Медицина факультеті



Дата22.12.2023
өлшемі44,23 Kb.
#198381
Байланысты:
WYHNIBQWPHEN17122023173252
2 аралық бақылау, ЖМ-909 Мейірбек Бағдат (пс (2), ЖМ-909 Мейірбек Бағдат (пс (1), правила русский

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


Медицина факультеті


«Акушерлік іс және гинекология» кафедрасы



«БЕКІТЕМІН» Медицина факультетінің деканы,м.ғ.д.,профессор _______Ы.С.Молдалиев _____«___»_____2023ж



«ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗДЕРІ»
(АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ)
пәні бойынша


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


Түркістан, 2023

Медицина факультеті «Акушерлік іс және гинекология» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.


Хаттама №3/в 15 . 11. 2023 ж.

Кафедра меңгерушісі__________м.ғ.к., ХҚТУ профессоры Р.Г. Нурхасимова


Медицина факультетінің оқу әдістемелік комитетінде қаралған және мақұлданған.


Хаттама № 4 . 17. 11. 2023 ж.
Медицина факультетінің
оқу әдістемелік комитет төрағасы магистр,аға оқытушы ________ А.С.Минтасова


  1. Экстрагениталді патологиясы жоқ, жүктілігі физиологиялық жағдайда өткен жағдайда жүкті әйел консультацияға неше рет келу керек




  1. Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін қандай препарат тағайындау керек




  1. Жүктіліктің 10-13 аптасында жүргізілетін екілік тест деп аталатын пренаталды биохимиялық скринингте қандай эмбрионспецификалық белоктар зерттеледі




  1. Ана қанындағы эмбрионспецификалық белоктар концентрациясы анықталатын пренаталды скрининг қалай аталады.




  1. Жүктіліктің 16-21 апта мерзімінде жүргізілетін үштік тест деп аталатын пренаталды биохимиялық скринингте қандай эмбрионспецификалық белоктар зерттеледі.



  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеудің аналық себебіне жатпайды.




  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеудің ұрықтық себебіне жатпайды.




  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.




  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының жүктілктің ІІ үшайлығында концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатпайды.




  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.



  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында альфафетопротеин гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.


  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында альфафетопротеин гормонының концентрациясының қалыптыдан жоғарылу себебіне жатпайды.




  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында ПАП-А гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.




  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында ПАП-А гормонының концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатады.




  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатады.



  1. Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының концентрациясының төмендеу себебіне жатады.




  1. Босанып үйіне келгеннен кейін дәрігер нәрестені тексеріп келесі өзгерістерді көрді: Жалпы жағдайы қанағанаттанарлық, кіндігінің айналасы қызарған, жарасынан аз мөлшерде серозды-іріңді бөлінділер байқалады. Дәрігердің болжамалы диагнозы.




  1. Босанғаннан 12 тәуліктен кейін әйелдің дене қызуы 380 дейін көтеріліп, қалтырау, сүт бездерінде ауыру сезім пайда болды. 2 тәуліктен кейін дәрігерге көрінді. Жалпы тексеру кезінде бір жақ сүт безінде ауыру сезімді, көлемі 2х3 см. инфильтрат пальпацияланды. Диагноз.




  1. Босанғаннан кейін жатыр өзінің қалыпты өлшеміне қай уақытта келеді.




  1. «Босанудан кейінгі кезеңі» деп аталады.




  1. Қалыпты жүктілік барысында жүкті әйелдерде RW, ВИЧ инфекциясына талдауды қай аптада жүргізіледі.




  1. жүрек жиырылуының базальды жиілігі дегеніміз.




  1. Жүктіліктің ІІ үшайлығында ультрадыбысты скрининг жүргізуде мына көрсеткіш бағаланбайды.



  1. Жүктіліктің ІІІ үшайлығында ультрадыбысты скрининг жүргізуде мына көрсеткіш бағаланбайды.




  1. Жүктіліктің І үшайлығында жүктілік мерзімін анықтауда ең нақты мәлімет беретін биометрия параметрі.




  1. Шағымы: іштің төменгі жағында күшті ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, дизуриялық бұзылыстар, іштің кебуі, жыныс жолдарынан патологиялық бөліністің бөлінуі. Анамнезінде: созылмалы сальпингоофорит, 4 жылдан бері ЖІЗ қолданады. Тексеруде: ішастар тітіркену белгісі оң мәнді. Қынаптық тексеруде: жатыр қосалқылары ұлғайған, ауырсынады. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. БҚА: С реактивті белок оң мәнді. ЖЗА: өзгеріс жоқ. Жүктілікті анықтауға арналған тест теріс мәнді. УДЗ нәтижесі: жатыр артқы кеңістігінде бос сұйықтық анықталады, жатыр қосалқылары ұлғайған, жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер. Сіздің диагнозыңыз.




  1. Шағымы: вульва аймағындағы түзіліс, жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну жіне дискомфорт сезімі. Гинекологиялық тексеруде: вульва аймағында беті тегіс түзіліс, гиперемия, ісік, флюктуация анықталмайды. Сіздің диагнозыңыз.




  1. Шағымы жыныс мүшелерінің қышуы, күдіру сезімі, жыныс жолдарынан бөліністің бөлінуі. Кольпоскопияда: вульва және қынап шырышты қабатының тегістелуі, жұқаруы, контактылы қан кету, вульва және қынап эпителиінің жұқаруы, Шиллер сынамасында біркелкі емес боялуы. Қынаптық бөліндіні цитологиялық зерттеуде базальды және парабазалды қабат жасушаларының анықталуы. Сіздің диагнозыңыз.




  1. Нуқасты тексергенде келесі өзгерістер байқалды: қынап бөлінділерінің рН 4,5 жоғары, шырышты қабатының гиперемиясы, аминді тест -оң, микроскопиялық зерттеу кезінде жағындыдан "кілттік жасушалар" байқалды. Диагноз.



  1. 25 жастағы тұрмыс құрмаған әйелдің шағымдары: жыныс жолдарынан аз мөлшерде бөлінділер, жыныстық қатынастан кейін – қанды бөлінділер, оң жақ қабырға доғасының астындағы аймақтағы ауыру сезім, жалпы әлсіздік. Бір айдан бері жаңа жыныстық серіктесімен тұрады. 2 жыл бұрын бір жүктілік болған – аборт жасалған. Гинекологиялық тексеру мәліметтері: қынаптық бөлінділері шырышты, цервикал канал бөлінділері – ірің тәрізді. Жатыр мойынында көлемі кішкентай эктопиясы байқалады. Бимануалді зерттеу: жатыр мойыны ауыру сезімді. Жатыр қосалқылары, оң жақ қабырғаларының асты пальпация кезінде ауырады. Болжам диагноз.


  1. Жасөспірімдерде ювенилді жатырдан қан кетудің жиі кездeсетін себебі.




  1. кезеңінде дисфункционалдық жатырдан қанкетуді тоқтататын негізгі әдіс.




  1. Біріншілік дисменореяның эндометриоздан ажырату белгілері.



  1. Біріншілік дисменореяның cозылмалы сальпингоофориттен ажырату белгілері.




  1. Біріншілік дисменореяның жатырішілік синехиядан ажырату белгілері.




  1. Шағымы: етеккірдің ауырсынып келуі, етеккір алдында іштің кебуі, ісіну, көңіл күйдің өзгеруі, қынаптық тексеруде еш өзгеріс жоқ. УДЗ де қалыпты. МРТ нәтижесі қалыпты. Сіздің диагнозыңыз.




  1. Поликистозды аналық без синдромының HAYRAN синдромынан ажырату белгісі.




  1. Поликистозды аналық без синдромының тотальды гиперкортицизмнен ажырату белгісі.




  1. Поликистозды аналық без синдромының вирильдеуші ісіктерден ажырату белгісі.




  1. Поликистозды аналық без синдромының БҮБ қыртысының тума дисфункциясынан ажырату белгісі.




  1. Диагностикалық критерийлер: гирсутизм, акне, себорея, алопеция, биохимиялық гиперадрогения, овуляторлы дисфункция, гипергликемия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы, ЛГ/ФСГ арақатынасы ˃2,5, ЖТЛП мөлшерінің төмендеуі, ТГ және холестерин мөлшерінің жоғарылауы, УДЗ: аналық безде диаметрі 10 мм дейін 12 және одан көп фолликулалардың анықталуы. Сіздің диагнозыңыз.




  1. Медициналық аборттан кейін әйел инъекциялық ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) контрацептивін қолданатын болды. Бірінші инъекцияны қанашан жасау керек.




  1. ҚOК қабылдауға қарсы көрсеткішті атаңыз.



  1. Науқасқа қойылған диагноз: Кандидозды вульвовагинит. Этиологиялық терапия тағайындаңыз.




  1. Сальпингоофориттің жиі кездесетін асқынуы.




  1. Төменгі тізімнен ЖІС-ке қарсы көрсеткішін көрсетіңіз.



  1. Әйелдің 4 баласы бар. Анамнезінде – жатыр мойынының рак in situ бойынша ем алды. Контрацептив тағайындаңыз.




  1. 49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Болжам диагноз.


  1. 49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Сіздің тактикаңыз.




  1. 15 жастағы қыздың шағымдары: 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады, ал соңғы 2 күн бөлінділер мөлшері көбейді. Етеккірі 13 жастан басталды, қазіргі кезеге дейін реттелмеді. Соңғы етеккір 2,5 ай бұрын басталды. Науқасты тексергенде тері жабындысы боз, жыныс жолдарынан кеткен қан мөлшері көп. Ректалді зерттеу мәліметтері: жатыр көлемі кішкентай, қосолқылары пальпацияланбайды. Диагноз.




  1. 2 жастағы науқасқа дисфункционалды жатырдан қанктеу себебінен хирургиялық гемостаз жүргізілді. Гистологиялық зерттеу мәліметі: эндометрий гиперплазиясы. Әрі қарай қандай ем тағайындау керек.




  1. «Норплант» имплантын қандай жағдайда енгізуге болмайды.




  1. «Норплант» имплантанты дененің қай жеріне енгізіледі.




  1. Гормоналді контрацептивтер әсерінің механизмі.




  1. Күйеуі бар студент 25 жаста, бір баласы бар. Аяқ тамырларының созылмалы тромбофлебиті бар. Контрацептив тағайындаңыз.




  1. ЖІС-ке қарсы көрсеткіш.




  1. Студент қыз, тұрмыста жоқ, контрацептив жөнінде кеңес алуға келді. Жыныстық қатынас айына 2-3 рет болады, серіктестері бірнеше. Жүктілік болған жоқ. Контрацептив тағайындаңыз.




  1. Жанұяда зайыбының біреуі АИД инфицирленген. Қандай контрацепция әдісін ұсынасыз.




  1. Жанұяда екі зайыбы да АИД инфицрленгене, дені сау балалары бар. Контрацептив тағайындаңыз.




  1. Күйеуі бар, бір балалы, қант диабетімен ауыратын әйелге контрацептив тағайындаңыз.




  1. Жедел контрацепция қолдану тәртібі бойынша таблеткаларды 2 рет қабылдау керек: біріншісін - 72 сағаттан кешікпей, екіншісін - 12 сағаттан кейін. «Стандартты дозалы» ҚАК-ты дұрыс тағайындаңыз.


  1. Жедел контрацепция қолдану тәртібі бойынша таблеткаларды 2 рет қабылдау керек: біріншісін - 72 сағаттан кешікпей, екіншісін - 12 сағаттан кейін. Жедел контрацепция мақсатында левоноргестрел (Постинор) препаратын дұрыс тағайындаңыз.




  1. Күйеуінен ажырасқан, бір балалалы 32 жасар әйелге контрацептив тағайындаңыз. Әйелдің бір жыныстық серіктесі бар, жыныстық қатынас айына 1-2 рет болады.




  1. Әйел медициналық аборттан кейін контрацептив ретінде инъекциялық прогестинді ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) қолданатын болды. Бірінші инъекциясын қашан жасау керек.




  1. Әйел инъекциялық прогестинді ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) контрацептив ретінде қолданатын болды. Осы контрацептив жөнінде кеңес бердіңіз, бірінші инъекциясын жасадыңыз. Екінші рет әйел қашан келу керек.




  1. Әйел 2 апта бойы етеккірің кідіруі, тәңертеңгілікте жүрек айну, ішінің төменіндегі ауыру сезіміне (көбіне сол жағында) шағымданады. Дәрігер арнайы гинекологиялық зерттеу жүргізіп, УДЗ-дан кейін «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік» деген диагноз қойды. Диагнозы дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек.




  1. Даун ауруын анықтайтын УДЗ мәліметтері.




  1. Босанғаннан 7 күн өткен соң әйел дене қызуы 380С, әлсіздік, жөтелуіне шағымданып гинекологқа келді. Сүт бездері жұмсақ, емізіктерінде сызаттар байқалмайды. Өкпесінің төменгі аймақтарында тыныс әлсізденген, бірен-сараң сырыл естіледі. Іші жұмсақ, төменгі аймақтарын пальпациялағанда сезімталдық байқалады. Лохиялары – қан аралас, орташа мөлшерде. Дәрігердің тактикасы.




  1. Әйел 20 жаста. Жағдай ауыр, адинамия. Дене қызуы 40-410 С, қалтырау. Лимфобездері ұлғайған. Сүт бездері қызарып, қатайып, көлемі үлкейген. Диагноз.




  1. Науқасты қынаптық тексеру кезінде жатырдың артқы маңайында түзіліс пальпацияланды. Анамнезінен: ауырғанына 1 ай болды – аборттан кейін дене қызуы көтеріліп, қалтырау байқалады. Дәрігерге қаралған жоқ. Соңғы аптада ауру сезім тік ішегінде пайда болды. Диагноз.




  1. Жүктіліктің қандай мерзімінде әйелге босануға дейінгі декреттік демалыс беріледі.




  1. Даун ауруын анықтау үшін қандай скрининг әдісін қолдану керек. Төменгі тізімнен көрсетіңіз.




  1. Қайта жүкті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Әйелдер консультациясындағы дәрігердің тактикасы.




  1. Әйелге ЖІС енгізілген. Әйел етеккірі келіп кеткеннен кейін ЖІС-тің мұрташаларын өзі қолымен тексеріп таба алмай қалған жағдайда не істеуі керек.




  1. Репродуктивтік жастағы дисфункционалды жатырдан қан кетуді қандай аурумен шатастыруға болады.




  1. 34 жастағы науқас, етеккір циклі овуляторлы, бірақ етеккірге 1-2-3 күн қалғанда тот басқан-қанды түсті бөлінділер байқалады. Етеккір бұзылысының түрі.




  1. Біріншілік ана бездік аменорея қандай аурудың зардабы.




  1. Біріншілік аналық бездік аменореяның генезін анықтау үшін қандай зерттеу жүргізілу керек.




  1. Бактериалдық вагинозға тән емес.




  1. Қыз балалар вульвовагинитінің жиі кездесетін асқынуы.




  1. Сальпингит (оофорит, эндометрит) этиологиясын дәлілдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек.




  1. Хламидиозға қарсы ем тағайындаңыз.




  1. Бейспецификалық вульвовагинитке шалдыққан 2 жасар қыз балаға ем тағайындаңыз.




  1. Туберкулездік эндометрит кезіндегі науқастың шағымдары.




  1. Леопольд-Левицкидің 3-ші әдісі қандай мақсатпен жүргізіледі.




  1. Қайта жүкті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Диагноз.



  1. 24 жастағы жүкті әйелдің эпигастрий аймағында ауру сезім байқалды. Әйелді тексергенде жүктіліктің 31-32 аптасы анықталды, АҚҚ 150\100 мм с.б. екі жағында, зәрі лай, балтырларында ісік байқалады. Диагноз.


  1. Эклампсияның негізгі белгілері.




  1. Ауыр преэклампсияның белгілері.




  1. Преэклампсияның жеңіл дәрежесінің белгілері.




  1. Мерзімінен ерте менопауза дегеніміз:




  1. Ерте менопауза дегеніміз:




  1. Сальпингоофоритте мынадан басқаның бәрі хирургиялық емге көрсеткіш:




  1. Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдалардың емінде қолданылатын кальций антогонистер тобының препараты:




  1. Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдалардың емінде қолданылатын альфа-адреномиметик тобының препараты:




  1. Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдалардың емінде қолданылатын вазодилятатор:




  1. Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлардың клиникалық жіктемесіне жатпайды:




  1. Жүктілік барысында жүкті әйел Вассерман реакциясына қан талдамасын неше рет және қай мерзімде тапсырады:




  1. ҚР акушерлік гинекологиялық көмекті ұйымдастырудың стартартты 26.08.2021 жылғы №92 бұйрығы негізінде жүкті әйелге міндетті зертханалық тексерудің бастапқы кешеніне жатады:




  1. ҚР ДМС 175/2020 бұйрығымен бекітілген жүкті әйелдің амбулаторлық картасы:




  1. ҚР ДМС 175/2020 бұйрығымен бекітілген жүкті әйелдің алмасу картасы:




  1. ҚР ДМС 175/2020 бұйрығымен бекітілген «Жүктіліктің бірінші, екінші, үшінші триместріндегі ультрадыбыстық скрининг» жүргізу мерзімері




  1. Жүктілікке дейін пайда болған немесе жүктіліктің бірінші жартысында пайда болған, жүктіліктен тыс бүйректік, тамырлық, эндокриндік немесе басқа да бұзылыстардан туындаған гипертензия:




  1. Жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болған, қандай да бір полиорганды бұзылыс белгісінсіз дамитын, босанғаннан кейін 6 апта ішінде жойылатын гипертензия:




  1. 30 мин интервалмен 2 рет өлшегенде АҚ 140/90 м.сн.бағ., аяқтарда ісіну, протеинурия 0,3 г/л аз:




  1. 30 мин интервалмен 2 рет өлшегенде АҚ 160/110 м.сн.бағ., жайылған ісіну, протеинурия 0,3 г/л жоғары, тромбоцитопения, бауырлық ферменттер деңгейінің жоғарылауы:




  1. Ауыр преэклампсия кезінде кесар тілігіне көрсеткіш:




  1. Ауыр преэклампсия кезінде кесар тілігіне көрсеткіш:




  1. Преэклампсия ауыр дәрежесін емдеудегі 1 линия препараты




  1. Антирезус иммуноглобулин D препаратының босануға дейінгі және босанудан кейінгі резус қайшылықтың алдын алудағы мөлшері.




  1. Антирезус иммуноглобулин D препаратының жүктіліктің 12 апта мерзіміне дейінгі мед түсік және өздігінен түсіктен кейінгі резус қайшылықтың алдын алудағы мөлшері.




  1. Cыртқы акушерлік тексеруде жатыр түбі биіктігі 33 см, іш айналымы 95 см, ұрықтың жатуы тігінен, жатыр түбінде жұмсақ, көлемді бөлігі анықталады, ұрықтың І позиция, алдыңғы түрде жатыр, төмен келіп тұрған бөлігі қатты, домалақ, қозғалмалы. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау нүктесін анықтаңыз:




  1. Cыртқы акушерлік тексеруде жатыр түбі биіктігі 33 см, іш айналымы 95 см, ұрықтың жатуы тігінен, жатыр түбінде қатты, домалақ, қозғалмалы бөлігі анықталады, ұрықтың ІІ позиция, алдыңғы түрде жатыр, төмен келіп тұрған бөлігі жұмсақ, көлемді. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау нүктесін анықтаңыз:




  1. Антенаталды кардиотокография жүргізудің негізгі мақсаты:




  1. Жүктіліктің 41 апта мерзімінде «пісіп жетілген» жатыр мойнында кардиотокограммада децелерация пайда болғанда дәрігердің тактикасы:




  1. Акцелерация -бұл:




  1. Децелерация – бұл:




  1. Ерте децелерация – бұл ұрықтың жүрек соғысының сиреуі:




  1. Стрестік емес тест ұрықтың жүрек соғысының өзгерісін бағалау болып табылады:




  1. Жүктіліктің бірінші үшайлығындағы ең жиі кездесетін асқынуға жатпайды:




  1. Плацентаның төмен орналасуына тән симптом:




  1. Плацентаның жартылай төмен жатуында босану әдісін таңдауда мынаған мән беріледі:




  1. Босанудан кейінгі көп көлемді қан жоғалтудағы геморрагиялық шоктың инфузиялық трансфузиялық емінің негізгі мақсаты:




  1. Төменде көрсетілген клиникалық жағдайдың басқасының бәрінде босанғаннан кейін жатыр қуысын қолмен тексеру жүргізіледі:




  1. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде патологиялық қан кетуде бірінші кезекте жасау керек:




  1. Шүйдемен қондырылудың алдыңғы түрінде босану биомеханизмінің бірінші кезеңі:




  1. Келіп тұрған бөлік жамбас, ұрықтың арқасы алға қараған - бұл;




  1. Цовьянов 1 әдісі:




  1. Аралас жамбаспен келуде қолданылады:




  1. Физиологиялық дамушы жүктілікте әйел ағзасының гемостаз жүйесінде келесі өзгерістер болады:




  1. Босанудың ІІІ кезеңінде плацентаның жатыр қабырғасынан толық бөлінуінің визуалды белгісіне мынадан басқасы жатады:




  1. Босанудың І кезеңінде және тірі ұрық кезінде клиникалық тар жамбастың ІІІ дәрежесін диагностикалағанда ең дұрыс акушерлк тактика:




  1. Босану барысында жүрек шамасыздығы бар әйел мына қалыпта болуы керек:




  1. Жүрек жеткіліксіздігінің ІІ-ІІІ сатысындағы жүктілерді босандырудың ең оптималды мерзімі:




  1. Жүкті әйелдер жыныс мүшелерінің микоздық зақымдалуы жиі қосарланады:




  1. Сифилиспен ауыратын жүктілерді босандыру:




  1. Кеш гестозда орын алады:




  1. 34 апталық жүкті әйел үйінде эклампсия ұстамасы болған. Перзентханаға келгенде АҚҚ 150/100 мм.сын.бағ. Ұрықтың болжам салмағы– 1500 г. Беті және аяқтары ісінген. Зәрдегі белок – 0,66%. Босану жолдары дайын емес. Қарқынды комплесті ем басталған. Дұрыс дәрігерлік тактика:




  1. Жүктілік кезіндегі преэклампсияда тиімді дәрігерлік тактиканы көрсетіңіз:




  1. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы ең жиі дамиды:




  1. Акушерлік перитонит жиі мынадан кейін дамиды:




  1. Қандай жағдайда босанғаннан кейін жатыр инволюциясының бұзылысы айқын дамиды:




  1. Қандай микроағзалар жмі босанғаннан кейінгі эндометритті дамытады:




  1. Ең жиі кездесетін босанудан кейінгі эндометриттің түрі:

145. Жатыр қосалқылары іріңді түзіліспен қабынған науқасқа төменде көрсетілгендерден мынадан басқаның бәрі қарсы көрсеткіш:





  1. Ұрық жеке мүшелерінің арақатынасы – бұл:




  1. Ұрық арқасының жатырдың алдығы және артқы қабырғасына қатынасы - бұл:




  1. Ұрық осінің жатыр осіне қатынасы - бұл:




  1. Ұрық арқасының жатыр бүйір қабырғаларына қатынасы - бұл:




  1. Жүкті әйелдердің жыныс мүшелерінің саңырауқұлақпен зақымдануы көбінесе қосарланады:



  1. Жүкті әйелдерде белсенді мерез болған кезде ұрыққа жұағады:



  1. Мерезге шалдыққан жүкті әйелдерде ұрықтың зақымдану жолы:




  1. Мерезбен ауыратын науқастарды босандыру, әдетте, жүзеге асырылады:



  1. Трихомониаз кезінде ең жиі кездесетін қабыну:



  1. ЖЖБИ-нің алдын-алу әдісіне барлығы жатады, біреуін басқа:



  1. Қарапайым герпес вирусын емдеуде, таңдаулы препарат болып табылады:



  1. Папилломавирустық инфекцияның клиникалық көріністері:




  1. Жатыр миомасы:



  1. Жатыр асты миомасының негізгі клиникалық симптомы:



  1. Төменде келтірілген барлық зерттеулердің біреуінен басқасының нәтижелеріне сүйене отырып, шырыш асты миоманы анықтауға болады




  1. Жатыр мойны эндометриозының негізгі клиникалық симптомы:

  2. Жатыр денесінің ішкі эндометриозының 3-ші сатысында менструация алдында тән емес:

  3. Ретроцервикальды эндометриоздың 3-4 сатыларында, менструация қарсаңында және менструация күндері байқалады:

  4. Аденомиоз-бұл:

  5. Сыртқы гениталды эндометриоздың диагностикасында аспаптық зерттеу әдістерінің қайсысы толық мәлімет бере алады

  6. Аналық без кистомалары:

  7. Аналық бездің қатерсіз ісіктерінде қандай асқыну жиі кездеседі?

  8. Аналық бездің гормоналды белсенді ісіктеріне жатады біреуінен басқа:

  9. Жатыр миомасы мен аналық без ісігі арасында дифференциалды диагностикадағы ең тиімді әдіс:

  10. Жатыр мойнының қатерсіз ауруларына барлығы жатады, біреуінен басқа:

  11. Эндометрийдің рак алды ауруына жатады:

  12. Жатыр мойны эпителийінің ауыр дисплазиясы- бұл:

  13. Аналық бездің қатерлі ісіктерінде хирургиялық ем көлемі:

  14. Эндометрий рагыныі екінші сатысы сипатталады:

  15. Эндометрий рагінде метастаздың негізгі жолы

  16. Аналық бездің қатерлі ісігі бар науқастарды емдеу әдістері

  17. Эндометридің рак алды ісігіне жатады

  18. Эндометрий рагының негізгі белгілері

  19. Жатыр мойны жабынды эпителийінің фондық процестеріне жатады

  20. Жатыр мойны обырының қауіп факторлары

  21. Перинаталдық кезең уақыты болып саналады

  22. Жүкті әйел организмінде ұрықтың қалыпты дамуына ықпал етеді

  23. α-фетопротеин концентрациясы жоғарылайды

  24. Қалыпты жүктілік кезінде ана мен ұрықтың иммунологиялық қарым-қатынасында плацента келесі рөл атқарады

  25. Ана-плацента-ұрық жүйесіндегі иммунологиялық қатынастардың бұзылуы келесі асқынулардың дамуына әкеледі

  26. Rh қайшылықтың пайда болу шартына жатады

  27. Жүктілік кезінде изоиммунизацияның ең қолайсыз белгісі болып табылады:

  28. Ұрықтың (жаңа туған нәрестенің)өміршеңдік критерийі үшін жүктілік мерзімі

  29. Өміршең ұрықтың ең аз өсуі:

  30. Өміршең ұрықтың ең аз дене салмағы:

  31. Жүктілік кезінде амниотикалық сұйықтықты зерттеу, мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

  32. Ұрықтың гемолитикалық ауруында плацентаның салмағы:

  33. Ұрықтың гемолитикалық ауруының дамуында әдетте, орын алады:

  34. Жаңа туған нәрестелердегі гемолитикалық ауруды диагностикалау үшін қанда анықтайды:

  35. Баспен келуде, ұрық жүрек соғысының жиілігінің минутына 180 рет немесе одан да тұрақты жоғарылауы:

  36. Ананың демін ішіне алып, тыныс алуын тоқтатқанда, ұрықтың қалыпты реакциясы

  37. болып табылады:

  38. Жүкті әйелдің тыныс алу жүйесінде байқалады:

  39. Қалыпты жүктілік кезінде жүрек-қан тамырлары жүйесінде келесі өзгерістер байқалады:

  40. Жүктілік кезінде ас қорыту жүйесінде келесі өзгерістер болады:

  41. Физиологиялық жүктілік кезінде жүйке жүйесінде келесі өзгерістер байқалады:

  42. Ерте токсикоздың ауырлығы сипатталады:

  43. Ерте токсикоздың жиі кездесетін түрлеріне мыналар жатады

  44. Ерте токсикоздың ауыр ағымы бар жүкті әйелде (жүкті әйелдердің шамадан тыс құсуы) ағзаның интоксикациясының көрінісі болып табылады, біреуінен басқасы:

  45. Жүкті әйелдердің жеңіл дәрежелі құсуына тән:

  46. Артериялық гипотензиясы бар жүкті әйелдерде жиі кездеседі

  47. Гипертония ауруы кезінде жүктілікке қарсы көрсеткіш болып табылады:

  48. Қант диабетімен ауыратын әйелдерде жүктілік кезінде келесі асқынуларды дамиды:

  49. Диабеттік фетопетияға тән негізгі белгілер

  50. Жүкті әйелдегі қант диабеті кезінде жүктілікті сақтауға қарсы көрсеткіштер болып табылады, біреуінен басқасы:

  51. Нағыз темір тапшылық анемия, әдетте жүктіліктің мына мерзімінен бастап дамиды:

  52. Темір тапшылық анемияның дамуына келесі факторлар әсер етеді:

  53. Жүкті әйелдерде темір тапшылық анемияның нақты белгісі, гемоглобин мөлшерінің төмендеуінің төмендегі көрсеткіші болып табылады

  54. Темір тапшылық анемияда қанның түсті көрсеткішінің деңгейі төмен:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет