Мәәтін тақырыбы: Астана -әсем қала «Бәйтерек» монументі



Дата07.02.2022
өлшемі17,8 Kb.
#97652
Байланысты:
Аня 1


Мәәтін тақырыбы: Астана -әсем қала


«Бәйтерек» монументі


Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын, күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды.
Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.
Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды.
Пирамида


62х62 метр болатын Пирамиданың негізі құрыштан жасалған. Металл конструкцияларының жалпы салмағы 5 мың 100 тоннаны құрайды. Норман Фостер қаланың күрт континенталды климат жағдайын ескеріп, Пирамида негізін өзгермелі тіректерден құрастырған. Сондықтан да, Астананың ауа температурасы -40 градусқа жеткенде, конструкция 6 сантиметрге қысылып, ғимарат пішінінің бұзылуына жол бермейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет