Мәдениет адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап



Дата07.02.2022
өлшемі37,81 Kb.
#83777
Байланысты:
Эссе


Мәдениет және Психология
Эссе
Тақырып: Мәдениет дегеніміз не?
Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениет ұғымы жалпы философиялық ұғым. Ол латынның “coltura”-мәдениет туралы ұғым сөзінен шыққан. Бұл ғылым адамның өмір сүру тәсілін өмірдегі материалды және рухани құндылықтарының жиынтығын үйретеді.
Мәдениет - халықтың шығармашылық рухани ізденісі, халықтың даналық,
адамгершілік нышандары. Мәдениет – заттың қажеттіліктерін, пайдалығын,
әдемілігін, ыңғайлығын үйретеді.
Мәдениеттің екі формасы бар: материалды және рухани мәдениет.
Материалды мәдениет - зат түрінде құндылықтың жиынтығы. Мысалы: азық- түлік, киім-кешек, үй-жиһаздары, транспорттар, т.б.
Рухани мәдениетке - ой-өріс, сана-сезім, білім, инабаттлық,
адамгершілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, т.б. жатады.
Бұл – мәдениеттің екі формасы біртұтас. Екеуін бір-бірінен ажыратуға
немесе бөліп қарауға болмайды. Ел немесе жеке адам қалыпты даму үшін
мәдениеттің екі жағына бірдей мән беру керек. Мәдениеттің екі түрі,
материалды мәдениет дамығанда рухани мәдениет дамиды.
Мәдениеттің рухани негізі-дін. Дін танусыз мәдениет тану жоқ.
Мәдениет бұл деңгейде көтеріледі. Ол адам әлемі Мәдениет және табиғат
біртұтас. Адам және мәдениет табиғаттың туындысы. Осы мәселеде ілім туады.
Бұл – антропология деп атайды.
Мәдениеттің өзекті мәселесі-өнер. Өнер – дамуының, мәдениеттің алтын
қазынасы, адамның ұлылығы. Ол әсемдікке, әдемілікке, сұлулыққа ұмтылдырады. Мәденет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістегі қызметі мен өзіндік ерекшелігі. Мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет