Мектеп оқушыларының жас ерекшелік кезеңдері



Дата07.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#93822
Байланысты:
Pedagogika №1 top

Мектеп оқушыларының жас ерекшелік кезеңдері

Орындағандар: Абдимуродова Амина

Айденова Жанина

Анарбекова Сара

Ақтөреева Салтанат

Аманқұл Асия


Қорытынды. Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау.
Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады ( өз ақылы немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады ).
Жас өспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру ( “Қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп, орындап шықсам, қабілетті болғаным ” ) . Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлық, даңғойлық – көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т.б. сынап көргісі келуден болады.
Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы – әлеуміттік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп атайды. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болады.

1

О

Қ

3

У

4

Ш

5

Ы

2

Сұрақтары:
  • 11-14,15 жастағы оқушылар қай кезеңге жатады?
  • Педагогикалық тәжрибеде ең қиын кез болатын шақ қайсы шақ?
  • Қай кезеңдегі балалардың салмағы 2-2,7 кг ға өседі?
  • Үш кезеңдегі оқушылардың барлығын кім қадағалап жүреді?
  • Мамандық таңдау қай кезеңдегі оқушыларды ойландырады?

Сөзжұмбақ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет