Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»


Астманың ұстамасы 3 кезеңнен дамиды



бет5/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии
УМКД 5 курс ОМ 2015-2016., Альфия Кенжебаева справка
Астманың ұстамасы 3 кезеңнен дамиды.

  1. Продромдық, хабаршы белгілер кезеңі – жаршы белгілер пайда болады –мұрын көмекейдің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, кеуденің қысылу сезімі, есінеу.

  2. Тұншығу ұстамасы – алдымен қиналдыратын құрғақ жөтел пайда болады, содан кейін науқас ентіге бастайды, тыныс шығаруы 3-4 есе ұзарады, алыстан естілетін құрғақ сырылдар болады, ал аса қатаң ұстамада бронхоспазм күшейе келе сырылдар бәсеңдейді, тіпті жойылады. Дене мәжбүр қалыпты - науқас қолдарын тізесіне немесе отырғыштың арқалығына тіреп отырады – тыныс қызметіне иық белдемесінің, кеуденің, құрсақтың қосымша бұлшық еттері белсенді қатысады. Ұстама бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Эмфиземаға қатысты кеуде кеңейеді, перкуссиялық дыбыс қорап реңді, өкпенің шеті төмен түседі, тыңдағанда тыныс шығару ұзарған, әлсіз везикулалық тыныс, құрғақ сырылдар естіледі.

  3. Ұстаманың басылу кезеңі – науқас қайталап үст-үстіне жөтеліп, әйнек тәріздес, мөлдір кілегейлі, түйіршікті қақырық тастайды, қақырық түскен соң тыныс шығару жеңілденіп қысқарады, құрғақ сырылдар азаяды.


Асқынулар. Астмалық статус – бронх қабырғаларының жалпылама ісінулерінен, өзектерінің қою кілегеймен бітелуімен дамитын, аса ауыр бронхтық обструкция: қақырықсыз жөтел, «үнсіз өкпе», жедел тыныс шамасыздығының тез дамуы. Ұстама 12 сағат, одан да ұзақ емге берілмейді. Комаға дейін алып баруы мүмкін.

  1. Жедел, жеделдеу өкпетекті жүрек

  2. Өкпе эмфиземасы

  3. Ателектаз

  4. Миокардтың дистрофиясы

  5. Спонтанды пневмоторокс


Емі.

  1. Себепші аллергендердің немесе аллергендер тобын анықтау, науқастың олармен жанасуын тоқтату.

  2. Гипоаллергендік диета, ашығу, энтеросорбция – белсендірілген көмір.

  3. Ұстама кезінде - сальбутамол 1-2 ингаляциядан, эуфиллин 5-10 мл көк тамырға, ылғалданған оттегі.

  4. Ұстамалардың алдын алу үшін қабынуға қарсы - серетид 1-2 ингаляция күнделікті ертенгісін және кешкісін

  5. Антигистаминді дәрмектер – кестин 1 таб 1 рет, лоратидил 10мг 1рет, зетринал, супрастин, тавегил.

  6. Астмалық статус кезінде – преднизолон к/т.

  7. Иммундық жүйені қалпына келтіру – элеутерококк, лимонник, женьшень, эхинацея, корень солодки, А, В, Е, С витаминдер.

Диспансерлік бақылау. Науқас өмір бойы Д есепте тұрады.
Диспансерлік есептің жоспары.

  1. Учаскелік терапевттің қарауы – ай сайын

  2. Флюрография жылына 1 рет

  3. ЖҚА,ЖНА, спирография, қақырықты МТ-ге зерттеу жылына 2 рет.

  4. Аллерголог консультациясы 2 рет

  5. Салауатты өмір сүру, рационалды тамақтану, дене шынықтыру, психикалық өз-өзін реттеу, иммундық жүйені қалпына келтіру.

  6. Ингаляциялық ГК үзбей қолдану, ұстама кезінде сальбутамол, эуфиллин 5-10мл көк тамырға, ылғалданған оттегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет