Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеудің үш тәсілі бар



Дата19.04.2020
өлшемі1,59 Mb.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ Медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу

  • Орал қ, 2020 ж
  • Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
  • -тырнақты алу
  • -тырнақта лактың болмауы
  • -жасанды тырнақтың болмауы
  • қолда зергерлік әшекейлер мен сағаттың болмауы.

Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеудің үш тәсілі бар

  • 1
  • Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу.
  • 2
  • ))
  • 3
  • Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу
  • 1) тамақ өнімдерімен жұмыс істеу, тамақты дайындау және тарату алдында;
  • 2) тамақ ішу алдында;
  • 3) дәретханаға барғаннан кейін;
  • 4) пациентпен тікелей жанасу болмаған кезде (төсек әбзелдерін ауыстыру, үй-жайды жинау және т.б.) пациенттің күтімі бойынша іс-әрекетті жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;
  • 5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, пациенттің зақымданбаған терісімен (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу және т.б.) жанасқаннан кейін;
  • 6) қол анық ластанған барлық жағдайда.
  • 1) инвазиялық процедураларды орындау алдында және орындағаннан кейін;
  • 2) пациенттің тері жабындыларының тұтастығын бұзатын манипуляциялар жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;
  • 3) жарақаттармен және катетерлермен манипуляциялар алдында және одан кейін;
  • 4) науқастың қанымен және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен, бөлінділерімен жанасқаннан кейін;
  • 5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттермен жанасу алдында және жанасқаннан кейін;
  • 6) жаңа туылған сәбилерді қарау алдында.
  • 1) кез келген операциялық араласулар алдында;
  • 2) маңызды инвазиялық емшаралар алдында (мысалы, ірі тамырларды пункциялау).
  • Қолды хирургиялық дезинфекциялау
  • Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу
  • Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу

Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу

  • Жабдықтау: Қолды жуу үшін жылы ағын су, дозаторы бар құтыдағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады.
  • Қолды жуу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі:
  • 1) су құбыры кранын ашу;
  • 2) қолды сумен сулау;
  • 3) ылғал қолға сабынды жағу;
  • 4) EN-1500 еуропалық стандартқа сәйкес өңдеу жүргізу (осы әдістемелік ұсынымға қосымша);
  • 5) қолды бір рет қолданылатын сүлгімен немесе бір рет қолданылатын майлықпен құрғату;
  • 6) сүлгіні қалдықтар жинауға арналған сыйымдылыққа немесе контейнерге тастау.
  •  

Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу

  • Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу екі сатыдан тұрады: қолды сабынмен және сумен жуу және қолды тері антисептигімен дезинфекциялау.
  • Жабдықтау: Қолды жуу үшін жылы ағын су, дозаторы бар құтыдағы сұйық сабын, тері антисептигі, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады.
  • Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі
  • 1) осы әдістемелік ұсынымның 8-тармағына сәйкес қолды сабынмен және сумен жуу;
  • 2) қолдың буындарына 3 мл-ден кем емес мөлшерде антисептикті жағу және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін сақтай отырып, толық құрғағанға дейін теріге мұқият ысқылау (антисептикті жаққаннан кейін қолды сүртпеу керек).

Қолды хирургиялық дезинфекциялау

  • Өңдеу сатылары
  • Уақыты
  • Қолды механикалық тазалау:
  • - EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін қатаң сақтай отырып, қолдың буындарын және білекті сұйық сабын қосып сумен жуу;
  • - стерильді сүлгімен немесе стерильді майлықпен құрғату;
  • 2 мин.
  • - тырнақ ұяларын, тырнақ айналасындағы білікшелерді антисептиктермен суланған бір рет қолданылатын стерильді ағаш таяқшалармен өңдеу.
  • Кемінде 1 мин.
  • 2. Қолды тері антисептигімен дезинфекциялау:
  • - антисептикті шынтақ дозаторынан 3 мл.-ден алып, қолдың буындарына және білекке жағу. 1 өңдеуге кететін шығыс – 10 мл;
  • - EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін қатаң сақтай отырып, антисептикті қолдың терісіне ысқылау.
  • 5 мин бойы
  • 3. Антисептик толық буланғаннан кейін қолға стерильді қолғап кию.
  • Бір алақанды екінші алақанға қайтарымды-үдемелі қозғалыспен уқалау
  • 2. Оң алақанмен сол қолдың сыртқы жағын уқалау, қолды ауыстыру.
  • 3. Бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ арасындағы аралығына біріктіру, саусақтардың ішкі беттерін жоғары және төмен қозғалтып ысқылау.
  • 4. Саусақтарды "құлыпқа" біріктіру, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алақанын ысқылау
  • 5. Сол қол буынының бас бармағының түбінен оң қол буынының бас бармағымен және сұқ саусағымен қапсыра ұстау, айналдыра ысқылау. Білекте қайталау. Қолды ауыстыру.
  • 6. Сол қолдың алақанын оң қол саусақтарының ұштарымен айналдыратын қозғалыспен ысқылау, қолды ауыстыру
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • EN-1500 еуропалық стандартына сәйкес қолды өңдеу кезіндегі қозғалыстың жүйелілігі:
  • 7. Әр қозғалыс кемінде 5 рет қайталанады. Қолды өңдеу 30 секунд - 1 минут бойы
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет