Мектепалды даярлық топтарда және сыныптарда сабақтарды ұйымдастыру және өткізу 22 сабақ көлемінде базистік оқу жоспары (№1-қосымша) және «5-7 жастағы балаларға арналған мектепалды дайындық» (1999 жыл, Семей қ.) бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныптары мен жалпы білім беретін мектептердегі топтардың жұмыстарын ұйымдастыру барысында “ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы №628 бұйрығымен бекітілген мектепалды даярлық сыныптарының базистік оқу жоспарын басшылыққа алынды.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері түрлі педагогикалық іс-әрекетті дайындық тобының күн тәртібі бойынша іске асырады: таңертеңгі қабылдау, ертеңгілік жаттығу, балалармен қарым-қатынас жасау, сабақтар, серуендеу, тамақтану, ұйқы, гигиеналық және шынықтыру шаралары, еңбек, сюжетті-рөлдік, шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындар, ата-аналармен жұмыс.
Мектепалды даярлық топтарында демалыс уақытында (қаңтар айында 2 апта, наурыз айында 1 апта) сабақтардың орнына ойын, дамытушы және көңіл көтеру іс-әрекеттері жүргізіледі.
Инварианттық бөлімінің апталық жүктемесі 18,5 сағат.
Вариативтік бөліміне балалардың қызығушылығы мен таңдауы бойынша сабақтар кіреді. Оның саны 3,5 сағат. Ата-аналар таңдауы бойынша келесі сабақтар кіреді:
“Би” (автор Кутубаева Т.К.) - 0,5 сағат аптасына – курс балаларды би өнерімен таныстыру, би билеуге үйрету мақсатымен бағыттылған.
“Ұлттық ойындар” (автор Кутубаева Т.К.) – 3 сағат аптасына – ұлттық ойындар арқылы балалардың дене шынықтыруын дамыту мақсатымен осы курс өткізіледі.
Вариативтік бөліміндегі курстардың бары педкеңесте бекітілген (хаттама №1 29.08.2011)
Барынша шектеулі апталық оқу жүктемесі – 22 сағат.