Мектепішілік «Абайды, оқы жалықпа» байқауының бағдарламасы Тақырыбы: Абайды оқы, жалықпа!



бет1/2
Дата06.09.2022
өлшемі31,36 Kb.
#148849
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Абайды оқы, жалықпа атты мәнерлеп оқу сайысы

Мектепішілік « Абайды, оқы жалықпа» байқауының бағдарламасы


Тақырыбы: Абайды оқы, жалықпа!


Мақсаты: талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

Көрнекіліктер: Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітап бұрышы, нақыл сөздер:


1) «Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»


Ғ.Мүсірепов

2) «Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі көргендікпен ұға білуінде жатыр»


К.Семенов

1-жүргізуші: Өнердің түрі көп. Бейнелеу өнері, кино өнері, театр өнері, сурет өнері, сәулет өнері, мүсін өнері, т.б. өнерлердің ішіндегі ең құдіреттісі ол – сөз өнері. 

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Абай Құнанбайұлына арналады.

1-жүргізуші: Жылуы мол жібітердей тоң-тасты,


Жылдар легі жылжып алға жалғасшы.
Жақсылық пен жақсы үміттің ғасыры,
Жылың мынау барады өтіп алғашқы.

2- жүргізуші: Жүректердің жарқылдағай жасыны,


Тыныш өмір-адамзатқа асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры! 

1-жүргізуші: озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл


сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

2-жүргізуші: «Абай оқулары» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты үш номинациясымен таныстырып өтейік.

Бірінші номинация: «Білімдіден шыққан сөз» Абай шығармаларын жатқа айту сайысы (өлеңдері мен қара сөздері)


Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың сайысы.


Үшінші номинация: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» жас дарындар сайысы.

2- жүргізуші: Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Мектеп директорының орынбасары-ЖайлыбайМақсат Рамазанұлы.
2. Мектеп директорының оқу ісінің жөніндегі орынбасары Раимбекова Гульайхан Калиевна.
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі Цой Галина Васильевна.
4. «Абайтану» пәнінің мұғалімі Тулегенов Серік Рустамович.

1- жүргізуші: Әділқазылардың міндеттері:


- қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бес ұпайлық жүйемен 
бағалайды;
- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орынға бөледі;
- қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және 
қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
- қазылар алқасының төрайымы «Абай оқуларының» қорытындысы туралы 
есеп береді.

2-жүргізуші:


Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді мықты әрбір жан.

1- жүргізуші:


Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе 
«Білімдіден шыққан сөз» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.
Ортаға: (қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады). 

2- жүргізуші:


Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ортаға: ( қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады). 

1-жүргізуші: Поэзия!


Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауыртқан таулардан сені іздедім, - деп бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы, жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіп шашады.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.
Ортаға: (қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады). 

2- жүргізуші:


Әділқазылар алқасынан бағаларын берулерін сұраймыз.

1-жүргізуші:


Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.

2- жүргізуші:


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.

1- жүргізуші:


Құттықтау сөз мектеп директоры Жайлыбай Мақсат Рамазанұлына беріледі.
(оқушыларды марапаттау).

2-жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол терңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет