АТ 18.7
Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалыптасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.
Мәдениет — тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады.
1) мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады.
2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.
Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:
Достарыңызбен бөлісу: |