7-сынып Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Абенова Раушан Жетибаевна
Мектебі: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, М.Атымов атындағы №6 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Әңгіме мазмұнын толық меңгерте отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасау. Өз пікірлерін ашық айтып, ойларын дәлелдеп айтуға үйрету.
ә) тәрбиелік: Ананың баласына деген киелі махаббатын ұғындыра отырып ананы құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
б) дамытушылық: топтық жұмыс жасауға, бір - бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы элементтері.
Көрнекілігі: Жазушы еңбектері,сызба
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру
Қағаз қиындыларына сай топтарға бөлу.
Топ ережесін белгілеу, бағалау бетшесі, кері байланыс парақшаларын үлестіру
І Қызығушылықты ояту “Зерделі сұрақ, дәлелді жауап”
Сөзжұмбақ «Мүсірепов» (тігінен осы сөз шығады)
1.Жазушының «Қазақ солдаты» романында бейнеленген қазақ батыры кім? (Смағұлов)
2.Ақпан айының ескіше атауы (Үт)
3. Ғ.Мүсіреповтың туған жері(Қостанай)
4.Жазушының ұстазы қазақтың белгілі ұстаз-ақыны кім (Өтетілеуов)
5.Жазушының 7 жылдық мектепті бітірген қаласы (Пресногорьков)
6. «Ананың анасы» әңгімесіндегі әңгімеші қарт (Әйтілес)
7.Әңгімедегі басты кейіпкердің бірі? (Жалпақ)
8.Жазушының тұңғыш прозалық шығармасы қалай аталады?(Тулаған толқында)
9.Орынбор жұмысшы факультетінде бірге оқыған қазақтың көрнекті ақын-жазушысы кім? (Мұқанов)
ІІ.Мағынаны тану
1.Мәтінмен жұмыс.Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі(мазмұндау)
1)Әйтілес қарт әңгімесі
2)Бала бидің тапсырмасы
3)Жорық.
4)Тұтқын қыз
5)Қуғыншы ана
6)Бостандық.
2.Талдау жұмыстары.
1. – Сонымен, әңгіменің мазмұнын түсіну арқылы, оның бір - бірімен байланысты құрылған оқиғалардан тұратындығын білдік. Ендеше әңгімені құрылысына қарай талдайық.
- Шығарма құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?
- Композиция – Экспозиция
Байланыс
Шиеленіс
Шарықтау шегі
Шешімі - деген бөлшектерден тұрады.
Экспозиция ------ Әйтілестің әңгімесі
Байланыс --------- Жалпақтың Ергенекті еліне аттануы, Қалың жылқы.
Шиеленіс -------- Жылқышының мерт болуы. Қуғыншы ана
Шарықтау шегі -------- Ананың сөзі. Кейкінің үкімі.
Шешімі ---------- Ана мен қызына бостандық берілуі
3. Шығармадағы басты кейіпкерлер бейнесін ашу.
а) Ана бейнесі суреттелетін тұсты таптырып, оқыту.
Ана – Сонар дегеннің қызы, он бес жасында бас бостандығынан айырылған, күңдікке берілген. Көргені қорлық, әділетсіздік. Он бес жасардың қызының артынан қорықпай, именбей қуып, өзінің құдіретті сөздерімен, батырларды тізеге бүктіріп, қызын аман есен алып, ауылына қайтады.
ә) Жалпақ - керей руының батыры, Ергеніктіден кегін алуға намыстана аттанады, алдын болжай біледі, даланың ессіз ері ананың сөзін адамгершілікпен түсініп, мейірімдік жасайды.
б) Кейкі. Адамшылығы жоқ, аяушылық пен мейірімнен жұрдай байдың қолшоқпары
4.Шығарманың тілдік ерекшеліктеріне талдау.
Мысалдар
Портрет
Әйтілес - аппақ, ақ қарбас, соқыр балуан бармақты
Метафора – Қара таңба бір қара көрінді.
Эпитет – Кең өмір, сарғылт көңіл, жалпақ жаз, ескі күндер, қалың жылқы.
Теңеу
Іркіт сабасындай, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, оқтаудай ойнау. т. с. с
Тұрақты тіркес
Ат құлағында ойнау, болат жүрек, көз салу, тірегі сыймау, қабаттан қан жауу.
ІІІ.Топтастыру
Проблемалық сұрақ. «Жалынған жоқ,сасқан жоқ,қырық жігітті билеп әкетті».
Әлжуаз,қарусыз,жұпыны жалпақ балуанды жеңуінің себебі не?
ІҮ.Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу.
Сауға –соғыстан түскен олжадан берілетін сый.
Күпі-матамен тысталып,ішіне түйенің,қойдың жүнін салып тіккен сырт киім.
Іркіт-шикі сүттің майын айырғаннан кейінгі ақ сусын
Саба-жылқы терісінен тігілген қымыз ашытатын ыдыс
Қалыңдық-біреуге айттырылған оң жақтағы қыз.
Қырық жеті-айттырылған қалыңдыққа төленетін қалың мал мөлшері
Төс айыл,артқы айыл-ерді бастыртатын қайыстан жасалған ерді атқа бекітетін жабдық.
Жарты көш,қозы көш-алыс емес,жақын жер
Құрық-жылқы ұстау үшін ұшына ілмек жіп байлаған ұзын сырық.
Құл бастатқан тоғыз-бәйгенің жеңімпазына берілетін сый.
Үркер-жыпырлаған бір-біріне жақын орналасқан бір топ жұлдыз.
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма
«Ана –ардақты есім» деген тақырыпта ойтолғау жазып келу
Достарыңызбен бөлісу: |