Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет1/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии
УМКД 5 курс ОМ 2015-2016., Альфия Кенжебаева справка

ШЖҚ «Талдықорған медициналық колледжі» МҚК

Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы

Құрастырған: Қалиева Г.О
Каримова Г.А.

Талдықорған 2014 жыл

Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары:
Қалиева Гульмира Омарбековна

Каримова Гульзара Айтбековна

Рецензия:
Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі», «Акушер ісі», «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Ішкі аурулар» пәнінен студенттердің білімін нығайтуға, тереңдетуге арналған.
Дәрістер ішкі аурулардың барлық бөлімдері бойынша құрастырылған: аурудың анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу, алдын алуын қарастырады.
Дәрістер бастауыш және орта кәсіптік білім бойынша ҚР ҒБМ ОӘК-ның 2010 жылы бекітілген бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Рецензенттер:

  1. Дуванбекова Г.С. - өндірістік - әдіскер, жоғарғы санатты оқытушы.

  2. Сон Н.Н. – терапия пәнінің оқытушысы, жоғарғы санатты оқытушы - дәрігер.

  3. Тиникова Е.Л. – № 5 циклының төрайымы, жоғарғы санатты оқытушы – дәрігер.

Дәрсітер жиынтығының шығуына жауапты медицина ғылымының кандидаты, колледж директоры: Жансеңгіров С.М.



Тыныс алу жүйесінің аурулары.
Бронхиттер.
Бронхит – бронхтардың қабынуы – тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде жиілігі бойынша бірінші орын алатын ауру. Бронхитпен көбіне балалармен жасы ұлғайған адамдар, мамандық зияндылықтары бар және шылым шегетін ер адамдар ауырады. Суық, ылғалды климат тұрғындары мен ызғарда жұмыс жасайтын адамдарда жиі кездеседі.
Жедел бронхит - бронхтар кілегей қабығының жедел диффузды, сирегірек – қабырғасының барлық қабаттарының бір мезгілде қабынуы.
Этиопатогенезі. Жедел бронхиттің 90%-да анықталатын қоздырғышы – вирус немесе микоплазма. Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасу бұзылып, эпителийлік жасушалар түлеп жойылады, оған бактериялар қосылып, қабыну басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет