Мектепте тек қана бір мақсат-білім беру



Дата03.02.2017
өлшемі21,41 Kb.
#8682

Надирбеков Ойбек

  • Надирбеков Ойбек
  • Ашық сабақ: «Жеті жарғы» заңы

Мектепте тек қана бір мақсат-білім беру

  • Мектепте тек қана бір мақсат-білім беру
  • Мұғалімде тек қана бір мақсат–сапалы сабақ
  • Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
  • Жай мұғалім хабарлайды
  • Жақсы мұғалім түсіндіреді
  • Керемет мұғалім көрсетеді
  • Ұлы мұғалім шабыттандырады
  • Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.
  • Жеті жарғы заңы.
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, «Жеті жарғы» заңдарымен қазақтың үш биі туралы мәліметтермен оқушыларды таныстыру.
  • Дамытушылық: Тәуке хан еңбектері туралы білімдерін одан ары дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
  • Тәрбиелік: Тәуке хан бейнесі арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.
  • Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сурет, сызба, таратпа материалдар, электрон оқулықтар, видеотаспа.
  • Сабақтың типі: Жаңа білім беру, тарихи білім беруді жаңғырту.
  • Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.
  • Сабақтың барысы:
  • І. Ұйымдастаыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.
  •  
  • ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:
  • 1. Оқушы: Хандық үкіметтің басқару жүйесі.
  • 2. Оқушы: Қазақ қоғамындағы хан сайлауы.
  • 3. Оқушы: Хан кеңесіңде.
  • 4. Оқушы: Ұлыстық құрам.
  • 5. Оқушы: Әлеуметтік құрамы.
  • 6. Оқушы: Қарапайым халық.
  • Тақырыбы:
  • «Жеті жарғы» заңы
  • және қазақ қоғамы

Тақырыптың өзектілігі:

  • Тақырыптың өзектілігі:
  • Тәуке ханның «Жеті жарғысы» тәуелсіз қазақтың таза ұлттық мемлекетінің алғашқы Ата заңы бола тұра, болашақта әлі де толық зерттеуді, іздестіруді қажет ететіндігінде.
  • ІІІ. Жаңа білім беру.
  • Жоспары:
  • Жеті жарғы заңын оқушылар түсіндіреді.
  • Мұғалім қорытындылайды.
  • Жеті жарғы бөлімдері
  • Мәні мен мазмұны
  • Қыстау, жайлау, жайылым, жерді иелену, көші-қон мәселелері, ата-бабасынан бері иленіп келген халықтың келісімінсіз басқаға бермеу, сатуға болмайтын туралы
  • ІІ Үй іші мен бала тәрбиелеу
  • Отбасы, үй ішіндегі тіршілікке байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасы, әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қатынас. Үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған заңдар:
  • Некеге отырудың шарты – 13 жас. Екінші шарт – жұбайлардың 7 атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы;
  • Ата-анасы өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды;
  • Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары туыстарының қамқорлығына беріледі;
  • ІІІ Ұрлық, барымта
  • Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар:
  • Ұрлық үшін 3 тоғыз (27) төлеу, бұл жаза айбана деп (100 түйе-300 жылқыға немесе 1000 қойға тең) аталады;
  • ІҮ Бір халықпен басқару арасындағы дау
  • Ел мен ел, халық, ру арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешетін зандар:
  • 13 жасқа толмаған балалар қылмыстық жауапқа тартылмаған.
  • Соттау құқығы ханның, билер мен ру басыларының қолында болды;
  • Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің бір бөлігі берілуге тиіс;
  • Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлеу;
  • Әйелді зорлағандарды өлім жазасына кесу;
  • Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бшлай істеуден бас тартса, қорлағаны үшін құн төлеу;
  • 7 куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіру;
  • Ү Ұлтын жаудан қорғау
  • Отан қорғау, ел бірлігін сақтау, жасақ құру, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.
  • Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халықтық істерді талқылау үшін күзде жиналуы қажет;
  • Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы боолмайды және оған жасы кішілер орын бермейді.
  • ҮІ Жесір дауы
  • Шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты тал ап ету, ерінен айырылған әйелдердің мәселелері туралы баптар.
  • ҮІІ Құн дауы
  • Кісі өлімі, адам денесіне зақым келтіру, «қанға-қан», «қанды кек», «ескіден келе жтқан жау» дегенде бірден ойға оралатын қатігездікті жұмсартудың жолын қарастырған, құн төлеумен белгіленетін заңдар:
  • Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.
  • Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін 500қой;
  • Дене мүшелерінің құны: бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой; Өлтірілген тазы мен бүркіт үшін иесі құл немесе күң талап етеді.
  • «Билер кеңесі» негізінде Түркістан қаласы жанында Битөбе, Сайрам қаласының маңында Мәртөбе және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде шақырылып тұрған.
  • Ұлы билер
  • Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.
  • Төле би (1663-1756). Жамбыл обылысы, Шу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен хат танып сауатын ашқан, тарихи кітаптарды, аңыз-әңгімелерді көп оқыған. 15 жасынан-ақ ел билігіе араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Жас кезінен талай атақты абыз-билердің алдынан өтіп, батасын алған.
  • Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764). Сырдария жағалауында бір ауылында туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Ол ел арасындағы айтылып жүрген мақал-мәтел, нақыл сөздерді, шешен, билердің ұтымды билік келісімдерін жадында сақтап өседі.
  • Әйтеке би (1682-1766). Шын аты – Айтық. Кіші жүзден шыққын қазақтың атақты шешен биі. Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Әйтеке биге шешендік, тапқырлық өнер жас кезінен-ақ дарыған екен. Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт-дәстүрін сақтап қалуда аса зор еңбек сіңірді.
  • Қазіргі таңда билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы
  • билеріміздей болса, халқымыз да қандай өнегелі ел болар еді.
  • Сөйлем
  • Дұрыс
  • Қате
  • 1
  • Тәуке хан 1680-1731 жылдары билік құрды
  • +
  • 2
  • 1710 жылы Қарақұм жиыны өткізілді
  • +
  • 3
  • «жарғы» сөзі «әділдік» ұғымын білдірген
  • +
  • 4
  • Билер кеңесі Түркістанда өткізілді
  • +
  • 5
  • Тәуке хан ел билеуде билерге арқа сүйеді
  • +
  • 6
  • Тәуке хан тұсында жасалған заң жинағы Қасқа жол деп аталды
  • +
  • ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. 1. Дискуссиялық өрнек.

2. Математикалық ойын

  • 2. Математикалық ойын
  • І топ.
  • 1. 400х4+347=..............
  • 2. 2800+105-920=.................
  • 3. 3800/2+91= ...........................
  • ІІ топ.
  • 500х3+454=...............................
  • 4000/2-8= ..................................
  • 800х2+393= .............................
  • ІІІ топ.
  • 996х2+3=.....................................
  • 410х5-39= ...............................................
  • 980х2+1=.......................................
  • Математикалық ойын
  • І топ.
  • 1. 400х4+347=1947 (карточкалық жүй жойылды)
  • 2. 2800+105-920=1985 (Горбачев келді билік басына)
  • 3. 3800/2+91= 1991 (Тәуелсіздік жылдары)
  • ІІ топ.
  • 500х3+454=1954 (тың игеру жылы)
  • 4000/2-8= 1992(БҰҰ мүше болды)
  • 800х2+393= 1993 (теңге жылы)
  • ІІІ топ.
  • 996х2+3=1995 (конституция жылы)
  • 410х5-39= 2011 (Азияда болды)
  • 980х2+1=1961 (Ю.Гагарин ғарышқа ұшты)
  • Ү. Үй тапсырмасы. Үш би туралы мәлімет әкелу.
  • ҮІ. Бағалау-қорытындылау.
  • Тәрбиелілік мазмұнын ашу. Адам ғұмырының мәні
  • өмірінің ұзақтығымен емес, соңында қалдырған
  • өнегелі үлгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен
  • өлшенеді.
  • (Мұрат Иман Жапар).
  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • “Жаңақала ауданының тарихи танымдық анықтамалығы”
  • “Көркем суретті Қазақстан тарихы”
  • С. Әбдірайымов “Қазақ қалай аштыққа ұшырады?”
  • С. Садуақасұлы “Танымдық зерттеулер, мақалалар”
  • З. Қыстаубаев “Қызылдар қырғыны”
  • С. Ртаев “Тарих, қоғамтану және право негіздері пәндерінің терминологиялық сөздігі”
  • Б. Қойшыбаев “Жазықсыз жапа шеккендер”
  • Т. Омарбеков “Зобалаң”
  • М. Қойгелдиев “Тарих тағылымы не дейді?”
  • Х. Сейткемелов “Шұбырынды қанды босқын”
  • М. Шоқай “Түркістанның қилы тағдыры”
  • С. Қожанов “Алаш орда”
  • Назарларыңызға
  • рахмет!

Каталог: uploads -> doc -> 027a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
027a -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көктемгі табиғат туралы түсініктерін беру
027a -> Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты
027a -> Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың білімдерін дамыту. ә Пәнге қызығушылығын арттыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет