Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
Дата 13.12.2016 өлшемі 19,56 Kb. #3785
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен , Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! Топқа бөлу «Мозайка» әдісімен үш топқа топтастыру: 1 топ «Бәйшешек» 2 топ «Раушан» 3 топ «Қызғалдақ» Үй тапсырмасы “Ұшқыр ой” 1. Сөздікті, ережелерді жаттау 2. Үстеу дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мағынасына қарай қалай бөлінеді? 3. 138-бет, 3-тапсырманы сұрау Қыс құнар береді, Жаз баптайды, күтеді, Көктем дән себеді, Күз жинайды, тереді. Наурыздың алтысы Сынып жұмысы Көктемде. Мезгіл үстеу Оқып үйренудің мақсаты: Үстеу түрлерін ажырата білуге, сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру. Шағын топтарда тапсырмалар барысында өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге баулу. Оқып үйренудің нәтижесі: Көктем тақырыбында сауатты сөйлейді , жазады, ойларын еркін жеткізеді. Үстеу түрлерін ажырата біледі. Топтық, жұптық жұмысқа бейімделеді, іскерлік дағдылары қалыптасады, шығармашылық ізденіс қабілеттері дамиды. Сабақтың әдіс-тәсілдері Сергіту сәті, «Көтеріңкі көңіл күй», Блум таксономиясы, «Ұшқыр ой», «Мозайка» әдісі (гүлдер) арқылы топтастыру , «Ой қозғау», «Сөйлемдерді аяқта», «Суреттер сөйлейді», «Сөйлемдерді толықтыр», «Семантикалық карта», «Екі жұлдыз, бір тілек». Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, АКТ, суреттер, қима кеспелер, сызбалар, Power Point презентация, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парақшасы Грамматикалық тақырып Үстеулер мағынасына қарай мезгілдік, мекендік, сын -қимыл, мөлшерлік, күшейткіш болып бөлінеді. Мезгіл үстеулер қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді. Қашан? қашаннан бері? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Биыл көктем ерте келді. бүгін . . . Мен кешке . . . әрең . . . Біз ерекше . . . 138- бет, 1- тапсырма Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жаз ертең . . . Мен таңертең . . . тез . . . Біз бірталай . . . 138- бет, 1- тапсырма Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жаз күндіз . . . Мен қазір . . . үнемі . . . Біз босқа . . . Бағалау парақшасына ұпай санын жазып отыр 0 қате - 5 ұпай 1 қате - 4 ұпай 2 қате - 3 ұпай 3 қате - 2 ұпай
«Суреттер сөйлейді» әдісі Сурет бойынша әңгіме құраңдар І топ: Көктемнің ауа райы ІІ топ: Көктемгі еңбек ІІІ топ: Көктемде Бағалау парақшасына ұпай санын жазып отыр Дәптермен жұмыс «Сөйлемдерді толықтыр» әдісі 139-бет, 3-тапсырма ІІІ деңгей: Сөйлемдердегі көп нүктелердің орнын үстеулермен толықтырыңдар ІІ деңгей: Антоним жұптарын көрсетіңдер. Күн . . . жылынады. Қар . . . ериді. Сең . . . жүреді. Құстар . . . ұшып келеді. Керекті сөздер: тез, енді, ерте, кенет ІІІ деңгей Сөйлемдердегі көп нүктелердің орнын үстеулермен толықтырыңдар: Күн енді (қашан?) жылынады. Қар тез (қалай?) ериді. Сең кенет (қалай?) жүреді. Құстар ерте (қашан?) ұшып келеді. ІІІ деңгей Сөйлемдердегі көп нүктелердің орнын үстеулермен толықтырыңдар: 0 қате - 5 ұпай 1 қате - 4 ұпай 2 қате - 3 ұпай 3 қате - 2 ұпай
Кеше - . . . , қазір - . . . , биыл - . . . , жақсы - . . . , жазғытұрым - . . . . Керекті сөздер: бүгін, жаман, қыстыгүні, былтыр , ертең. ІІ деңгей Антоним жұптарын көрсет: Кеше - бүгін , қазір - ертең , биыл - былтыр , жақсы – жаман , жазғытұрым – қыстыгүні . ІІ деңгей Антоним жұптарын көрсет: 0 қате - 5 ұпай 1 қате - 4 ұпай 2 қате - 3 ұпай 3 қате - 2 ұпай
Семантикалық картамен жұмыс Аты-жөні ................................................................................ 5 сынып Семантикалық карта Тексеру 0 қате - 5 ұпай 3-4 қате - 3 ұпай 1-2 қате - 4 ұпай 5 қате - 2 ұпай
Үйге тапсырма Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Үстеуден алған білімді , Ұмытпай есте сақтап алайық. «Көктемде» тақырыбына әңгіме жазу Бағалау парақшасы «Сөйлемдерді аяқта» 1-тапсырма «Суреттер сөйлейді» 2-тапсырма «Сөйлемдерді толықтыр» 3-тапсырма
20 - 25 ұпай – «5» 14 - 19 ұпай – «4» 8 - 13 ұпай – «3» -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Қандай әсер алдыңдар? -Бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік? Достарыңызбен бөлісу: