Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет145/146
Дата19.05.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
Сауалнаманың мақсаты: Баланың кохлеарлы имплантқа бейімделгенін және оны қолданудың тиімділігін, сондай – ақ, есту және сөйлеуді есту арқылы қабылдау дағдыларын, түрлі дыбыстық сигналдарды тану қабілетінің даму динамикасын бағалау.

Сауалнаманы жүргізуді сипаттау: Баланың КИ тағуға мұқтаждығы, адамдардың сөздері мен қоршаған орта дыбыстарына зейін аудару және тану қабілеті жайлы сұрақтарға баланың ата – анасының/педагогының жауап беруін сұрайды. Ол үшін әңгімелесу әдісін қолданады. Тексеруші баланың ата – анасына/педагогына сұрақ қояды және жауаптарын бағалайды.

Сауалнамада баланың әр түрлі есту дағдыларын анықтау үшін түрлі сұрақтар болады.



  1. 1 – 2 сұрақтар баланың КИ тағуға деген қажеттілігін бағалайды. Егер бала өзі КИ тағуды сұраса және батарейкасының отырғанын байқаса, онда бұл үлкен жеңіс! Бала өзіне КИ керек екенін түсінді.

  2. 3 – 6 сұрақтар дыбыстарға еріксіз назар аударуының пайда болуын бағалайды. Егер бұл сұрақтарға «жиі», «әрқашан» деген жауап берсе, онда ол айналадағы көп дыбыстардың ішінен керек дыбысты бөліп алуды үйренді. Бұл баланың естіп қабылдауын дамытуда маңызды кезең болып саналады!

  3. 7 – 10 сұрақтар дыбыстарды тану қабілетін бағалайды. Егер осы сұрақтарға «жиі», «әрқашан» деп жауап берсе, онда бала көп дыбыстардың ішінен өзіне керек дыбысты бөліп алып қана қоймай, оны есіне сақтап, сол дыбысты нақты затпен немесе әрекетпен байланыстыруды үйренді. Демек, оның естіп есте сақтау қабілеті дами бастады. Бұл да жеңіс!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет