Мектеп директоры: Т. Байдыбеков



Дата16.11.2023
өлшемі24,18 Kb.
#191498
түріБағдарламасы
Байланысты:
2020 жас түлек
қиын бала бағдар

Бекітемін:
Мектеп директоры: Т.Байдыбеков

Ұйымшыл шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі 2019-2020 оқу жылы


«Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынның бағдарламасы.




Атқарылатын іс-шара

Мерзімі-

Жауапты
мұғалімдер

Уақыты

1

Мерекелік безендіру

1.06.2020

Б.Болатбай
М.Аталықов М




2

«Сыңғырла соңғы қоңырау» арналған ұран сөздер лозунгтер жалаушалармен шарлар ілу

2.06.2020

Тәлімгер






3

Музыка дыбыс күшейткіш, микрофан т.б
дайындау

3.06.2020

Музыкант




4

Қонақтарды шақыру, орындыққа жайғастыру

4.06.2020

Аталықов М






Мерекенің барысы

1

Оқушыларды сапқа тұрғызу

4.06.2020

Сынып жетекшілер

9:00-9:03

2

Салтанатты жиынға туды ендіру

4.06.2020

Жайлаубеков А

9:03-9:05

3

Рапорт беру

4.06.2020

Жайлаубеков А

9:05-9:07

4

Мемлекеттік гимн орындалады

4.06.2020

Музыкант

9:07-9:10

5

1.Мектеп директорына құттықтау сөз
2.Атестаттау
3.4-сынып бағдарламасы
4.Қонақтарға сөз

4.05.2020

Жүргізушілер:
А.Аманбай.
Б.Самет.

9:10-9:20

6

Ән: «Мың алғыс саған-ұстазым!»

4.05.2020




9:20-9:23

7

Алғашқы ұстазға сөз

4.05.2020

Сынып жетекшлері:

9:23-9:25

8

Би: Флешмоб

4.05.2020




9:25-9:28

9

Сынып жетекшісінің құттықтау сөзі

4.05.2020




9:28-9:30

10

«Мұғалімдерге арнау»

4.05.2020




9:30-9:32

11

Ән «Мектебім»

4.05.2020




9:32-9:35

12

Алтын кілтті табыстау

4.05.2020




9:35-9:37

13

Хор «Қош бол,мектебім!»

4.05.2020




9:37-9:40

14

Соңғы қоңырау

4.05.2020




9:40-9:41

15

Қорытындылау Гимн

4.05.2020




9:41-9:43

ДТІЖО: А.Ташболатов


Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Асылбек: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Балғын: Қайырлы күн,қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
Асылбек: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау,арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің,айналайын,халқым менің.
Балғын: Кеше ғана тұлымдары желбіреп,жүректері лүпілдеп,мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,бойы өсіп,алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
Асылбек: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз.Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 11-сынып оқушылары.Алғашқы ұстазы Жұмабаева Зәмира Қожагелдіқызы мен сынып жетекшісі Есимов Мұрат Абайұлы.
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Балғын: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр,өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының гимні орындалсын.
Асылбек: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені,-демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Балғын: Бүгінгі күн ардагер ұстаздарымызда ортамызда:
1.
2.
3.
Асылбек: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,-дей отырып,соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Байдыбеков Төрехан Уалиханұлына беріледі.
Асылбек:Мектебіміздің үздік бітірушісі, «Алтын белгі» үміткері Кеңесбай Бекзат марапатталады
Балғын: Екпінділер: 1.Жұбай Аружан Байғалиқызы
Асылбек: 2.Құдайберген Ақайдын Момынжанқызы
Балғын: 3.Өсірбай Шапағат Уалиханқызы
Асылбек: 4.Сәмет Ақтолқын Сәбиханқызы
Балғын: 5.Үсіпбаева Балнұр
Асылбек: Шарықтап биік қиялым,
Шаттанып шексіз сый алдым
Анадай ұстаз мектебім
Алғысым айтар көп менің!
Ортада 4-сынып бітірушілері. Қарсы алыңызар!
Балғын: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде,
Асыл аға тілегіңді аңсармын,-демекші жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз.
1.
2.
3.
Асылбек: Ән тыңдайық,жадырасын жанымыз,
Құлақ түріп,назар салып бәріміз.
Көңіліміз көтеріліп бір қалсын,
Орындалсын «Ұстаз»атты әніміз,-дей келе Роза Әлқожаның әні «Мың алғыс саған –ұстазым!»
Орындайтын: бітіруші түлек Сматулла Аяжан
Балғын: Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегіме нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып,-деп түлектердің алғашқы ұстазы Жұмабаева Зәмира Қожагелдіқызына сөз беріледі.
Асылбек: Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Заманауи биімізбен жалғасады,
Халайық қол соғыңыз мархабатты,-демекші қыздарымыздың орындауында «Флешмоб» биін тамашалыңыздар.
Балғын: Бапкерсіз шәкірттерге бап келген бе?
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Жеті жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі жетекші бапкерлерде,-деп ,келесі сөз кезегі ұлағатты ұстаз,түлектердің сынып жетекшісі Есимов Мұрат Абайұлына беріледі.
Асылбек: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те,мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында,-деп жүректері лүпіл қаққан ,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
«Мұғалімдерге арнау» авторы: Мұрат Есимов
Балғын: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі қадірлі де,құрметті ата-аналарға береміз.
1.
2.
3.
Асылбек: Білім алдым,сусындадым көктедім,
Білімменен өсті-өнді текті елім.
Алғыс айту,әнге қосу –парызым,
Көзімді ашқан айналайын мектебім,-дей келе әнге кезек берейік.
Ән: «Мектебім» Орындайтын:Өрісбай Шапағат пен Құдайберген Ақайдын
Балғын: Абзал жандар биік тұлға,байсалды,
Құшақ жайып ,төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды,-деп,құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
Асылбек: Алдарыңнан арман жолы ашылады,
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін,
Ізін басар сыныпқа тапсырады,-деп, білімнің алтын кілтін бітіруші түлек «Алтын белгі» үміткері Кеңесбай Бекзат 10-сынып оқушысы, оқу озаты Сәмет Балғынға тапсырады.(музыка әуенімен)

Балғын: Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың,
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің,-деп, хор орындалсын.
Хор: «Қош бол, мектеп!» орындайтын:түлектер
Асылбек: Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу,үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп,тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла,соңғы қоңырау,
Сыңғырла соңғы қоңырау!-деп,мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
Балғын: Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн,
Қоштасады алтын ұя мектебің.
«Сәт-сапар»деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін-дей келе,ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңа тілектеспіз.Жаңа өмірлеріңе ақ жол,сәт –сапар тілейміз!
Асылбек: Осымен 2020 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып,жазғы демалысты жақсы өткізіп,келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет