Мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі47,54 Kb.
#97173
  1   2   3   4
Байланысты:
33 пед 17.11


Мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру

  1. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, міндеттері

  2. Адамгершілік тәрбиесінің ұстанымдары

  3. Тәрбиешінің моральдық бейнесі

  4. Ұжымның қалыптасу шарттары

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, міндеттері. Дұрыс ұйымдастырыл-ған тәрбие негізінде адамгершілік сапа мектепке дейінгі балалық шақтан бастап қалыптасады. Адамгершілік сапаның дамуы мектепке дейінгі ұйымдағы үдеріс-тің қаншалықты ойдағыдай жүзеге асуына байланысты. Қазақстан Республика-сы моральдық кодексінің жоғарғы ұстанымдары рухында тәрбиелеу, қажетті адамгершілік сезім мен түсінік дамыту және солардың негізінде қазақстандық мінез-құлық нормаларына лайықты қылықтар қалыптастыру қажет.
Бала ересектердің жанында жүріп жақын адамдармен, құрдастарымен, қоршаған заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасайды, тәрбие алады, қоғам-ның моральдық нормасын игереді. Балалардың әс-әрекеттеріне басшылық жа-сай жүріп, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға жағымды көзқараспен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесу, кейбір іс-әрекетте бел-сенділік және бастамашылдық көрсету сияқты Қазақстан адамдарына маңызды сипаттарды қалыптастырады.
Балаларға берілген дұрыс тәрбие теріс қылықтар жасамауға ықпал етеді, басқа мінез-құлқына теріс әсер ететін дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің (20-сызба) маз-мұнына мыналар кіреді: Отанға, Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт адамдарына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбектерін құрмет-теу, ұжымшылдық, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері жеке адамның жағымды моральдық сапалары.
Тәрбиешінің балалармен жүргізетін барлық білім беру – тәрбие жұмыс-тары адамгершілік тәрбие қалыптасуының негізі болады. Педагог мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып еңбегін, ойынын, оқуын ұйымдастырды, оларға тәрбиелік бағыт береді. Мысалы: балалар ойындарын бақылай жүріп тәрбиеші ойын мазмұнын талдайды, оларға қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына көңіл бөледі; бейнелеу іс-әрекетінен сабақ үстінде балалар қоршаған болмысқа деген өз көзқарасын көрсете алатындай тақырыпты ойластырады; балалрдың еңбегіне басшылық барысында оның адамдар үшін маңызын ескереді. Тәрбиеші күнделікті іс-әрекетте де тәрбие ықпалының көп жақты сипатта болуын қарастырады: серуеннен қайтқан баланы шешіну кезінде тәрбиеші оны өзіне-өзі қызмет етуге, киімін жинауға, заттарға ұқыпты қарауға, жанындағы құрбы-құрдастарына көңіл бөлуге, қайырымды, қамқор болуға үй-ретеді.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндет-тері мыналар:
- балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру;
- мінез-құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру;
- адамгершілік ұғымдарын қалыптастыру;
- мінез-құлық себептерін қалыптастыру.
Бала өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ адамгершілік сезімдерін қалып-тастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасауда оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі пайда болады, үлкендердің нұсқауына сай әре-кет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарды ренжітетін қылықтар жасамау-ға ұмтылады. Бала өзінің жасаған қателігі үшін үлкендердің ренжігенін көрген кезде толқиды, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шырай білдірсе оған қуана-ды. Жасаған жағымды қылық үшін үлкендерден мадақтау, орынсыз қылық үшін ескерту алу балада адамгершілік сезімдер қалытастырудың негізіне айналады. Мектепк дейінгі шақта қалыптасқан қайырымдылық, жаңашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқор-лық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. (20-сызба).
Естияр жаста адамгершілік сезім көбіне саналы бола түседі. Балалардың өзінің туған өлкесін, Қазақстан Республикасы қалыптасуына еңбегі сіңген қай-раткерлерді қадірлеу, еңбек адамдарын құрметтеу сезімдері қалыптасады.
Ересек жаста өзінің адамгершілік борышын сезіну, әділеттіліктің, адамды құрметтеудің бастамасы, өзіне тапсырылған жұмысқы деген жауапкершілік тәрбиеленеді.
Балаларда туған өлкесін, Отанын сүю, басқа ұлттардың адамдарын құр-меттеу сияқты патриоттық сезім тәрбиелеудің ерекше маңызы бар.
Мектепке дейінгі балаларда еліктегіш, мінез-құлық еркіндігі жеткілікті дамымаған, өз қимылын бақылай білмейді, олардың адамгершілік мазмұнын тү-сіне алмауына байланысты ұнамсыз қылықтарға апарып соқтыруы мүмкін. Пе-дагог балаларда мінез-құлық нормасына айналатын үлкендерге құрмет, қатарла-рымен дұрыс қарым-қатынас жасау, заттарға ұқыпты қарау сияқты мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
Естияр жаста мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық сақтау, тәртіпті болу, еңбек ету дағдысы қалыптаса береді.
Ересек жаста қалыптасқан адамгершілік дағдылар мен әдеттер берік бола түседі.
Балалар қоғамның моральдық нормалары туралы түсінеді. Педагог мінез-құлықтың адамгершілік дағдылары мен әдеттеріне баулиды. Балалардың адам-гершілік түсініктерін дамыту педагогтың міндеті. Ол нені қалай істеу керек екендігін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы, «Өз заттарына ұқыпты қа-райтын, жануарлар мен өсімдіктерді күтетін, үлкендерге көмектесетін балалар - «тәртіпті, жақсы балалар» немесе «Жақсы бала өзінің досын ренжітпейді, ойнау үшін ойыншығын береді, бірге ойнауға шақырады, үлкендердің тапсырмасын бірге орындайды» - дейді. Осындай нақты түсіндірулер балаларға қайырымды, сыпайы, әділ, қарапайым, қамқоршыл т.б. жалпы моральдық ұғымдарды бірте-бірте түсінуге көмектеседі.
Адамгершіліктің мазмұнына мына түсініктер жатады:
- қоғамдық өмірдегі құбылыстар;
- адамдардың еңбегі;
- еңбектің қоғамдық маңызы мен ұжымдық сипаты;
- патриотизм мен азаматтық;
- құрбы-құрдастар ұжымындағы мінез-құлық нормалары (неге ойыншық-тарды бөлісіп ойнау керек, бір-бірімен қалай келісіп сөйлесу керек, сәбилерге қандай қамқорлық жасау керек т.б.);
- үлкендерге құрметпен қарым-қатынас жасау.
Ересек жастағы балаларда жолдастарына қамқарлық жасау, ұжым үшін еңбектену, жақындарына сыйлық жасау сияқты жеке адамның қоғамдық бағыт-тағы қылығын бейнелейтін мінез-құлық нормаларын қалыптастыру маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет