Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет7/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Клиникалық көрінісі. Ауру жедел басталады, дене қазыуының көтеріліуі, сілемейлі - іріңді қақырық пен жөтел, ентікпе, кеуде сарайының шаншып ауырсынуы. Ерін мен ауыздың айналасына ұшық шығады. Интоксикациялық белгілері – әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің жойылуы, бастың ауруы, бұлшықеттердің ауырсынуы, жүрек соғуы, ұйқысының бұзылуы, терлегіштік, стоматит болуы мүмкін, іш қату.
Объективті. Перкуторлық дыбыстың қысқаруы, әлсізденген ауыр бронхиальді тыныс, крепитация , дымқыл ұсақ түйіршікті сырылдар.
Зертханалық зерттеулер – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.
Пневмония ағымының ауырлық критерийлері.

  1. Жеңіл ағым – уыттанудың айқын емес симптомдары, дене қызуы субфебрильді, тыныс алу жеткіліксіздігімен гемодинамика бұзылыстары жоқ, өкпелік инфильтрация бір сегмент шеңберінде, лейкоциттер (9-10)-109 қосарланған аурулар жоқ.

  2. Орташа ағымы - дене қызуы 380 С, өкпелік инфильтрат 1-2 сегмент шеңберінде, ТАЖ - 22 мин. дейін, ЖЖЖ - 100 соғу мин, артық. Асқынулар жоқ. Рентгенде - қарайған ошақтар. (Ошақталған пневмония).

  3. Ауыр ағым – науқастың жағдайы ауыр, t – 39-400C-ға дейін тез көтерілуі, тыныс үстірт - 25-50-ге дейін жиіленеді. АҚ 90/60 мм с.б, ЖЖЖ 100 соғу мин. артық. Жөтелі басында қурғақ бір- екі күннен кейін қанды «тат басқан» түсті қақырық тастайды, септикалық шок, лейкопения немесе лейкоцитоз, сананың бұзылуы,екі жақтық пенвмониялық инфильтрация. Рентгенде - бір бөліктің тұтас гомогенді қараюы. (Крупозды пневмония).


Диагностикасы.

  1. Тікелей проекциядығы кеуде сарайының рентгенографиясы.

  2. Жалпы қан анализі.

  3. Қақырықтың жалпы анализі, себу, антибиотикограмма, туберкулез микобактериясына қақырық анализі.

  4. Спирометрия.

  5. Онколог, фтизиатр консультациясы.


Емдеу. Ауырлығына байланысты антибактериальдік ем.

  • Спиромицин 3мл күніне 2 рет

  • Азитромицин 500мг күніне 1 рет

  • Кларитромицин 250мг 2 рет

Терапия ұзақтығы 7-10 күнді құрайды, ауыз арқылы қабылдау.
Дренажды функцияны жақсарту үшін карбуцистеин, амброксол 1 таб күніне 3 рет қабылданады. Науқастарға көп мөлшерде сұйықтық ішу, тыныс алу жаттығулары, фитотерапия ұсынылады.
Диспансерлеу. Науқас 1 жылға диспансерлік есепке алынады.

  • ЖҚА,ЖНА – 3 айда 1 рет алынады.

  • Өкпенің рентгенографиясы 6 айда, 1 жылда.

  • МБТ-ға қақырық анализі 6 айда, 1 жылда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет