Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның пайдалы қазбалары.»



Дата31.07.2017
өлшемі51,94 Kb.
#22332
түріСабақ
Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Запорожье орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

«Қазақстанның пайдалы қазбалары.»

Өткізген: география пәні мұғалімі

Алдияров Д. А

2016-2017 оқу жылы



Сабақтың тақырып: Қазақстанның пайдалы қазбалары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары, олардың кен орындары, орналасу ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой – өрісі мен білім, білік, дағды іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды өз жерінің танып білуге, ондағы байлықтарды қадір тұтуға және жалпы табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың тегі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық картасы

Пән аралық байланыс: Химия
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сергіту сәті:Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Әр ұлт өкілдерінің аландасу салт-дәстүрлерін көрсетеді.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Картамен жұмыс: Биік таулы өлкеге қандай таулар жатады (1 оқушы айтып, тауларды картадан көрсетеді.)

Карточкалармен жұмыс. Оқушыларға өткен сабақ бойынша карточкалар таратылады.

Оқушыларға карточка беру:

1-карточка сұрағы

Орталық Қазақстан жерінің көп жерін алып жатыр. Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. (Сарыарқа)

2-карточка сұрағы

Жер бедерінң ерекшелігіне қарай 3 ауданға бөлінген. Мезозой дәуірінің аяғында мүжіліп, үгітіліп, жазыққа айналған өлке. (Алтай)

3-карточка сұрағы

Бұл таудың жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар қатты ықпал жасаған. Каледон мен герцин тау түзілу кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштердің әсерінен мүжіліп, алапсарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. (Жоңғар Алатауы)

4-карточка сұрағы

Жер бедерінің қалыптасуына ерте заманғы мұз басу, ағын судың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Негізгі құрылымы жоғары палеозойда герцин қатпарлануы негізінде қалыптасқан. Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген, қатпарланған таулы өлке.(Сауыр-Тарбағатай)

5-карточка сұрағы

Тауларының жер бедері біркелкі емес. Негізгі жер бедері неоген мен палеоген дәуіріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Кей жерлерінде әлі де тау көтерілу процесі жүріп жатыр. (Тянь-Шань)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: – Жері байдын-елі бай. ҚР жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазба алынатын кен орындары ашылған.
Жұмбақтар:

1.Қызуын аямайды,

Көлікке азық жасайды./Мұнай/нефть/ойл
2.Қара түсті, отын,

Жанады жарқын./Көмір/уголь/


3.Мөлдір, әрі түссіз,

Өзі табиғи отын./Газ/газ/


Мәтінмен жұмыс:

1.Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға бөлінеді: жанғыш — көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар; құрылыстық — гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар.; химиялық шикізат — күкірт, калий тұзы, апатит, графит тағы басқалар.; отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді.

Тапсырма:

1.Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығында алатын орнын көрсет.

2.Көмір, темір, мұнай кен орындарын картадан көрсет.
2.Жанатын пайдалы қазбалар мұнай мен газ-Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және батыс қазақстан облыстарында шоғырланған. 1899 ж. Қарашүңгілде Әмбі кен орнында бірінші рет мұнай атқылады. 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. 1960 ж. Өзен мен Жетібай қосылды. Кейіннен Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз ( Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол

( Ақтөбе облысы), Қарашығанақ ( Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл( Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар.

Тапсырма:

1.Мұнай мен газдың ел экономикасына тигізетін әсері қандай?

2.Аталған кен орындарын картадан көрсет.
3.Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км2 жерді алып жатыр. Бұл Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 кабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд т.

Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Павлодар облысында ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150 м. ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн т. көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталып, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде кайта құру, кайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тапсырма:

1.Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарын салыстыр.

2.Кескін картаға аталған кен орындарын түсір.
Қаныш Сәтбаевтың суреті

-Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.

Тапсырма:

1.Картадан Қаныш Сатпаевтың зерттеген аумақтарын көрсет.


ІV. Бекіту


ҚР қандай ПҚ бойынша д\ж алдыңғы орында?
БҚО қандай ПҚ бай?
ПҚ қалай өндіру қажет?
V. Үйге тапсырма. § 19. Кескін картаға ҚР пайдалы қазбаларын түсіру түсіру.
VI. Бағалау
Каталог: 0F1162FFA22D318D -> 22b39ca57d6f907512bc31e92046ba3f
0F1162FFA22D318D -> 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі Сабақтың мақсаты
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері мен көлдері
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағының физикалық-географиялық аудандастыру. Өткізген: география пәні мұғалімі
22b39ca57d6f907512bc31e92046ba3f -> Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
0F1162FFA22D318D -> Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің есебі. Запорожье орта мектебі
0F1162FFA22D318D -> Баяндама: Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: Ғажайып түстер
0F1162FFA22D318D -> Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет