Мдұ педагог-психологы кабинетінің түзетушілік секторы



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі33,69 Kb.
#79690
  1   2
Байланысты:
МДҰ педагог-психологы кабинетінің түзетушілік секторы

МДҰ педагог-психологы кабинетінің түзетушілік секторы


Кабинеттің балалармен түзетушілік жұмыс жасауға арналған секторы қабырғаларының бояуы жұмсақ, бейтарап болуы (артық әшекейлерсіз болғаны жөн), біркелкі жарықтандырылуы тиіс.
Ғимараттардың жарықтандырылуы төбенің, қабырғалардың, жиһаздың бояуына байланысты. Сондықтан шағылысу коэффициенті жоғары ашық, жылы түстерді таңдау керек. Төбе мен қабырғалар еденнен 1,5 м жоғары – ақ; қабырғаның төменгі жағы ақшыл сарғыш, ақшыл жасыл, реңкі әртүрлі сары түсті, едені – ақшыл болуы мүмкін; үстелдер мен орындықтардың жұмысқа арналған үстіңгі бөлігі – ақшыл жасыл және ағаштың табиғи түсі секілді, оқу тақтасы – қоңыр, ақшыл жасыл түсті.
Сары борды қолданған жақсы; көру арқылы қабылдауды жақсарту үшін және тез шаршаудың алдын алу үшін демонстрация өтіп жатқан ортаның және демонстрациялық материалдың арасындағы қарама-қайшылықты ұмытпау керек.
Бұл сектордың тағайындалымын – жеке және топтық түзетушілік-дамытушы сабақтарды ұйымдастыруды баса көрсетеді. Сондықтан мұнда бәрі мақсатты және барынша ыңғайлы болуы тиіс. Заттар мен объектілерді көрсеткенде балалардың көз алдынан артық заттардың барлығын: алаңдататын ойыншықтарды, картиналарды және өзге заттарды алып тастау керек.
Секторда мыналар болуы мүмкін:

  • ойыншықтарды, көрнекілік оқулықтарды, арнайы әдебиеттерді сақтауға арналған жиһаз;

  • тәрбиешілерге, педагогтарға ата-аналар туралы консультация беруге арналған видеотека;

  • педагог-психологтың жұмыс үстелі (бір немесе екі тумбалы);

  • педагог-психолог кабинетінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттар дестесі;

  • ерте, кіші және ересек жастағы балалармен түзетушілік жұмысқа арналған материалдар;

тұрып, сондай-ақ отырып жұмыс істеуге арналған ыңғайлы балалар үстелдері мен орындықтары; жылтырап, балалардың көңілін алаңдатпау үшін оның үстіңгі қабатының күңгірт болған жақсы.
Кабинеттің түзетушілік секторының жанында ойын ғимараты, немесе аталмыш "ойын бөлмесі" болуы мүмкін. Кейде ол толықтай түзетушілік секторды алмастырады. Оның жабдықтарына түрлі түсті фломастерлер жинағы бар жеңіл ақ тақта (қабырғада), мольберт немесе фланелеграф, сондай-ақ:

  • шынайы өмірден алынған ойыншықтарға;

  • агрессияны елеп-ескеруге арналған ойыншықтарға (ойыншық солдаттар, қолтырауын, Бобо қуыршағы, резеңке пышақтар, жыртқыш аңдардың пішіндері);

  • өзін шығармашылық тұрғыдан танытуға және эмоцияларды босатуға арналған ойыншықтарға (ермексаз, балшық, сұйық гуашь, текшелер) арналған сөрелер кіреді.

Балалардың осындай бөлмеге баруының өзіндік ерекшелігі педагог-психолог пен баланың арасында психотерапевтік қарым-қатынас орнату болып табылады, ол ойын бөлмесіне алғаш келгенде-ақ қалыптасады.
Мұндағы ойын терапиясының ашылатын негізгі міндеттері ересектерге вербальды және вербальды емес мінез-құлық деңгейінде баланың күткен үмітіне жауаптарын көрсету болып табылады.
Кішкентай келуші өзін қызықтырған ойыншықты әрқашан тауып алуы үшін ойыншықтар қатаң өздеріне арналған жерлерге (ашық стеллаждарға, сөрелерге) қойылуы тиіс, ал оның тұрақты орны балада қоршаған ортаның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі туралы ой қалыптастыруы керек.
Психолог мұнда жұмсақ жиһаз (диван немесе креслолар), қалың поролон матрас, поролон доптар мен қалақшалар, жастықтар, қажет болғанда матадан өзінің ұялшақтығы мен ұяңдығын, бөтен адаммен араласу қорқынышын бірден еңсере алмайтын бала жасырынып қалатындай үйшік жасауға мүмкіндік беретін жамылғыштар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Ойын бөлмесі баланың қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс. Соның ішінде – бөтен адамдардан қорғауға, сондықтан сыртқы қабырғалары мен есіктерінде терезелері жоқ, ал ішкі терезесі, қажет болғанда, жалюзимен жабылатын ғимаратты таңдау ұсынылады. Оның қабырғаларын ашық түстерге бояған жөн, себебі олар жарқын, қуанышты атмосфера қалыптастыруға септігін тигізеді.
Ойын бөлмесі бірнеше функционалды аймаққа бөлінуі мүмкін: балалардың ойын және жаттығу, қозғалмалы қызмет аймағы, тірі табиғат бұрышы және маманның жұмыс аймағы. Ойын бөлмесімен дәретхана ғимараты шектесіп жатады.
Олардың әрқайсысын жабдықтауға қойылатын талаптарға тоқталып өтейік:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет