Диспансерлік бақылау: науқас өмір бойы учаскелік терапевтте «Д» бақылауында турады – жылына 2 рет ЖҚА, ЖНА, 1 рет өкпе рентген суреті, 1 рет спирография, 1 рет қақырықты МТ- ға зерттеу, пульмонолог кеңесі.
Бронхит пен науқастардың күтімі
Пациенттің проблемалары
|
Науқасты күтуде мейірбикенің ісі
|
Әлсіздік
Дене қызуының жоғарлауы
Қақырықты жөтел
Ентігу
Тершеңдік
Құрғақ жөтел
|
Әңгімелесу жүргізу:
А. Дәрігер тағайындаған қозғалу тәртібін сақтау
Б. Зиянды әдеттерден бас тарту – шылым шегу
В. Тамақтану тәртібін сақтау
Қалтырау кезіндегі күтім жүргізу
Дәрілерді үзбей қабылдауын бақылау, науқасты жеке қақырық түкіргішпен қамтамасыз ету, қақырық жеңіл түсу үшін науқасты дренаждық жағдайға уйрету
Науқастың тыныс алу жиілігін, пульсін, қан қысымын бақылау, ентігу кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Төсек жаймаларын, іш киімдерін уақытында ауыстырып палатаның гигиеналық жағдайын бақылау
Қыша қағазын қою
|
Бронхтық астма.
Бронхтық астма (демікпе) – бронхтардың әр түрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы.
Этиологиясы. Бұл экологияға тәуелді аурулардың бірі – бактерия, вирус, өсімдік тозаңдары, саңырауқұлақшалар, шаң, өндірістік аллергендер, дәрмектер, тағамдар, микроскопиялық кенелер, жәндіктер мен жануарлардың аллергендері, металлдардың, ағаштың, мақтаның, селикаттың шаңдары, қышқыл, сілтінің булары, өндіріс түтіні, марганец, хром, формальдегид қосындылары, стресстік және психикалық ықпалдар, физикалық күш түсу.
Ішкі эндогендік факторлар – иммундық, эндокриндік, вегетативтік нерв жүйесінің бронхтар сезімталдығының және реактивтілігінің, өкпе тамырларының кемістіктері.
Патогенезі. Негізгі патологиялық өзгерісі – бронхтардың ұстамалы тарылуы. Оның себептері: бронхтық спазм, бронхтар кілегей қабығының ісінуі, бронхтар қабырғасының эозинофильдермен инфильтрациясы, кілегейдің гиперсекрециясы.
Клиникасы. Ауру тұншығу ұстамаларымен өтеді, клиникалық белгілері келесі синдромдарға бөлінеді:
Брохообстукция синдромы – экспирациялық ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың ұзаруы, құрғақ ысқырықты сырылдар.
Қабыну синдромы - қақырық бөліну, ЭТЖ жоғарылау, қызудың көтерілуі.
Аллергиялық синдром– аллергендермен жұғысқанда болатын ұстама, аллергиялық ринит, конъюктивит, есекжем, қышыну, белгілі бір тағам немесе дәрінің жақпауы, эозинофилия, қан немесе несепте биологилық белсенді заттардың – гистамин, брадикинин, серотониннің көбеюі.
Достарыңызбен бөлісу: |