Мемлекет, үстем таптың (әлеуметтік топтың, барлық халықтың тап күштері одағының) көпшілік саяси үкіметтің ерекше ұйымы бола отырып, өзінің міндеттері мен қызметтері бар



бет1/7
Дата09.04.2022
өлшемі48,99 Kb.
#138550
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-semestr-10-tema-kaz1


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университет –
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ЖОО


«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
(23.11.2015 ж.)


Қ арағанды 2016


КІРІСПЕ

Мемлекет, үстем таптың (әлеуметтік топтың, барлық халықтың тап күштері одағының) көпшілік саяси үкіметтің ерекше ұйымы бола отырып, өзінің міндеттері мен қызметтері бар.


Бұл міндеттер мен қызметтер мемлекеттік қызметтегі – мемлекеттік қызметкерлердің, жеке құрамның нақты әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет өзінің қызметкерлер контингентінде нақ осы кадрларында және нақтылықпен күш алады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері, оларды жүзеге асыру барысында жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері мен қызметтері болады. Мемлекеттің жұмысы мемлекеттік қызметкерлерге байланысты.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттің механизмін ұйымдастыруда, оны мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға жарамды және дайын ете отырып, жалғастырады және аяқтайды. Осы қызмет мемлекеттік құрылымның әрбір бөлімін жандандырады, нақты, практикалық қызмет үшін әдістер мен формалар, амалдар, шаралар жиынтығын енгізеді. Кез-келген түрдегі мемлекеттің қалыптасуында осы қызмет мемлекеттің өзінің мақсаттарын орындаудағы алғашқы ұйымдастырушылық амалы ретінде шығады.
Мемлекеттік қызметтің құрылымында қарым-қатынастың екі жағы, екі тобы нақты ажыратылады: мемлекеттік қызметті ұйымдастыру оны дайындау және қызметтік әрекет, әрбір қызметкермен және олардың барлығымен бірге өздерінің қызметтік тәжірбиелік құзыреттіліктерін жүзеге асыру.
Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру қызмет үшін оны қалыптастыруды білдіреді және мәселелердің үлкен шеңберінен тұрады: қызметтік атауларды бекіту және әрбір лауазым бойынша құзыреттілікті анықтау; мемлекеттік қызметке кіру үшін ережелерді құру; кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру; қызмет бойынша көтерілу ережесі; марапаттау шараларын және тәртіп шараларын және де басқа жауапкершілік шараларын қолдану; қызметтен өту және қызметтік қатынастарды тоқтату ережелері және кейбір басқа да ережелер. Бұл тәжірбиелік қызмет үшін дайын мақсаттары бар және кадрлармен байланысы бар қарым-қатынсатың үлкен саласы.
Мемлекеттік қызметтің басқа жағы – бұл мемлекеттік қызметкерлердің оларға тапсырылған өкілеттіктерді жүзеге асыру бойынша тәжірбиелік қызмет.
Әрбір қызметкер оның жүзеге асыруға тиісті өкілеттілігінің көлемін анықтайтын лауазымға ие. Бұл өкілеттіктер материалдық мазмұны жағынан өте алуантүрлі (билік қызметі,орындашуы, әділеттік және т.б. салаларда), оларды іске асырудың құқықтық формалары бойынша әртүрлі (құжаттарды құрастыру, олармен жұмыс, жеке тұлғаларды қабылдау, шағымдарды қарастыру және т.б.).
Мемлекеттік қызмет құқықтық институттардың бірі болып табылады, оның нормаларын мемлекеттік қызметтің екі жағы (мемлекеттік қызмет және тәжірбиелік өкілеттіктерді мемлекеттік қызметкерлердің жүзеге асыру ұйымы) реттейді. Құқықтық институт ретінде мемлекеттік қызмет құқықтың әртүрлі салаларының нормаларын біріктіреді.
Қазіргі таңда осы тақырып ғылыми салаларда, монография, оқу құралдары беттерінде кеңінен талқыланады, қыруар заңдар және заңға тәуелді нормативтік актілер шығарылуда. Бұл қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттің мемлекеттік қызметінің орны мен түсінігінің жаңа тәсілдерімен байланысты, сондай-ақ осы бағытта өткізілетін реформалармен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет