІР


Ұсынылып отырған жұмыста 1-4 сыныптарға арналған «Өлкетану» атты арнайы курс бағдарламасы құрастырылған. Бағдарлама мазмұны өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихына сыр шертуге, ізденіс қабілеттірін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге балаларды дағдыландырып, елінің географиялық орнын, оның аумағын, шекаралас мемлекет пен аудандарын, туған топырағы, мөлдір таза суы, ата-бабасы мекен еткен жерін білуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға негізделген.

Өз елінің патриотты азаматы болу, ақпараттық қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту мақсаты болып отыр.

Бағдарламаны меңгеру барысында оқушылар өз туған жерін, елін, ата-баба мұрасын құрметтеуге, сүюге үйренеді..

Бағдарлама 34 сағатқа негізделген, аптасына 1 сағат. Бағдарлама әдістемелік тұрғыда дұрыс, мазмұнды жасалған, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сүйенген.

Бағдарламаны әдебиеттік оқу сабақтарында қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
Әдістемелік кеңесте қаралып, бекітілді. Хаттама №1 02.09.2016жыл

№36 мектеп-лицейінің директоры : Г.К.Сванқұлова.



Түсінік хат

"Өз елінің дәстүрін, тарихының өткені мен бүгінгісін білмеген жас ұрпақ болашаққа көз жүгірте алмайды" деген қағидаға сүйене отырып, "Өлкетану" арнай курс бағдарламасы құрастырылды.

Өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихына сыр шертуге, ізденіс қабілеттірін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады. Өз елінің географиялық орнын, оның аумағын, шекаралас мемлекет пен аудандарын әрбір адам баласы білуі қажет. Өйткені ол өзінің туған топырағы, мөлдір таза суы, ата-бабасы мекен еткен жері. Өз елінің патриотты азаматы болу, ақпараттық қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту мақсаты болып отыр.

Осы "Өлкетану" арнайы курс бағдарламасында:

Жергілікті жердің географиялық орнымен танысу;

Елді мекеннің тарихына, оның бүгінгі келбетіне баға беру, салыстыру;

Жергілікті жерін топонимикалық жағынан қарастыру міндеті тұр.

Бағдарлама 4 жылға созылады. Сабақтардың тақырыптары жылдан жылға күрделеніп, тереңдетіліп беріледі. Кеңінен қолданылатын жергілікті ресурстар: Мектеп мұражайы, қаланың басқа да мәдени мекемелер мен кәсіпорындар, мемориалдық сайттар. Бағдарламаның практикалық бағыттылығы оқушылар материалды пайдалануға үйренеді.

Өлкетану арнайы курс бағдарламасы 1 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына 33 сағат, 2-4 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат.


Мақсаты:


    • Оқушылырға өз өлкесінің шығу тарихы, орналасқан жері, аумағы, халқы, мәдениеті жөнінде білім беру.

    • Оқушылардың өлкетану сабақтарында өз жерін оқи отырып патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

    • Сабақта өз жерінде шыққан (аумақтан, ауылдан, облыстан) атақты адамдар жайлы материалдар жинап білімдерін толықтыру.

    • Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, мәлімет іздеуге дағдыландыру


Міндеті:

      • Өлкетану сабағында материалдарды нақты игеру;

      • Әртүрлі әдебиеттерді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап беру;

      • Өз өлкесінің мәдени-ағарту ісіне үлес қосқан адамдар жайлы материалдарды іздеу;

      • Ақпарат құралдарды пайдаланып оның ішінде: газет, журнал, интернет арқылы мәліметтер жинау.


Бұл арнайы курста бірнеше оқыту формалары қолданылады:

  1. Дәрістер - дөңгелек үстел;

  2. Сарамандық жұмыс (өз елінің шығу тегі, мәдени мұралары т.б тақырыптарда, қосымша материалдармен жұмыс істеу кезінде қолданылады)

  3. Топсеруен (қала шежіресі, тарихи ескерткіштер )

  4. Эксперименттер, бақылау;

  5. Презентациялау

  6. Өзіндік жұмыс (жеке, жұптық және топтық);

Әрбір сабақ үш бөліктен тұрады:

  • ойындар;

  • теориялық;

  • практикалық.

1-сынып

Бірінші сынып бағдарламасы туған өлке туралы ұғымды қалыптастыру, туған үй, отбасы, мектеп, біз өмір сүріп жатқан қалаға деген сүйіспеншілікті көздейді. Аса маңызды міндет: оқушыларды қоршаған ортамен (үй, көше, табиғат) таныстыру. Адам мен табиғат тығыз байланысты; өз игілігі мен басқа да адамдардың игілігі үшін қажетті де дұрыс іс-әрекет жасау керек. Бөлім мазмұны (мекен-жай анықтау қабілеті, мекенжайын тауып) тыс әлемде шарлау үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді; этика, балалар мен ересектердің қарым-қатынасы, кәсіптер түрлерін көрсетеді, отбасында туыстық тұжырымдамасын береді, туған қаласымен таныстырады. Мұғалім сабаққа дайындалар кезінде балаларға үлендерден отбасында қандай дәстүр бар екенін анықтап, қандай мерекелер үйде атап өтілетінін біліп келуді тапсырады. Балалар бүкіл сыныпқа бұл туралы бір-біріне көбірек ашық айтады. Бұл әдіс, балаларға отбасы үшін, отбасының тарихына деген қызығушылықтарын дамытып, құрметтеуге ықпал етеді.





р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Өлкетану дегеніміз не? Сабақтағы қауіпсіздік ережесі.

1




2

Менің мектебім (экскурсия).

1




3

Экскурсия мектеп айналасына.

1




4

Гүлзарларда не өсіп тұр?

1




5

Мектептегі еңбек.

1




6

Менің мектебім – менің үйім. Мектеп тарихынан.

1




7

Туған күніңмен, біздің сынып.

1




8

Менің үйім. Менің аулам, менің көшем. Не үшін жақсы көремін, нені өзгетер едім.

1




9

Қауіпсіз және ең қысқа жол. «Бағдаршам және оның достары».

1




10

Менің қалам, аталу себебі.

1




11

Менің отбасым.

1




12

Менің отбасымдағы салт-дәстүр.

1




13-14

Түрлі мамандықтар.

2




15

Менің отбасымдағы мамандықтар.

1




16

Өлкемнің дәстүрлі қолөнері.

1




17

Менің қаламдағы адамдар.

1




18

Мен және менің есімім.

1




19

Біздің ұйымшыл отбасы.

1




20

Отбасылық қолөнер көрмесі.

1




21

Менің ата-бабам. Ата-әжелер.

1




22

Өлкемнің тарихындағы менің отбасымның тарихы.

1




23

Менің төрт аяқты досым.

1




24

Біздің ата-бабаларымыздың қысқы ойындары.

1




25

Құстар – біздің досымыз.

1




26

Наурыз келді қалама!

1




27

Кішкентай мазасыздар.«Менің өлкемдегі

жәндіктер».



1




28

Қала астындағы байлық.

1




29

«Богатырь» разрезіне қашықтықтан экскурсия.

1




30

Аймақтық мұражайға экскурсия

1




31

Екібастұз ауданы. Екібастұз ауданының ауылдары.

1




32-33

«Менің қалам» сурет көрмесі.

Өз біліміңді тексер.



2






2-сынып

Павлодар облысының табиғаты

Екінші сынып бағдарламасы «Павлодар облысының табиғаты» курсы болып табылады. Біздің байтақ еліміздің әр бұрышы өзі қызықты және тартымды. Павлодар облысының басты кереметтердің бірі оның табиғаты. Бұл бағдарлама балаға әлемнің бірегей табиғатын ашады. Енгізілген тақырыптар назарға қабылдау және бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктерін дамытады.

Табиғи процестерді зерттеу барысында балалар туған табиғатқа деген қызығушылықтары артып, облыстағы өсімдіктер мен жануарлар туралы мәлімет алады.

Әр баланың санасына тірі табиғатқа қауіп төніп тұрғанын, әсіресе адамдардың кінәсі екенін жеткізу. Мұғалім мен балалар жағымсыз сипаттағы жарқын мысалдарды көрсетеді: өзендердің ластануы, уытты өнеркәсіп қалдықтарын өзендерге ағылуынан құстар, балықтар мен басқа да ұсақ жануарлардың қырылуы және т.б.



р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Күзгі кереметтер. Экскурсия.

1




2-3

Павлодар облысының географиялық орналасуы, ауданы, шекарасы.

2




4

Павлодар облысының байлығы.

1




5

Павлодар облысының ауа райы.

1




6

Жыл мезгілдері. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

1




7

Біздің жер қоймалары:өзендер, көлдер, су қоймалары,

1




8-9

Павлодар облысындағы қорықтар.

2




10

Өлкетану Павлодар облыстық мұражайға қашықтық саяхат

1




11-12

Біздің облыстың өсімдіктері. Дәрілік өсімдіктер, олардың түрлері, жинау ережелері.

2




13

Біздің облыстың ормандары.

1




14

Орман-ел дәулеті, жер сәулеті.

1




15

Білгенге маржан.

1




16

Қыс қызығы. Экскурсия.

1




17

«Қамқорлық» акциясы. (Жоба-сабақ)

1




18

Құстардың қысқы тіршілігі.

1




19

Павлодар облысында сирек кездесетін құстар.

1




20

Өлкеміздің жануарлары.

1




21

Саңырауқұлақтар патшалығы. Ескерту - улы! Улы пайдалы кезде.

1




22

Біздің облыста сирек кездесетін жануарлар.

1




23-24

Біздің облыс шаруашылығы. Аылдағы адамдар немен айналысады? Алқаптарда не өседі? Ауыл шаруашылығының мәні.

2




25

Көктемгі шуақ. Экскурсия.

1




26

Табиғат жарасын қалай емдейді?

1




27

Павлодар облысының экологиясы.

1




28

Табиғатпен дос бол!

1




29

Павлодар облысының Қызыл кітабы.

1




30

«Менің өлкем» сайысы.

1




31-32

Экологиялық жол. Денсаулық үшін орманға! Ормандағы қауіпсіздік ережелер.

2




33-34

« Мен Павлодар облысының тұрғынымын» қорытынды сабақ

2






4-сыныпқа арналған «Өлкетану » курсының оқу жоспары.

Барлығы: 34 сағат, аптасына: 1 сағат.



Тақырыптар

Сағат саны

Күні

1

Курсқа кіріспе. «Өлкетану» курсының мақсат-міндеттерімен танысу

1




2

Өлкетану дегеніміз не

1




3

Қазақстан туралы мәліметтер

1




4

Туған өлкесін танып білу

1




5

Адам және табиғат

1




6

Қазақстанның жер көлемі

1




7

Туған жерім тұғырым

1




8

Өз өлкемнің пайда қазбалары

1




9

Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама

1




10

Өз өлкем мал шаруашылықты аймақ

1




11

Өлкемнің ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы

1




12

Туған өлкемнің экологиялық проблемалары

1




13

Еліміздің қазба байлықтары

1




14-15

Өз елімнің Табиғаты

2




16

Ұлттық табиғи парктер, қорықтар

1




17

Орталық Қазақстан

1




18

Орталық Қазақстанның шаруашылығы

1




19

Өнеркәсібі

1




20

Шығыс Қазақстан

1




21

ШҚО шаруашылығы

1




22

Өнеркәсібі

1




23

Батыс Қазақстан

1




24

БҚО шаруашылық деңгейі

1




25

Өнеркәсібі

1




26

Солтүстік Қазақстан

1




27

СҚО шаруашылығы

1




28

Экономикасы және өндіріс салалары

1




29

Оңтүстік Қазақстан

1




30

ОҚО шаруашылығы, мәдениеті

1




31

ОҚО өнеркәсіп салалары

1




32-33

Қазақстанмен шекаралас елдер

2




34

Қорытынды

1




3-сыныпқа арналған «Өлкетану » курсының оқу жоспары.

Барлығы: 34 сағат, аптасына: 1 сағат.



Тақырыптар

Сағат саны

Күні

1

Курсқа кіріспе. «Өлкетану» курсының мақсат-міндеттерімен танысу

1




2

Өлкетану дегеніміз не

1




3

Павлодар облысы туралы мәліметтер

1




4

Шежірелі туған өлкем

1




5

Облыс тарихына байланысты аңыз әңгімелер

1




6

Павлодар облысындағы көрікті елді мекендер

1




7

Баянауыл – екінші Щвейцария

1






Баянауыл өлкесі туралы аңыз-әңгімелер

1




8

Баянауылдағы қасиетті жерлер

1




9

Қасиетті «Қоңыр Әулие» үңгірі

1




10

Жасыбай көлі

1




11

Сабынды көл

1




12

Ертіс өзені

1




13

Жанға шипа – тұзды көлдер

1




14

Облыстан шыққан тарихи тұлғалар

1




15

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

1




16

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1




17

Қаныш Сәтпаев

1




18

Шәкен Айманов

1




19-20

Қасетті Меғалым ата

2




21-22

Тағзым ет , сен, қадірменді қарттарға,

Біздер үшін бұлар нағыз нар тұлға.



(Ұлы Отан соғысы жылдары)

2




23-24

Павлодар облысы-Қазақстанның ірі өнеркәсіп аймағы

2




25-26

Өз өлкемнің пайда қазбалары

2




27-28

Екібастұз – шахтерлар қаласы

2




29-30

Ақсу қаласы

2




31-32

Паволар облысының аудандары

2




33-34

Қорытынды сабақ

2






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


    1. "География және Табиғат" ғылыми-педагогикалық журнал, наурыз-сәуір 2 басылым,

    2. «Қазақстан Энциклапедисы» Жалын баспасы 2001-2005жж.

    3. Қ.Т. Сапаров, А.М. Балтабаева "Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық бірліктері мен физикалық-географиялық атауларының көрсеткіш анықтамалығы", Павлодар 2008 жыл.

    4. «Қазақстан тарихы» журналы Алматы1994 жыл "Атамұра" баспасы. 1 басылым. 13-15 бет.

    5. «Зерде» 24 ші басылым, "Алматы" баспасы, 1998 жыл 31-33 бет, ғылыми-көпшілік журнал.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет