«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі



Дата08.02.2022
өлшемі337,12 Kb.
#123916
Байланысты:
хаттама №1
Акпараттык каупсиздик

«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
11- сынып ата -ана жиналысының
хаттамасынан үзінді көшірмесі
Қатысқандар: 22
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібі:
1.2021-2022 оқу жылының ұйымдастыру барысы
2.Жаңа оқу жылындағы мектеп формасы

    1. Тыңдалды

Сынып жетекшісі: Бауыржан О.
Жаңа оқу жылына санаулы күн қалды. Пандемия бүкіл жүйеге, соның ішінде білім саласына айтарлықтай әсер етті. Десе де, биылғы жаңа оқу жылын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәстүрлі форматта бастағалы отырмыз. Білім беру ұйымдары 1 қыркүйектен бастап жаңа жүйе бойынша жұмыс істей бастайды. Ылғалды тазалау, бөлмені желдету және кварцтау, термометр жүргізу, күнделікті санитарлық-дезинфекциялық шараларды өткізу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, «Бір сынып - бір кабинет» қағидаты бойынша сыныпқа кабинет тағайындау, мектептердің мұғалімдері мен техникалық қызметкерлерін вакциналау, оқу процесін ауысыммен ұйымдастыру, асхана жұмысын кестеге сәйкес қою, медициналық кабинеттер мен изоляторлардың жұмыс істеуі сияқты бірқатар шаралар жүргізіледі. Балалардың денсаулығын сақтауда және білім беру ұйымдарында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында жаңа оқу жылына дейін мұғалімдер мен техникалық персоналға жаппай вакциналау жүргізілуде. 

    1. Сөйлегендер:

Ата-ана Шертай Гүлнұр
1 қыркүйекте санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра дәстүрлі форматта басталатындығы айтылды. Сонымен қатар, балаларымыздың өз денсаулықтарына салғырт қарамаулары, қоғамдық тәртіпті сақтауы, медициналық маска қолданып, ережелерге бағынуын баса назарда ұстауымыз керек. Жаңа оқу жылында ең бастысы - біз балаларымыздың денсаулығына мән берейік және білім алуына жағдай жасайық деп айтқым келеді.
2.1. Тыңдалды
Сынып жетекшісі: Бауыржан О.
Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Жаңа оқу жылында оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік берілді. Сондықтан балаларды класикалық стилдегі киімдермен мектепке жіберулеріңізге болады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Егер ата-аналар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін сауда орталықтары мен дүкендерге жаппай баратын болса, онда ұзын-сонар кезек болып, Covid-19 жұқтыру қаупін тудыруы мүмкін. Екіншіден, кейбір отбасылардағы уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты мектеп формасын сатып алу отбасылық бюджетке қосымша жүктеме болуы мүмкін. Сондықтан, егер ата-аналар түрлі жағдайларға байланысты балаға мектеп формасын ала алмаса, онда уақытша, келесі оқу жылына дейін мектепке классикалық стильдегі киіммен баруға болады.» деді.

    1. Сөйлегендер:

Ата-ана Абдыкеримова Динара
Қазіргі таңда класикалық стильдегі киімдерді кигенге қарағанда мектеп формасын кию қаражат жағынан тиімді деп ойлаймын. Класикалық үлгідегі киімдерді кигенде оқушылар жоғарғы жақтарына ақ және көкшіл түсті, шалбар немесе белдемшелерді көк, қара түсте киіп келсе деген ұсыныс айтқым келеді. Балаларымыз мектеп оқушысына сай киінсе ұстаздарға да, өздеріне де ыңғайлы болады.

Қабылданған шешім:

  1. Бала денсаулығын сақтау мақсатында барлық санитарлық талаптар сақталсын.

  2. Оқушылар мектеп формасын класикалық түрде кисін.



Сынып жетекшісі: Бауыржан О.
Ата-ана комитеті: Шертай Г.





Жиналысқа қатысқан ата-аналар тізімі:
Шагбан Батима
Жавгашева Ардак
Баяхметова Эльвира
Асқар Ырыскүл
Есектаева Сырғакүл
Абилова Ләззат
Дубайхан Айнұр
Абдрахманова И.А.
Двулетбекова Асель
Еримбетова Сағыныш
Мухтибаева Бибиайша
Көкей Жайнагул
Мукашева Гульмира
Дарья Гулия
Харабай Еркегүл
Әкімқызы Бақытгүл
Шертай Гүлнұр
Денгельбаева Кулипа қамқоршы
Абдикеримова Динара
Кенжебекова Айсауле
Кеңесова Ұлтусын
Абдилова Индира

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет