Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет3/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Клиникалық корінісі. Негізгі шағымдар: жөтел, қақырық тастау, ентікпе. Ең алғашқы белгісі - таңертеңгілік жөтел , ұйқыдан тұрып қималдай бастағанда жөтелу. Кейіннен жөтел тәулік уақытымен санаспай жиіленеді – жылыдан салқынға шыққанда немесе салқыннан жылыға кіргенде мазалайды. Жөтел салқын, ылғалды маусымдарда күшейіп, жазғы уақыттарда тиылады.
Аурудың өршу фазасында әр түрлі тітіркендіргіш ықпалдардан жөтел ұстамалары пайда болады. Таң ертеңгілік қақырық өте қою оның тәуліктік мөлшері 50мл аспайды, өршу кезінде қақырықтың іріндігі көбееді.
Интоксикацияға байланысты шамасыздық, субфебрильді қызба, әлсіздік, әсіресе түнгі тершеңдік байқалады. Жиі және қатты жөтелуден, жөтелге қатысты бұлшық еттер аурсынады.
Объективті.Бронхиттің жаңа басталған шағында перкуссиялық өзгерістер байқалмайды, эмфизема қалыптасса, онда қорапты дыбыс. Өршу кезіндегі аускультациялық белгілер- қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар.
Диагностикасы. ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Міндетті түрде қақырықтың себіндісінен микрофлораның түрін және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау. Рентгендік зерттеуде өкпе өрнегінің деформациясы. Бронхоскопияда – жалпылама эндобронхит көріністері. Сыртқы тыныс функциясын тексергенде – бронхтық обструкция белгілері, пневмотахометрия арқылы – тыныс шығару күшінің азаюы.
Емі. Этиологиялық себептерін жою: темекі тартуды доғару, кәсіптік зиянды ықпалдардан құтылу, инфекциялық ошақтарын тиімді емдеу.
Тағаммен емдеудәрумендері жеткілікті, балансы келтірілген диета, жас көкөністерді, жемістерді, шырындарды қосқан тиімді.
Антибактериалдық ем. Ірінді өршуінде және пневмония қосылған жағдайда қолданылады: Рокситромицин – 150 мг 2 рет, ровамицин – 3 млн 2 рет, гентамицин – 0,08 гр 2 рет, эритромицин - 0,5 4 рет, цефазолин 1 г 2 рет.
Сульфаниламидтер. Бисептол 480 мг 2 рет, Сульфатон 0,35 г, сульфадиметоксин 0,5 г.
Қақырық түсіргіш дәрмектер. Бромгексин – 0,016 3 рет, амброксол 30 мг 3 рет
Бронходилятаторлар. Теофедрин – 1/2 таблетканың 2 – 3 рет , эуфилин – 0,15 гр 3-4 рет
Организмнің бейспецифакалық резистенттігің арттыру адаптогендер. Элеутеррокок – 40 тамшы 3 рет, женьшень 30 тамшы 3.
Дезинтоксикациялық ем.400 мл гемодез, 5% глюкоза ерітдісін тамшылап және сусынды мол ішкізеді.
Фитотерапия. Қызылмия түбірі (солодка), эхинацея т.б.
Физиотерапия. Ультра жоғары жиілікті тоқтар, парафин аппликациялары, индуктотермия.
Емдік дене шынықтыру – дренажды жақсартатын жаттығулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет